Тексерген: Джанкадыров С. С



бет14/28
Дата05.12.2023
өлшемі106.55 Kb.
#485490
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
философия термин

Бітіру жұмысын қорғау – білім алушының мемлекеттік аттестаттау комиссиясының/диссертациялық кеңестің отырысында аяқталған дипломдық жұмысты(жобаны)/магистрлік немесе докторлық диссертацияны көпшілік алдында ұсынуы және қорғауы, оның қорытындысы бойынша дәреже беру туралы шешім қабылданады.

  • Жеке білім беру траекториясы - жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын меңгеру шеңберінде білім алушының жеке оқу жоспарына сәйкес білім беру мазмұнын дербес таңдау, жоспарлау және игеру.

  • Жеке оқу жоспары (ЖОЖ) – білім беру бағдарламасы және элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына білім алушының білім беру траекториясын көрсететін құжат.

  • Магистранттың/докторанттың жеке жұмыс жоспары - білім беру бағдарламасы мен элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына қалыптасатын білім беру бағдарламаларын меңгеру оқу (Теориялық оқыту) және зерттеу (ғылыми-зерттеу/ эксперименттік-зерттеу жұмысы) траекториясын көрсететін құжат.

  • Қашықтықтан оқытудың ақпараттық технологиясы - оқу материалдарын электронды тасымалдауыштарда жасау, беру және сақтау технологиясы, оқу процесін ұйымдастыру және сүйемелдеудің ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялары.

  • Ақпараттық-білім беру порталы - ҚОТ бойынша білім беру процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әкімшілік-академиялық оқу-әдістемелік ақпаратты қамтитын ақпараттық ресурстар мен Интернет сервистерінің жүйелі-ұйымдастырылған өзара байланысты жиынтығы.

  • Ақпараттық-білім беру ресурстары - білім беру сипатындағы формаланған идеялар мен білімдер, әртүрлі мәліметтер, оларды жинақтау әдістері мен құралдары, ақпарат көздері мен тұтынушылары арасында сақтау және алмасу.

  • Зерттеу практикасы - отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен, тәжірибелік деректерді өңдеу және интерпретациялаумен танысу, сондай-ақ оларды диссертациялық зерттеуде қолданудың практикалық дағдыларын бекіту мақсатында магистратура және докторантура білім алушыларының кәсіби тәжірибесінің түрі.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет