Тексерген: Шакибаев Мақсат


Нарықтық жағдайда сынақтау



бет4/4
Дата20.05.2022
өлшемі23.69 Kb.
#458385
1   2   3   4
Оспан Жалғасбай ККТТ-201 СРСП 7-8 (1) (копия)

Нарықтық жағдайда сынақтау
Егер автомобиль функционалдық сынақ пен тексеру кезінде тұтынушылар талқысынан табысты өткен болса, нарықтық жағдайда сынақтан өткізу үшін фирма машиналардың шамалы партиясын шығарады. Бұл кезеңде тауар және маркетингілік бағдарлама реалды пайдалануға жақын жағдайда сынақталып, машинаның басқарылуы, оны пайдалану ерекшеліктері және қайтара сату проблемалары туралы тұтынушылар мен дилерлердің көзқарастарын білу және нарық мөлшерін анықтау жұмыстары орындалады.
Нарықтық жағдайда сынақтау әдістері тауар түрлеріне байланысты өзгертіліп отырады. Көпшілікқолды фасовкаланған тауарларды сынақтан өткізуші фирманың тұтынушылары оны қашан және қандай жиілікте алатыны туралы шамалы деректерді білгісі келетіні сөзсіз түсінікті. Осындай негізгі бағалау деректерді арқылы жалпы өткізудің болжамын жасауға болады. Фирма бағалау көрсеткіштері жоғары болады деп сенеді. Дегенмен, тауарды байқап көрген тұтынушылардың көпшілігі бірқатар қанағаттанбағандығын білдіріп, қайтара сатып алуды тоқтатады. Қайтара сатып алу бір рет орындалғаннан кейін қайталанбауы мүмкін. Немесе тауардың жоғары бағалануы тауардың сатып алу жиілілігімен үйлеспеуі мүмкін, себебі, сатып алушылар тауарды тек ерекше жағдайларда пайдалануға шешім қабылдайды.
Коммерциялық өндірісті өрістету
Нарықтық жағдайда жүргізілген сынақ басқарушылардың жаңа тауарды шығарудың орындылығы туралы соңғы шешім қабылдауға қажетті ақпарат көлемін береді. Егер фирма коммерциялық өндірісті өрістеткісі келсе, ол көп шығындануға тиіс. Ия тұтас өндіріс кешенін салуы керек, ия оны жалға алуы керек. Оның үстіне, фасовкаланған көпшілікқолды тауарды жағдайларындағы сияқты жаңалықты
Жарнамалауға және өткізуді ынталандыруға бір жыл аралығында 10 млн. – 50 млн. долл. дейін қажет болуы мүмкін.
Нарыққа жаңа тауармен шығарда фирма қашан, кімге және оны қалай ұсынатынын шешуі керек.
ҚАШАН. Біріншіден, жаңалықты нарыққа уақытылы шығару туралы шешім қабылдау керек. Егер электромобиль фирманың басқа модельдерін өткізуге кесірін тигізетін болса, оны шығаруды кейінге қалдырған жөн болар. Егер электромобиль конструкциясына қосымша жетілдірулер қажет болса, фирма оны нарыққа шығаруды келесі жылға қалдырғанды жөн көруі мүмкін. Фирма экономикасы тоқыраулық жағдайда болса, жаңалықты шығаруды кідіртуі де ықтимал.
ҚАЙДА. Фирма тауарды қайбір жерде не бір регионда, бірнеше регионда, жалпыұлттық масштабта, не халықаралық масштабта шығару туралы шешім қабылдауға міндетті. Жаңалықпен бірден бүкілұлттық нарыққа шығуға фирмалардың қайсы бірінің сенімі де, қаражаты да және мүмкіншілігі де болмайды. Әдетте, олар нарықтарды кезекті түрде игерудің уақытша кестесін жасайды. Оның ішінде кішкентай фирмалар өздеріне ұнаған қалаларды таңдап, оның нарқына шығу үшін блиц компания өткізеді. Одан кейін осы әдіспен басқа қалалардың нарықтағы бірінен соң бірі итеріледі. Ірі фирмалар жаңалықтарды әуелі қайбір региондардың біріне, содан кейін келесісіне шығарады. Автомобиль корпорациялары сияқты бүкілұлттық тарату жүйелері бар фирмалар, өз моделдерін бірден бүкілұлттық нарыққа жиі ұсынады.
КІМГЕ. Бірте–бірте игерілетін нарық топтарынан фирма ең пайдалыларын таңдауға міндетті және өзінің өткізуді ынталандыру әрекеттерінің негіздерін осыларға шоғырландыруға тиіс. Сонымен қатар, фирма жаңалықты нарықтық жағдайда сынақтың нәтижесінің деректерін пайдаланып, нарық сегменттерін бірінші дәрежедегі маңыздылығының ретіне қарай оның профилін құрастыруы ықтимал. Көпшілік пайдалану тауарлары нарқынық бірінші дәрежедегі сегменттері идеалды түрде төрт сипаттамаларға ие болуы керек: 1) ертеректегі жол қуушылардан құралуы керек. 2) бұл алғашқы жол қуушылар активті тұтынушылар болуға міндетті. 3) олар пікірлер лидерлері және тауар туралы ұнамды ойда болуға тиіс. 4) оларды қамту көп шығынсыз орындалуы керек.
ҚАЛАЙ. Фирма жаңалықтарды нарықтарға бірте–бірте шығару әрекеттерінің жоспарын дайындауы керек. Маркетинг кешенінің әртүрлі элементтеріне және басқа шараларға қажетті сметаны құрастыруы керек.
Электромобильді нарыққа шығарардан бұрын, машиналардың демонстрациялау залдарына келгеннен бастап дереу насихаттау компаниясы ұйымдастырылуы мүмкін, сонымен қатар демзалға келушілердің санын көбейту мақсатында сувенирлер ұсынылуы мүмкін. Әр жеке жаңа нарыққа фирма жеке маркетинг жоспарын дайындау керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет