Идеяны таңдау
Идеяны құрастыру әрекетінің мақсаты мүмкіншілігінше олардың санын көбейту. Келесі кезеңнін мақсаты – оның санын қысқарту. Бұл жолдағы бірінші қадам – идеяларды таңдау.
Таңдау мақсаты – жарамсыз идеяларды мүмкіншілігінше ерте тауып шығарып тастау. Көпшілік фирмаларда мамандар жаңалық идеялар мазмұндамаларын стандартты бланктерге жазып, кейіннен жаңа тауарлар комиссиясы қарауына тапсырады. Мұндай тапсырыста тауар суреттемесі, мақсатты нарық және бәсекелестер, нарық мөлшері туралы долбарлы шамалаулар, жаңалықты дайындап шығаруға қажетті уақыт ұзеқтығы және жұмыс құны, оны өндіру құны және табыс нормасы көрсетіледі.
Ниетті дайындау және оны тексеру
Енді таңдаудан кейін сақталған идеяларды тауар ниетіне асыру керек. Идея, ниет және тауар бейнесі аралық айырмашылықтарын дәл белгілеудің маңызы зор. Тауар идеясы – фирма пікірі бойынша оның нарыққа ұсынуы мүмкін тауар туралы жалпы түсінік. Тауар ниеті – тұтынушыға маңызды түсініктеме түрінде келтірілген идеяның өңделген варианты. Тауар бейнесі – реальды бар не потенциалды тауар туралы тұтынушының қалыптасқан нақтылы түсінігі.
Тауар ниетін дайындау. Тауар идеясын тұтынушылар сатып алмайды. Олар тауардың ниетін сатып алады. Нарық қайраткерінің міндеті – идеяны бірқатар альтернативті ниет сатысына дейін зерттеу, олардың салыстырмалы тартымдылығын бағалау және олардың жақсысын таңдау.
Тауар ниетінтексеру. Ниетті тексеру үшін өткен варианттарын қажетке мақсатты тұтынушылар тобына ұсынып тексеруден өткізеді.
Маркетинг стратегиясын дайындау
Маркетинг стратегиясын мазмұндамалау үш бөлімнен құралады. Бірінші бөлімінде мақсатты нарықтың құрылымы және мінезі туралы мөлшерлі сипаттамалар, тауарды позициялау туралы ойлар және де сату көлемінің көрсеткіштері, нарық бөлігі және жақын жылдардағы табыс мөлшері көрсетіледі.
Маркетинг стратегиясының екінші бөлігінің мазмұндамасында тауардың келешектегі бағасы туралы жалпы мағлұматтар, оны таратудың жалпы жолдары, маркетинг шығынының бірінші жылға келетін сметасы баяндалуы керек.
Маркетинг стратегиясының үшінші бөлімінің мазмұндамасында өткізу және табыс көрсеткіштерінің перспективалық мақсаттары және маркетинг шешімін құрастыруға қажетті стратегиялық жол көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |