Кредиттік ұтқырлық – Академиялық кредиттер жинақтау мақсатында білім алушылардың өз ЖОО - да жалғасып жатқан оқу шеңберінде шет елдерде оқу немесе тағылымдамадан өту мерзіміне ауысуы - (ұтқырлық кезеңінен кейін студенттер оқуды аяқтау үшін өз білім беру ұйымына қайтарылады);
Куратор – білім алушылардың тәрбиесі, бос уақытының ұйымдастырылуы, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары бойынша мәселелерді шешу үшін тағайындалатын оқытушы; бір тұлға куратор мен эдвайзер функцияларын қатар атқаруы мүмкін.
Жазғы семестр – білім алушылардың қосымша оқуға қажеттілігін қанағаттандыру, академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою, оқу пәндерін зерделеу және басқа білім беру ұйымдарында білім алушылардың кредиттерін игеру үшін, оларды өз жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында міндетті түрде қайта есепке ала отырып, үлгерімнің орташа балын (GPA) арттыру, аралас немесе қосымша білім беру бағдарламасын игеру үшін оның ішінде басқа жоғары оқу орындарымен және т. б. келісім бойынша екі дипломды білім беруде ұйымдастырылатын оқу жылы шеңберінен тыс академиялық кезең.
Магистратура (Master ' s Degree Programme) – магистратура – кемінде 60-120 академиялық кредиттерді міндетті түрде игере отырып, тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейі;
- ғылыми-педагогикалық магистратурада барлық оқу кезеңінде кемінде 120 академиялық кредит, соның ішінде магистранттың оқу және ғылыми қызметінің барлық түрлерін қосқанда;
- бейіндік магистратурада 1 жыл оқу мерзімімен кемінде 60 академиялық кредит және 1,5 жыл оқу мерзімімен кемінде 90 академиялық кредит.
Магистр ( Master) – магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғаларға берілетін дәреже.
Магистрлік диссертация – ғылым мен техниканың заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген, ғылыми-педагогикалық магистратура таңдаған білім беру бағдарламасы саласындағы өзекті мәселенің теориялық және/немесе практикалық әзірлемелерін қамтитын өзіндік ғылыми зерттеу болып табылатын магистранттың бітіру жұмысы.
Магистрлік жоба – таңдалған білім беру бағдарламасының өзекті проблемасының қолданбалы есебін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және/немесе эксперименталдық нәтижелері бар өзіндік зерттеу болып табылатын магистранттың бітіру жұмысы.
Достарыңызбен бөлісу: |