Тексерген: Шакибаев Мақсат


Өндіріс және өткізу мүмкіншіліктерін талдау



бет3/4
Дата20.05.2022
өлшемі23.69 Kb.
#458385
1   2   3   4
Оспан Жалғасбай ККТТ-201 СРСП 7-8 (1) (копия)

Өндіріс және өткізу мүмкіншіліктерін талдау
Тауар ниетін және маркетинг стратегиясы туралы шешім қабылдағаннан кейін, басшылар ұсыныстың іскерлік тартымдылығын бағалауға кірісуіне болады. Ол үшін бақылауға белгіленген сату, шығын және табыс көрсеткіштерін талдап, олардың фирма мақсатына сәйкестігін не сәйкес еместігін анықтайды. Егер талдау нәтижесі қанағаттанарлықтай болса, тауарды дайындау кезеңіне тікелей кірісуге болады.
Тауарды дайындау
Зерттеу және дайындау бөлімі тауар ниетінің физикалық түрде көрсетілетін бір немесе бірнеше варианттарын жасап, оны мынадай критерийлерді қанағаттандыратын түп тұлға үмітінде пайдаланады:

1) Оны тұтынушылар тауар ниетінің мазмұндамасында жазылған барлық негізгі қасиеттерді сақтаушы ретінде қабылдайды


2) Ол қауіпсіз және әдеттегі жағдайларда, әдетті түрде пайдаланғанда ол сенімді түрде жұмыс атқарады.
3) Оның өзіндік құны өндірістің жобаланған сметалық шығын шегінен сырт шықпайды.
Сәтті түп тұлға жасау үшін күндер, апталар, айлар, тіпте жылдар өтуі мүмкін. Ол өзіне барлық қажетті функционалдық сипаттамаларды іске асырумен қатар барлық есептегі психологиялық сипаттамаларға ие болуға тиіс. Мысалға, электромобиль тұтынушыларға берік жасалған және қауіпсіз машина ретінде ой қалдыруы керек. Басшылар, автомобильдің берік жасалғандығын нақ қалай шешетіндігін анықтау керек. Мысалға, кейбіреулер есікті қатты жауып, оның қандай дыбыс шығаратынын тыңдауды әдет тұтқан.Егер жабылған есік дыбысы «байсалсыз» болса, тұтынушы бұл машина жаман жасалған деп санайды.
Түп тұлғаға дайын болғаннан кейін оны сынақтан өткізу керек. Машина жұмысының қауіпсіз және тиімді екніне көз жеткізу үшін түп тұлғаның функционалдық сынақтарын лабораториялық және пайдалану жағдайларында да өткізеді. Жаңа автомобиль жақсы қотталауы, оның шиналары жапырылмауы, ол бұрылыстарда төңкерілмеуі керек. Тұтынушылар көзінше өткізілетін сынақ кезінде, клиенттердің автомобильге мінуін сұрап, сынақ жүріс кезінде олардың жалпы машина және оның жеке қасиеттері туралы баға берулерін сұрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет