Телебағдарламаларды редакциялаудың негіздері



бет2/2
Дата13.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#131733
1   2

Хронометраж: 15 минут


Қайталануы: аптасына екі рет

Аудиториясы: декреттік демалыстағы аналар, келешек ұрпақ тәрбиесіне мән беретін басқа да үй шаруасындағы әйелдер.

Әрбір ана (егер ол бірінші рет босанған болса) баласын тәрбиелеу мен өсіруде көптеген сұрақтарға жауап іздейді. Олар әр түрлі: техникалық түрдегі сұрақтардан қомақты сұрақтарға дейінгі мәселелерді қамтиды. Көптеген аналар бала тәрбиесіне арналған әдебиеттерді сағаттап оқиды. Сонда да ақпарат өте аз және жас аналар барлық кеңеске құлақ асады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты.



  • Бала тәрбиесіне байланысты дұрыс кеңес беру;

  • Аналарға өсіп келе жатқан баласынң мінез-құлқын анықтауға мүмкіндік беру;

  • Тәрбиелік методикалармен жұмыс жасау;

  • Қай жағдайда ана өзі шешім қабылдай алады, ал қай кезде маманның көмегі қажет екенін айқындауға көмек беру;

  • Жас аналарға көмек көрсету.

Кеңес уақытында «Мамина школа» бағдарламасы үлкен сұранысқа ие болды. Қазіргі кезде де жас аналар мамандар кеңесін қажет етеді, теледидар бағдарламаларын да зор ынтамен тыңдайды.

Айдарлар:



  1. «Малыш» – жаңа туған нәрестелер мәселесіне арналған айдар. Қалай тамақтандыру, жақсы ұйықтау үшін не істеу керектігі жөнінде материалдар;

  2. «Домашний доктор» – медициналық айдар. Дәрігер кеңестері;

  3. «Спокойствие, только спокойствие» – психолог кеңестері;

  4. «Методичка» – тәрбиелік әдістемелер таңдауға мүмкіндік береді;

  5. «Папин день» - әкелерге арналған айдар;

  6. «Домашняя кухня» – түрлі жас аралығындағы балалардың тамақтануы;

  7. «Советы из сундука» - әжелердің кеңесі;

  8. «Разные дети» – ақыл-есі жетілмеген балалар жайындағы айдар.

Өзіміз байқап отырғандай, бұл өтінішті кәсіби журналист дайындаған.

Егер автор теледидарға жаңа келген болса, оны міндетті түрде теледидар бағдарламасын дайындау технологиясымен, әдеби сценарийдің түрлі формаларымен таныстыру қажет.

Автормен танысу үшін онымен келіссөз жүргізу керек.

Бағдарлама дайындауда режиссер мен оператордың қызметі ерекше.

Автор ұсынған өтініш, сценарий мен материал редактор тұрғысынан жақсы қабылдануы тиіс. Редактор оператор қарым-қатынасы сценариймен жұмыс жасау кезінде үзілмеуі тиіс. Редактор кеңестерімен авторға көмек береді. Сценарий экранға шығуға арналады, сондықтан редактор тәжірибесінің жалпы қабылданған әдістерімен шектелу жеткіліксіз. Редактор авторды бейнематериалмен таныстырады, түрлі ұйымдарға, мұражай архивтерге еркін кіре алуына жағдай жасау керек.

Сценарийдің редакторлық сараптамасы оның автормен ары қарайғы қарым-қатынасының характерін айқындайды.

Теледидар тәжірибесінде редактор автор-маманның пікіріне құлақ салатын кездер аз болмаған.

Бірақ осыған қарамастан, редактор жұмысының жауапкершелі мол.

Әдеби өңдеу аяқталғанымен, автор мен редактордың жұмысы аяқталмайды. Автор бейнелік материалдар таңдауға қатысады, синхрондық сьемкалар өткізеді, сценарийдің дұрыс орындалуын қадағалайды, жетіспеген жерлеріне түзетулер мен өзгертулер енгізеді.

Жедел түрдегі бағдарламаларға тұрақты, әрі тәжірибелі авторды алған жөн. Ол жұмысты әлдеқайда жеңілдетеді.

Редактордың міндеті мен қызметі әрдайым өзгеріп отырады. Аудиторияның әр түрлілігі мен көптігі эфирге шығып отырған адамнан көп нәрсені талап етеді. Ең алдымен, ол өз пәнін жақсы меңгеру керек. Даралық, шынайылық аудитория ойын жетілдіреді. Мысалы, кей кезде эфирдегі адам дұрыс сөйлеп тұрса да, оның көздері мүлде басқа нәрсені айтып тұрғандай болады. Тақырыпқа деген мұндай үстірт көзқарас көрерменге де беріледі. Мұндай қателікті болдырмау үшін редактор бағдарлама мазмұнына аса көңіл бөлуі қажет. Экранға шығуының беделі де үлкен роль ойнайды.

Газеттің жарияланымды оқырман ойының күші мен тереңдігіне байланысты бағалайды. Ал теледидарда оған тағы бір аспект қосылады: ол эфирдегі адамның бет-әлпеті, өзін-өзі камера алдында ұстауы. Редактор бұл жерде хабар кейіпкерін режиссермен бірігіп таңдауы қажет.

Автор – жүргізуші таңдалған кезде, редактор онымен экранда көтерілетін мәселе төңірегінде ой қозғайды, бағдарлама уақытын және т. б. белгілейді.

Репортажға негізделген бағдарламалардың негізгі міндеті – деректі материал берудің драматургиялық формасын іздеу. Тек қана съемка обьектілерін таңдап қоймай, мәселе зерттелуінің негізгі бағытын анықтау қажет.

Соңғы жылдары теледидар тәжірибесінде жүргізушінің жаңа типі – модератор пайда болды. Ол – теледебаттар мен түрлі дискуссиялар, телемост, ток-шоу жүргізушісі. Алайда, оның қызметі әлі толық белгіленбеген. Егер сөздің этимологиясына үңілер болсақ, латын тілінің музыкалық терминіне сәйкес келеді.

Модератор – бағдарлама компоненттерін бір жерге жинақтайтын тележүргізуші деп те айтуға болады. Модератордың басты ережесі – дискуссия жүргізушісі оның қатысушысы бола алмайды. Қатысушыларға кедергі жасамай, ол уақыттың адал бөлінуін қадағалайды. Ол сұрақ қоя алады, түсінбеген жерін нақтылап сұрай алады.

Дискуссиялық бағдарламаларда журналист репортер сияқты іздеу жүргізеді, бірақ ол дерек емес, ақиқат іздейді.

Бұл мамандық бізге Батыстан келді. Ол жақта журналист-модератор жүргізетін бағдарламаның беделі өте жоғары, ол ең танымал бағдарламалар болып есептеледі. Біздің журналистерге өз білімдерін шыңдай түскен қажет. Қазіргі кезде модератор ролін кәсіби тележурналистер ғана атқара алады.

Телебағдарлама жүргізушілері туралы айта келе, қазіргі кездегі ең танымал шоумен мамандығына тоқталып өтейік. Шоу дегеніміз – қойылым. Ал «ток-шоу» ұғымы «сөздік қойылым» дегенді білдіреді. Шоуменнің актерлік қабілеті жоғары болуы тиіс. Қарым-қатынас орнату, жылдам реакция ол үшін аса қажет қасиеттер. Мұндай бағдарламалар әр түрлі бола алады. Бірақ оларды қабылдау әлдеқайда оңайырақ. Ток-шоуға қажетті нәрсе – оның қатысушылары болуы шарт. Жүргізуші мен кейіпкерлерден басқа, оны бағалайтын эксперттер міндетті түрде керек. Мысалы, АҚШ-та көп жылдар бойы «Шоу Опры», «Донахью шоу» бағдарламалары өткізіліп келеді.

60-шы жылдар мен 70-ші жылдың басында Валентина Леонтьевнаның «От всей души» бағдарламасы аса танымал, әрі беделді болды. Ол өз жанрлық талаптарына сай еді. Бірақ ол кезде біз «ток-шоу» сөзін білмедік. Қазіргі кезде ОРТ арнасында «Ищу тебя» бағдарламасын Игорь Кваша жақсы жүргізіп келеді.

Ал, В. Леонтьева бастапқы бағдарламаның авторы болған емес. Ол тек қана диктор, СССР-дің халық әртісі. Бағдарламаның көп жері оның әртістік қабілеті арқасында ұсталып тұрды. Оның сценарийін басқа адамдар – журналистер жазды. Бірақ, ток-шоу жанрында актерлік шеберлік пен байланыс орната алу мүмкіндігі бірінші орынға шығады. Ток-шоудың көрермен ықыласын жаулап алу үшін жақсы сценарий дайындай алатын шығармашылық топ қажет.

Осылайша, телебағдарлама редакциялануындағы дайындық кезеңі, негізінен, ұйымдастырушылық – шығармашылық характерде болады. Өйткені теледидардағы ұйымдастырушылық жұмыс - әдеби жұмыспен тығыз байланыста. Оларды бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес.


Редакторлық зерттеу, теледидар бағдарламаларын әдеби редакциялау

Редакторлық өңдеу бағдарлама жанрына байланысты болып келеді. Мәселен, телеарнаға шығуға мәтінмен жұмыс істеу радиодағы редактор жұмысына ұқсас. Деректі фильмнің сценарийін редакциялау – тек қана мәтіннің жоғары деңгейге көтерілуі емес, сонымен қатар экран құралдарының эффектілі, бейнелі-айқын болуы дикторлық оқуды шебер қолдану, сөз бен бейне арасындағы байланыста туындайтын проблемалардың шешілуі, т. б.

Әсіресе, қатысушы көп болып келетін көп компонентті тікелей бағдарламаны редакциялау өте қиын. Мұндайда хронометраждың бұзылуы немесе тақырыптан ауытқып кеткен кездер де болады. Егер де бағдарлама алдын-ала дайындалған, алдын-ала жоспарланған болса, онда жаңағы ауытқулар көп кездесе бермейді. Бірақ, бағдарлама өзінің шынайы бейнесін жоғалтып, оған көрермен қызығушылығы жойылуы әбден мүмкін. Осындайда қандай шешім қабылдаған дұрыс?

Қанша дегенмен, мұндай бағдарлама суырып салып айтуға (импровизация) және үйлестіре дайындауға (сочетание заголовок) сценарий негізіне сүйеніп жасалады. Сценарий дайындау барысында автор мен редактор адамның психологиялық ақтаудағы шынайы редакциясына «ұрындыру оқиғасына» (провоцирующие ситуации) бой алдыруы мүмкін. Ал, бұл публицистикалық бағдарламаның ең негізгі жетістігі.

Әрбір редактор эфир алдында көрерменмен еркін отырып сөйлесу үлкен қызығушылық тудыратынын біледі. Шынымен де, ашық әңгіме арқылы көрермен келген қонақпен сөйлесуден артық қандай қызық бар. Иә, егер де мәтін көбінесе жаттанды болып келсе, онда ол үлкен эфектке ие бола алмайды. Қанша дегенмен жақсы әңгімеге жоспар құру, тезис даярлау немесе мәтін жазу сияқты дайындық жұмыстары әлбетте керек. Онсыз бағдарлама қызық бола алмайды. Керемет тәжірибе жинаған, суырып салма өнерін жақсы меңгерген тележүргізуші үшін дайындық пен суырып салма айту бір келкі бір-бірімен байланысты процестің екі жағы.

Кейде эфирге шығу жұмысында мәтінді редакциялауға көп көңіл бөліне бермейді. Мұндай әдіс – үлкен қателік. Дайындалған тезиспен таныса отырып редактор автордың тақырыпты қаншалықты дұрыс түсінгенін және толық ашылғанын көре алады. Қажет жағдайда тезистер редакторға мазмұнын байытуға және алда шығатын жаңалықтар енгізуге мүмкіндігі бар.

Тезистер әдетте бағдарлама кейіпкерлерімен танысқан соң ғана барып жасалады. Онда бағдарламаның тақырыбы, оның негізгі бағыты айқындалады. Бұл арқылы кейіпкерлер өзіне үйреншікті тілмен еркін сөйлесуге мүмкіндігі бар және Д. Вертовтың сөзімен айтатын болсақ: сөз бен ой синхронды болу керек.

Мәтінді әдиби түзету немесе тезистер материалдың режиссерлік баяндауына да өте қажет. Сондықтан да, егер де редактор теледидар экранында авторлық ниет адекватты (тең) іске асыруға ие болсын десе, ол ойдың анық, нақты жеткізілгенін қадағалаған жөн.

Теледидар аудиториясы – бұл ең көп көрермендер тобы. Телебағдарлама талабы – осындай әрбір көрерменнің көңілінен шыға білу, эфирге шығуда ең негізгі құрал сөз болып табылады. Басылымдарға қарағанда теледидар ауызша сөулеу формасы арқылы ерекшеленеді. Бағдарламаны редакциялай отырып ауызша сөйлеудегі екпінді (интонациялық) реңнің, ақпараттың нақты болуын қадағалаған жөн.

Шамадан тыс лаконизм, омонимия, какофония сияқтылар ауызша сөйлесуде болмау керек. Мұндай жағдайда ойыңдағы жетістікке жеткізбейді. Редактор жіберген қателер кейін дикторлық оқуда немесе эфирге шыққанда міндетті түрде байқалады. Бұдан бағдарлама мазмұны, ойдың ұшқырлығы, концепция айқындығы, факті мен оқиғаның нақтылығы жоғалады.

Тележурналистика, радиожурналистика сияқты қазіргі орыс тілінің лексикалық немесе стилистикалық құралдарын қолданады. Бұл ғылыми, арнайы істер (деловой), публицистикалық, әдеби көркем стиль және ауызша сөйлеу кіретін кітаби сөйлеу (книжная речь) болып табылады. Ауызша сөйлеу үшін интонация еркіндігі, лексикалық құралды қолдануда нақтылық, стилистикалық бір жақтылық аса қажет. Қазіргі таңда ауызша (разговорная) және кітаби (книжная) сөйлеу әр түрлі жағдайда сол адамдардың қолдануынан бір-біріне қарсы келмейді. Сол сияқты теледидарда да бағдарлама жанрына байланысты – кітаби және ауызша сөйлесуде кездесетін ассимилициялық сөйлеу, лексикалық құрамы сынды элементтер кездеседі. Дегенмен, кітаби сөйлеудегі синтаксис пен лексика ауызша сөйлеуде қиынға соғады, сондықтан да болар, ол теледидар бағдарламаларында кең түрде қолданыла алмайды. Бұл талапты абсолюттауға болмайды. Ең негізгісі, қандай да болсын стиль тақырыпқа, бағдарлама жанрына, ең негізгісі – аудиториясына байланысты болса болғаны.

Тәжірибеде дәлелденгендей, көрермендер теледидардағы адамның қағаздың көмегінсіз сөйлесе ғана жақсы түсінеді. Суырып салып айту кей жағдайда нақты бола бермейді. Сондықтан да редактор ауызша сөйлеуде мәтіннің, сөйлемнің көлеміне емес, мағынасына көп көңіл бөлгені дұрыс.

Сөздің жалқылықты (индивидуальность) сақтау жөнінде айта отырып, кез келген жалқылық жақсы екен деп ойлағанымыз дұрыс емес. Сөйлеу мен сөздің қазналық (казенные), кеңсе айналымы кейбір шешен адамдар үшін үйреншікті (свойственны).

Егер теледидар алдындағы адамның осындай қателіктері болса, онда онымен нақты қателіктерін көрсете отырып арнайы жұмыс жасау керек.

Көп жылдар бойы көрермен экраннан көбінесе бағдарлама жүргізген дикторлар немесе актерлерді көріп келеді. Материалдың жеткілікті екеніне көңіл аударылатын деректі бағдарламаларда автордың пайда болуы экрандағы өтіп жатқан оқиғаның аудитория сенімін жоғарлатады. Себебі, кадрдың артындағы автор көрерменге әсер ете алатын анық, айқын, нақты өмір фактілерінен таңдап алған нағыз зерттеуші. Ол оның алдында терең ойлайтын, сауатты, қиын сұрақтардың шешімін таба білетін адам отырғанын ұмытпаған жөн.

Көрермен алдына шығу өнері көрерменді белсенді танымдық және шығармашылық қабілетін оятудан тұрады.

Редактор автормен материал формасын анықтайды. Ол әңгіме, сұхбат, коментарий, шолу, репортаж болуы мүмкін.

Әлемде қандай да бір оқиға болып жатса ол туралы адамдар БАҚ арқылы хабардар болып жатады. Жаңалық қалай жедел тараса, сондай сеніммен ол тез қабылданады. Ескірген ақпарат көптеген өсекке, болмашы әңгімелерге әкеп соғады.

Ең алдымен соңғы жаңалықтарды таратқан жөн, сонан соң барып қана «ескірген» жаңалықтарды айтқан дұрыс. Психологтар мен педогогтардың ойынша қайта тәрбиелеуге қарағанда басында тәрбиелеген дұрыс.

Сонымен, ақпараттық хабарлардың жұмысы – жаңалықты көрерменге жедел түрде нақты жеткізу. Редактордың жұмысы ақпараттық хабарда жаңалықтар хабары мен ақпараттық жанр ретінде қараған заңдармен байланысты ерекшеленеді.

Ақпаратты бағдарламаларда адамның жеке өзінің ой-пікірі болмауы керек. Дүние жүзінде осы заңдылық қабылданған.

Ақпаратты хабарлар кейіпкерлердің көпшілігін көрмейді. Жаңалықтарда әдетте кейіпкерлердің сөзі көлемі 1-2 сөйлеменен (минимум), қысқа ғана абзацқа (максимум) дейін ғана болады. Бейнесюжеттің қалған бөлігі өмірді, оқиғаны көрсету керек. Кәсіби корреспондент мәтінді кадрдың артында нақты, бейнелі суреттей алады.

Жүргізушінің функциясы коментатор мен шолушының функциясымен сәйкес келмейді. Тележүргізуші көрерменнің тек көрушілігін тудырмау керек. Экран аудиторияға ұнау талабын жоғалтпаған жөн. Ал, әрбір редактор төмен тілдік мәдениет аудиторияны жалықтырып жіберетінін ұпытпаған жөн.

Жаңалықтар хабарын жүргізуші сюжеттерге нақты, дәл даярлық жасап алу керек. Егер оны тележүргізуші жасай алмаса, онда оны редактор жасаған дұрыс. Ол үшін репортердің оқиға орнында сөйлеген алғашқы сөзін қолдануға болмайды.

Репортаж көрерменді оқиға орнында болғандай сезіндіре алады. Дегенмен, репортаждың пайда болуына оқиға және оны жеткізуші репортер ұйтқы болады. Өкінішке орай, бүгінде кейбір тележүргізушілер кез-келген корреспонденті бар материалды репортаж деп көрсетеді. Осымен репортаж жанрының құнын түсіруде.

Ақпараттық сұхбат ықшамды және нақты болғаны жөн. Ол үшін репортер алдын-ала сұхбаттасушыдан еститінін анықтап алған абзал. Журналисттің сөзі мен сұхбаттасушының сөзі соқтығыспауы керек. Көрермен тілшімен таныспай тұрып сөзді естімеуі керек. Тілші әңгімелеушінің қысқа да нұсқа сөйлеуін қадағалаған жөн.

Сонымен, көрермен не болғаны жөнінде хабардар болады. Бірақ бұл алған ақпараттың тек қана алғашқы сатысы. Одан кейін оның талдануы қажет болады. Ал бұл публицистиканың жұмысы. Публицистикалық хабарда журналист алдын-ала таңдап алған материал (факт, ой, оқиға) арқылы проблеманы аша түседі. Оның пікірі көрерменнің көзінше логикалық түрде көрінеді. Журналист оны қанша анық және сенімді түрде жасаса оның аудиториясын да өзіне қарату мүмкіншілігі көбейеді. Публицистиканың жанрлары әр түрлі. Редактордың жұмысы – публицистке жанр таңдауда ғана емес, оның заңдылықтарына да сүйенуге көмектеседі. Сонымен, ең жиі қолданылатын жанрлардың кейбіреулеріне тоқтала кетсек:

Әңгіме (беседа) – телевизиялық әңгіме жүргізуші мен қаһарман арасында жүзе асады. Бұл жерде екі адамның диалогы арқылы көзге түспейтін, елеусіз нәрселерды тілге тиек ете отырып, күрделі мәселелердің төңірегінде әңгіме қозғау журналистің шеберлігіне байланысты болып келеді.

Егер де автор мен редактор теледидарлық әңгіме жанрының ерекшеліктерін ескермесе, онда ол дәріске (лекцияға) айналып кетуі мүмкін. Мұндай формада берілген қиын материалды телеарнаға беру қисынсыз. Сондықтан да, әңгімені даярлау барысында, редактор авторға мынадай талаптарды еске салғаны жөн: таңдалып алынған тақырыптың өзектілігі, сюжеттің алар орны мен түп нұсқалығы, сонылығы (оригинальность), мазмұнының танымалдылығы және жетістігі.бұлардың барлығы бағдарламаға көрерменнің көңілін аударуға, ал теледидар жүргізушісіне өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.

Күнделікті айдарларға, циклдерге, серияларға топтасқан әңгімелер мәселенің талдануына мүмкіншілік жасайды.

«Дөңгелек үстөл басында» әңгімесін даярлау барысында редакторға басқа мәселені шешуге тура келеді. Мұнда қатысушылар өзекті мәселені әр түрлі позиция, әр түрлі көзқарастар тұрғысынан, жан-жақты қарастырады. Диолог жанрына ұқсас материалдар талқылауға (дискуссия) айналып кетуі мүмкін. Мұндай бағдарламаларда редактор барлық компоненттер бірлігіне, сонымен қатар, талқылауға түсіп жатқан сұраққа қатысушылардың да өз ойларын жеткізе алу керек. Егер де кадр алдына шығу тәжірибесін терген болса жүргізуші редактордың өзі де немесе бағдарламаға қатысушының өзі де бола алады.

Публицистикалық сұхбатты даярлауда редактор сұхбаттасушымен жұмыс жасайды. Сұхбат жанрының қиындығы мен сонылығы редактордан үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Сұхбаттың мақсатына байланысты редакторға (автормен бірге) сұхбаттасушы қоғамдық пікірді жеткізуші, талқыланатын белгілі бір мәселе бойынша жаңа мағлұматтар беретін адам бола ала ма, көрерменнің қызығушылығын туғыза ала ма деген сұрақтарға жауап беру керек. Болашақ әңгімелесушіні тану, бағдарламаға дайындалуға, нақты сұрақтарды анықтауға толық мүмкіншілік жасайды.

Адамды миллиондаған көрермендер аудиториясының алдына тікелей эфирге шығару оңай жұмыс емес. Сондықтан да, сұхбат дайындауда редакторлардың әдістемелік кеңесі оған тәжірибелік көмекке келеді. Сұхбаттың барлық түріне ортақталып, бұл – талқылауға түскен өзекті мәселені терең талдау.

Сұхбаттаушысының деңгейі мен сапа дайындығын редактор автор ұсынған сценарий бойынша жасайды. Егер де, сценарийлік жоспарда қойылған сұрақтар мәселені толыққанды аша алмаса, қажетті мәліметтер аз болса, онда редактор қайта жасауға шешім қабылдайды.

Шолу (комментарий) – бұл оқиғалардың жедел қарқынмен таралуы. Комментатордың жұмысы – жаңа фактілерді басқалармен байланыстыра отырып мәнін аша түсу. Автормен бірге редактор оқиғадағы негізгі және басты жерлерін таңдап алады, комментарийді жалпылама қарастырады, кең түрде талқылаған көмекші материалдар комментаторға жай ақпараттан саяси, ғылыми немесе мәдени өмірге, өз концепциясын ұсынуға мүмкіншілік жасайды. Редактормен жеке сөйлесу автор қолданатын деректерді: үзінділер, құжаттар, жазбаларды талап етеді. Бұлардың барлығы оқиға туралы көрерменнің өз пікірін қалыптастырады.

Шолушы қызметіне сараптама да кіреді. Бірақ шолудың объектісі болып жалғыз дәлел емес, оқиғаның қоғамдық даму процесі де жатады. Шолушы өз ойына, жеке көзқарасына сүйене отырып әртүрлі фактілерді топтастырады.

Білімнің барлық салаларының жедел дамуы журналистерден хабардарлықтың жоғарғы деңгейін, айналысатын тақырыптар төңірегінде жан-жақты кәсіби дайындықты талап етеді.

Теледидарлық құралдарды қолдана отырып, комментаторлар мен шолушылар қазіргі таңдағы болмыстың мәнін аша түседі. Теледидар сценарийін көрсететін жанрдың ішіндегі ең танымалы репортаж болып табылады. Оны оқиғалы репортаж және проблемалық репортаж деп білуге болады.

Проблемалық репортажда автордың рөлі аса маңызды болып есептеледі. Мұнда оқиға болып жатқан жерден, яғни репортердің объект алаңынан хабар таратуы өте сенімді және шыншыл болып шығады.

Проблемалық репортажда теледидарлық ақпараттың идеялық мазмұны айқын көрінеді. Ал, репортер материалды ұйымдастырушы рөлін атқарады. Социологтарға сүйене отырып, ол оқиғаға қатысушылардың өздерінің қозғалысын зерттей бастайды. Репортемен жұмыс жасау барысында редактор таңдап алынған тақырыптың қаншалықты деңгейде орны бар екенін, қоғамға әсерін, сонымен қатар, осы тақырып бойынша репортердің дайындығын анықтайды. Өзінің берген бағасы мен ескертулерінде редактор репортаждың документтілігі оның эмоционалдық деңгейі осы тақырып бойынша қаншалықты қоғамдық пікір қалыптастырғанын байқайды.

Оқиғалы репортаждың жазбасын редакциялау барысында репортердің субъективті бағасы көрерменге әсер ететінін ұмытпағанымыз жөн. Редактор қашанда репортерге оқиғаны жүргізу барысында көмек берген жөн. Сондықтан да болар оқиғалы репортаж көп жағдайда репортердің әңгімені қаншалықты анық, қызықты жүргізуіне байланысты. Ол қашанда өз ісінің шебері екенін көрсете алу керек.

Теледидарға шығуды сөз ете отырып, теледидар алдында жүргізіп отырған адамның психологиялық жағдайы радио немесе «тірі» (живой) аудитория алдында жүргізіп отырған адамға қарағанда жұмысы әлдеқайда қиын екенін ескермей кетуге болмайды. Теледидар алдына шығып сөйлеу тек қана мағыналығына ғана емес, ол сонымен қатар дұрыс сөйлей білуді, әңгімелесушімен рухани байланыс болуын талап етеді. Бұларға, сонымен қатар, жүргізушінің тәртібі (сөйлеу мәнері, мимика, жест) де қойылады. Бұлардың барлығы көрерменді бей-жай қалдырмасы анық.

Сонымен қатар жүргізуші қаншалықты өз ісіне шебер болса да, оған эфир барысында камера, свет, аудитория жетіспеушілігі сияқты кейбір факторлар бағдарлама сапасын төмендеп жататыны бар. Сондықтан редактор болашақ тікелей эфирге шығушы адамды теледидар алдындағы негізгі талаптар мен кездесетін жағдайлар мен таныстырғаны жөн.


Теледидар бағдарламасындағы әдеби сценарийді редакциялау ерекшеліктері

Теледидарлық бағдарламаның әдеби негізі – сценарий болып есептеледі. Әдебиетте сөз бейне жасаудағы жалғыз құрал. Аяқталған шығарма іспетті әңгімеге немесе газет бетіндегі очеркке қарағанда сценарий теледидарлық бағдарламалардың негізгі ретінде ерекшеленеді. Сценарийді драматургия деп те түсінуге болады, яғни әдеби жазба түрінде болған, драмалық негізде құрылған өнермен байланысты.

Публицистикалық шығарма сияқты деректі бағдарлама сценарийінде де өзіндік ерекшеліетер кездеседі. Олардың бірі автордың ойынан, оның оқиғаға жеке көзқарасы мұнда фактілер жинағынан, таңдауынан және дерек көздерінен, сценарий сюжетінен бағынуынан тұрады. Деректі материал және авторлық интерпритация ұйымдасқан түрде болған жөн. Бұл шығармашылық ойдың толық ашылуына, дұрыс режиссерлік баяндауға мүмкіншілік береді.

Әдебиеттің негізгі түрі ретінде сценарий – бұл эпос пен драманың қоспасы, демек, драмалық, этикалық бастама функционалдық өзгерістер кездесіп отырады.

Эпикалық шығармаға ұқсас сценарий пәннің жан-жақты бейнесін ашуға, әр түрлі көзқарастар қалыптастырып, тақырып аспектісін ашуға, көп жоспарлы жұмыс жоспарын құруға жәрдемдеседі. Автор болып жатқан оқиғаға өзінің көзқарасын білдіріп, сюжетке бірден араласып кетуге құқылы. Әлеуметтік-психологиялық оқиға, кейіпкерлердің тәртібі, оқырман ойына аппеляция әдеби сценарийді эпикалық форма тұрғысынан жақындатады.

Драмаға ұқсас сценарий оқырманды кейіпкерлер диологы тұрғысында дайындаған қимыл-қозғалыс бейнесі арқылы оқиғаны аша түседі. Мұнда бейне эпизод бойынша құрылған сюжет заңдылығы арқылы ашылады.

Теледидар дыбыс бейнеге сүйенгендіктен, сюжетке құрылған сценарий үшін қандай фактілер мен оқиға жөнінде айту керек, ал қайсысын көрсету қажет екенін анықтап алған жөн. Басқа сөзбен айтқанда, экранда шығармадағы сөз бен бейне байланысы қандай болатыны айқындалады. Сценарий жасаушы оқиғаға, адамдарға, дерек көзіне байланысты экрандағы сөздің қанша көлемде болатынын білген абзал.

Экранда бірнеше объектіні бірден ашуға, ірі жоспарды қолдануға, қысқа ретроспективті эпизод (өткенді еске түсіру) қосып, әуен мен тура көңіл аударуға т. б. болады.

Дегенмен, бұл барлық компоненттер сценарий барысында бір жүйеге келіп, бір-бірімен байланысты болғаны жөн.

Теледидар бағдарламаларын әдеби сценарий негізі: бейнелеу бөлігі (ремарка), сюжет желісіне құралған қимыл-қозғалыстар; кадр артындағы мәтін (диктаторлық және авторлық) және синхронды бейнелер құрайды.

Ремарканың (белгі) бағдарлама (немесе фильмнің) бейнесін, оқиға желісін ашуда, монтаж немесе әуенді таңдауда орны зор. Сценарийдегі ремарка автордың ойын экранда анық, нақты және дәл түсіндіреді.

Кезінде сценарийдің бейнелі бөлігіне П. А. Павленко алғаш болып көңіл аударған. Ол енді ғана сценарий жасаушы болып жүрген бір адамға өз хатында былай деген екен: «Сіз оны (сценарий – Б. Г.) дайын режиссерлік жұмыс, эпизодты көрсететін монтажды бет ретінде жазасыз. Мәселен, «Жазғы күндегі аэродром. Бір топ қыз бен жігіттер ұшаққа қарап әңгімелесіп отыр» . Қандай аэродром? Қай жерде? Қоршаған орта қандай? Оңтүстік не солтүстік пе? Бір топ қыз бен жігіттер… Олар кімдер? Қалай киінген? Не жөнінде әңгімелесіп отыр? Егер де сценарий жазылса, оқырман оқиға желісін толығымен сезіну үшін бұлардың барлығында жазу керек қой. Демек, режиссер мен кейіпкерлер оқиғаның қай жерде өтіп жатқанын, экранда көрсеткен адамдардың кім екенін білуі тиіс қой. Сценарий, менің ойымша, көзбен жазылған дұрыс. Оқырман ең алдымен не болып жатқанын көзбен көруі қажет. Сценарийді әңгіме не повесть жазғандай жеткізу керек. Біздің сценарийге ықшамдылық жат. Сондықтан да болар, әдеби кино сценарий әлі күнге дейін қалың оқырман үшін көп қызықтыра бермейтін туынды. Сценарий роман емес, әңгіме де, пьеса да емес. Ол – жаңа туынды. Егер де бұл солай болса, онда кинодраматург композиция жұмысында формалық жаңа түрін табуға көп көңіл бөлген жөн («Вопросы драматургии», выпуск 1, Москва, «Искуство», 1954 жыл, 316-318-беттер).

И. А. Павленконың әдеби сценарий жөнінде айтқан ойлары сценарий табиғатын түсінуінен саяды.

Қазіргі таңда деректі телеарна үшін қоғамдық саяси бағдарламадағы «көрініс» («зрелищность») мәселесі өзекті болып отыр. Деректі бағдарламалар эффектісі ойын құралдарына емес, дерек көздері болып қалуы тиіс. Оған тек қана дерек материалдар сценарийдің сюжеті мен компазициясы желісінде құрылған болса ғана жете алады.

Деректі бағдарламада сценарийдегі драматургия кейіпкерлердің бейнесін толық ашуы керек. Міне, осы оның негізгі жұмысы болып есептеледі.

Өкінішке орай, бүгінгі таңда «әдеби сценарий» деген мағынаның өзі телеарнада танымал емес. Міне, сондықтан да болар, құрғақ желіге толы публицистикалық бағдарламалар туындап жатады.

Мәселен, керемет жазылған сценарийдің қатарына «Соңғы қоңырау соғылған кезде» (эстондық теледидар) атты бағдарламаны жатқызуға болады. Оның өте ерте кезде жазылғанына мән бермеген жөн. Жоғарғы деңгейде жазылған кәсіби жұмыстар қай кезде жазылғанына қарамайды. Сценарий мәтінінен үзінді келтірсек:

Мектеп бұрылыста орналасқан. Терезелерінің алдында бүк ағашының бір түрі (каштан) гүлдеп тұр. Жаңа ғана соңғы қоңырау соғылды. Жолдың бойнан бірінші сынып оқушылары үйге қайтып бара жатыр. Олардың көздерінен тұйықтық, ересектік есіп тұрғандай. Қанша дегенмен олар жаңа ғана екінші сыныпқа өткендері туралы қағаз алды ғой. Кейбіреулерін көшеде ата-аналары күтіп тұр… Анау жерде құшағы гүлге толы ұстаз үйге қайтып барады. Әне, талапкерлер де үйге беттеді. Олардың көздерінде алаңдаушылық, мазасыздық байқалады. Олар асығыс. Мектеп алдында оларды енді ата-аналары емес, «Ол» күтіп тұр. Мектеп оқушылары қайтқан дәл сол жолмен мектепке бұл бағдарламаның репортері, әйел адам келе жатыр. Ол бір сәтке мектеп алдында тұрып, ақырын ғана есігін ашып, ішке кірді. Мектептің дәлізі ұзын және бос. Репортер сатының қасына келіп тоқтап қалды.

«Қандай қызық. Кезінде біз күніне оншақты рет осы жермен анда-мында жүгіріп жүріп, осы ғимараттың жылдар өткен сайын бізге жұмбақты, сырлы (таинственный) болып қаларын кім білген?! Бір түрлі болып кетеді екенсің.

…Мектепте ешкімнің жоқтығы қандай жақсы, ешкімге кедергі жасамай еркін жүруге болады. Мұнда өткен мен болашақтың шекарасы. Ғимаратта таныс иіс мұрныңа келеді. Шаңның, бордың және балалық шақтың иісі шығып тұр. Қуаныштың желі есіп тұр. Сол шақ қиын кездердің бірі еді. Көптеген бағалы заттарға бүгінге қарағанда көзқарасымыз басқаша еді. Соғыс қасіреті әлі есімізден шықпаған. Біздегі әрбір бесінші адам жетім еді, Тынисмяга алаңында ол кезде соғыста қайтыс болғандар үшін орнатылған мәңгілік алау ескерткіші әлі жанбаған-ды. Біз тоқ едік, сол кезде анамыздың бір үзім нанды аузынан жырып бізге бергенін білдік пе? Әлі де есімде, бір күні мектепке мектеп формасын киіп келген бір қыз келді. «Қандай керемет!» - деп мұғалімдер таңданған еді. «Жібек көйлек! Жоқ мұндай мүмкін емес, - деген еді мектеп директоры бізге, кейін сендер де осындай көйлек киесіңдер дегенде. Енді бұл киім ешкім үшін жаңалық емес, маған да сол көйлектің қадірін кейбіреулер білмейтіндей болып көрінеді кейде. Өз аналарыңнан сұраңдаршы, олардың өздерінің ең алғашқы көк жібек көйлегін киюді әлі де армандайтынтына толық сенімдімін. (Репортер тоқтап қалды. Оның алдында мұғалімдер бөлмесінің есігі).

Бұл біз үшін шіркеу іспетті еді.

Осы есіктің алдында оқушы қандай сезімде болғанын мұғалімдер білді ме екен сол кезде?! Біз оларды қанша жамандасақ та, қандай да бір есімдер ойлап тапсақ та, болмашы бір сұрақтар қойсақ та, мұғалімнің беделі жоғары еді. Мұғалім қаншалықты қатал болса, соншалықты біздің есімізде қалып қойғаны анық. Әлі де оларды үлкен сағынышпен еске аламыз.

(Әйел ақырын ғана есікті қақты). Ешкім есікті ашпайды, қазір онда, әрине, ешкім жоқ. Мүмкін бар шығар? Жоқ, кірмей-ақ қояйын. Тіпті, мұғалімдер бөлмесінің өзі үлкен пікір қалыптастырады… Мен ұстаздың қаншалықты өнерлі екенін айтамын да. Өзін толығымен біреуге арнау… Ол оңай емес қой. Қашанда білім нәрімен сусындату – ол дегеніміз жанының тазалығы ғой. Кезінде әрбіріміздің өз ұзтазымыз бар еді. Әрбіреуі олар туралы әр түрлі есіне алады.

Есейе келе олардың қадірін жақсы түсінеміз. Ия, мектепте біз азамат болып қалыптастық.

…Өз емтихандарыңды тапсырған соң жазғы демалыстың қалай тез өтіп кеткенін байқамай да қаласың. Бірінші қыркүйек басталып, тағы да алғашқы қоңырау соғылады. Бірақ ол сіз үшін соғылмайды мұнда басқа жаңа бүлдіршіндер келеді. Олар сізді де кәрі деп есептейді. Олар ғарыштық не екенін, онда қалай ұшып баруға болатынын біліп, Айға сапар туралы әңгіме айтып, қаламмен жазу жазады. Олар да біз сияқты білімдерін 2´2=4 екеннен бастайды. Қанша дегенмен, олар сол кездің балаларындай болмайды.
Әдеби редакциялау және компьютерлік технология

Мерзімді басылымдар нарығындағы көптеген өзгерістер редакциялық менеджерді өз басылымын түбегейлі өзгеруге итермелейді. Бірақ бұл қадамды жасау үшін ол, ең алдымен, аудитория, нарықтың жағдайын, газеттің кемшілік пен артықшылығын, оның бәсекелестерін және т. б. терең зерттеп, белгілі бір жоспар-қорытындыға келуі керек.

Менеджер тарапынан енгізілген жаңалық, өзгерістер басылымның «моделіне» өз жерін тигізеді. Бұл «модель» мерзімді басылымның бағыт-бағдарын, позициясын, нөмірлер құрылымы мен олардың ерекшеліктерін анықтайтын негіз, былай айтқанда, «іргетас» болып табылады. Сондықтан да, жаңа газеттің нарықтағы табысы оның жаңа «моделіне» немесе ескі «моделіне» енгізілген жаңалықтарға тәуелді.

Сонымен, жаңа талаптарға сәйкес газет моделінің қай жақтары ерекше маңызға ие? Оның мазмұны мен ерекшеліктерін анықтайтын не? Осы сияқты сауалдарға берілетін жауап бірнеше факторға байланысты болып келеді.

Біріншіден, газет шығаратын оқырман аудиториясының ерекшеліктерін анықтай білу қажет. Аудиторияның демографиялық, психографиялық, кәсіби мінезін зерттеп, оның көңілін аулай алғаны жөн. Себебі, кейін осының нәтижесінде басылымның «моделі» құрастырылады. Мәселен, бұқаралық-саяси басылымның моделінде басты рөлді публицистикалық материалдар атқарып, қалған ресми, құжат, статистика және т. б. екінші орынға ауысады. Ал іскерлік басылымда, керісінше, құжат және статистикалық материалдар бірінші кезекте тұрады.

Газет моделінің ерекшеліктерін анықтайтын екінші фактор ол – мерзімді басылымдар нарығындағы басылымның таңдайтын ақпараттық «ұяшығы». Осы таңдау мүмкіншілігі келешекте басылымның түрі мен деңгейін анықтайды. Ал газет таңдаған нарықтық «ұяшық» ондағы аудиторияның ақпараттық сұранысына сай болуы шарт. Күнделікті бұқаралық-саяси газеттің моделінде оперативті ақпараттың мәні, сондай-ақ статистикалық мәліметтердің маңызы күрт өседі. Дегенмен, апталық, ия айлық басылымдарда жағдай басқаша: шұғыл ақпаратқа деген сұраныс төмендеп, болжам мен шолу, көкейкесті және талдамалы публикациялардың ролі артады. Осының бәрі газет материалдарының жанрлық жүйесіндегі ерекшеліктері сияқты ескерілуі тиіс.

Иә, әрбір газетте оқырман қауымға ұсынылатын ақпараттың мазмұнына қатысты материалдардың өзіндік жанрлар жүйесі қалыптасады. Күнделікті бұқаралық-саяси газетте осы жүйенің ядросы ретінде оперативтік ақпарат жанрлары – репортаж, сұхбат, хабар-ошар, есеп және ақпараттық корреспонденция шығады. Ал саяси апталықта бұл жүйеге, көбінесе, талдамалы және көркем-публицистикалық жанрлар – мақала мен талдамалы корреспонденция, шолу мен эссе, саяси портрет пен көкейкесті очерктер кіреді. Іскерлік басылым болса, басты рөлді ресми, құжат және статистикалық публикациялар, яғни мемлекеттік ұйымдардың жаңа жарлықтары мен заңдар мәтіні, дерек-дәйек пен кестелер, графика мен диаграммалар, әлеуметтік сауалнамалар және т. б. атқарады. Балаларға арналған газеттерден тек көңілді және көркем әдеби материалдарды – аңыз-әңгіме мен өлеңдер, эпсана және жұмбақтар, ойындар және т. б. көптеп кездестіруге болады. Нақты немесе басқа бір басылымның жанрлық жүйесін анықтау – газет моделінің ажырамас бөлігі.

Ал газет моделін шебер ұйымдастырудың арқасында нөмірдің құрылымын жасау ісі жеңілденіп, айдарлар жүйесінің ойдағыдай қалыптасуына жол ашылады.

Бұл жүйені мазмұнына қарай топтастырылған айдарлар құрайды. Олар екіге бөлінеді. Біріншісі және ең

бастысы – тематикалық (тақырыптық) айдарлар. Олар оқырманға газет тематикасы мен публикациялардың бағыт-бағдарын көрсетіп тұрады. Көптеген басылымдарда тематикалық айдарлар жолдың үстіңгі жерінде орналасады. Мәселен, «Саясат», «Экономика», «Халықаралық өмір», «Спорт».

Екінші топқа іскер (служебный) айдарлар кіреді. Олар публикацияның жанрын анықтауға көмектеседі. Мысалы, «Репортаж», «Сұхбат», «Шолу», «Дерек-дәйек», «Хабар», т. б. Сондай-ақ ақпарат көзін нұсқап отырады. «Ақпарат министрлігі хабарлайды», «Ақпарат агенттігі хабарлайды» және т. б. немесе ақпарат бағытталған аудиторияның кім екенін көрсетеді – «Ұстазға кеңес», «Кітапханашының жеке қорына» және т. б.

Айдарлар жүйесін дұрыс жолға қою мақсатымен редакция олардың жиілігін анықтайды. Осыдан бүкіл айдарлар екіге: тұрақты (нөмір сайын шығатын) және мерзімді (белгілі бір күнде шығатын) болып бөлінеді. Одан басқа газет тәжірибесінде бір сәттік немесе эпизодты, яғни белгілі бір материалға байланысты («Қарсы мақала» және т. б.) айдарлар бар.

Газеттің айдарлар жүйесін құрастырған кезде кімнің қай айдарға жауап беретінін анықтап алған дұрыс. Ірі басылымдар редакциясында, көбіне тематикалық айдарларды жалпыредакциялық және понопольды қып екіге бөліп қояды. Алғашқы түрін редакцияның бүкіл бөлімдері қолданады. Демек, олардың әрбіреуі өз алдына жеке монопольды айдарларды жүргізеді.

Газеттің «түрі», негізінен, сол тематикалық айдарлар жүйесімен анықталады. Олардың көбісі бірқатар басылымдарда бірдей қолданылады. Мысалы, бүкіл бұқаралық-саяси газеттердің бетінде «Спорт», «Экономика», «Полемика» және т. б. көптен кездеседі.

Жақсы өндірілген айдарлар жүйесі редакция жұмысы мен редакциялық жоспарлауды жеңілдетеді.

Соңғы кезде редакциялық жоспарлау көптеген өзгерістерге ұшырады. Бұған оперативті ақпараттың алдыңғы шепке шығуы себеп болды. «Аяқ астынан» түсетін жаңалықтар ескі перспективалық немесе біржылдық, бесжылдық жоспарлауды бұзып, біркүндік редакциялық жоспарлауды дүниеге әкелді. Оның бір кемшілігі – болашаққа экономикалық-әлеуметтік болжам жасау қиын. Ал көптеген редакциялардың нөмірдің корреспонденттердің «аяқ астынан» әкелген жаңалықтармен толтыру дәстүрі «фактологиялық журналистиканың», яғни талдамалы және көкейкесті материалдардан бас тартып, очерк, шолу, проблемалы мақала сияқты жанрлардың жоғалуына әкеп соқтырды. Осының нәтижесінде газет тәжірибесінде оперативті жоспардың кейбір түрлері – келесі нөмірдің және нөмірдің апталық жоспары ғана қалды.

Дегенмен, бұл жүйенің де барған сайын көбейе бастады. Мәселен, газет бетінде тек хабар-ошар, сұхбат, есеп, корреспонденция сияқты жанрлардың ғана орын алуы аналитикалық жетіспеушілігін (дефицит) әкелді. Соның салдарынан редакциялардың көбі өз өнімін бірсәттік тауарға айналдырып, көзі қарақты, ойы терең оқырманнан бірте-бірте айырыла бастады. Күнделікті газет редакциясының өзі алдына қойған мақсатын орындамауды шығарды. Осы кезде «ағымдағы график» оңтайлы нәтиже берді. Газет редакциясы өнімнің 50-60 -ын алдын ала даярланған талдамалы материалдармен толтырып, қалған орынға «аяқ астынан» келген жаңалықтарды беріп отырды.

Осы жерде нөмірдегі материалдарды беру формасына ерекше назар аударған жөн. Себебі шебер формада берілген материалдар оқырмандарды бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Мұндағы ең бастысы, жаңа талапқа сай ұйымдастырылған газетке эффектісі мол материалды бере білу.

Әрине, кез келген газет нөмірін қалыптастырудың негізгі тәсіл-әдістері: систематизация, концентрация және выделение болса керек.

Ал оларға тәуелді материалдарды беру формаларының ішінде подборка мен полоса бұрыңғыдай бірінші орыннан түспей тұр. Мәселен, ақпараттық хабар, не хронологиялық мәліметті уақытша терген (подборка жасаған) кезде, белгілі бір тақырыпша қойылмайды, тек айдар ғана беріледі – «Шұғыл нөмірге», «Соңғы сағатта» және т. б. Газет тәжірибесінде тақырыптық (тематикалық) бетті сирек қолдана бастады. Оның орнына мақсатты беттің беделі өсе түсті. Себебі бұл бетте бүкіл материалдар бір бағытқа, бір тақырыпқа бағынып тұрады. Мысалы, «Сауда», «Жекешелендіру», «Энергетика», «Баға-құн», «Биржалар» және т. б. Ал бір күнделікті саяси газетке қатар екінші мақсатты беттер: «Анализ бен болжам», «Әлемде», «Пікір» және т. б.

Газет материалдарын ұйымдастырып беру кезінде «целовой развород», «спецвыпуск», «газета в газете» және «сменная поласа» сияқты беру формаларын да ұйымдастырғаны пайдалы.

Бара-бара басылымның буыны қатайып, бәсекелестікке деген қабілеті күшейе түседі. Газет өзінің «графикалық түріне» ие болады.

Оған басылымның нарықтағы табысы байланысты болып келеді. Тұтынушы белгілі бір тауарды таңдағандай оқырман да баспа өнімін олардың алдында, ең бірінші, газеттің сыртқы келбетіне: материалдың орналасу жүйесі, дизайн, версткаға көз жүгіртеді. Сондықтан сырты қарабойыр, сұр басылым өзінің оқырманынан тез айырылады. Ал оның алдын алу үшін материалдардың «киіміне» баса назар аударған жөн.

Мерзімді басылымның сыртқы «келбеті» үш бірдей факторға тәуелді. Біріншіден, жауапты хатшының кәсіби деңгейі, журналистердің жазу стилі мен редакциялық суретшінің еңбегінің жемісіне. Екіншіден, редакцияның материалдық базасының әрлендіру, полиграфиялық мүмкіндіктеріне. Үшіншіден, басылымның графикалық моделін шебер ұйымдастыруына. Осы үш фактор жүзеге асып, газеттің мерзімді басылымдар нарығына шығар алдында өзіндік белгісі болуы шарт. Ол белгі – газеттің атауы немесе фирмалық белгісі болса керек.

Жаңа техникалық құралдар өмірдің барлық саласына енді. Бұл үрдістен баспасөз де тысқары қалған жоқ. Осы құралдармен жабдықталған газет бүгінгі бәсекелестік майданында өзінің жеңісіне кәміл сенуі керек. Себебі бұл техника редакция қызметкерлеріне уақыт үнемдеу, газеттің сапасын көтеру жағынан мол мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде көптеген редакцияда жаңа техникалық құралдар жүйесі пайда болды. Бұл жүйе үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімді журналистің жеке техникасы құраса, екінші бөлімге бүкіл редакцияға қызмет көрсететін техника кіреді. Ал үшінші бөлімдегі техника, көбінесе, газет нөмірін шығару үшін қолданады. Аталған үш бөлімнің техникасын қосып, бір-бірімен байланысты, әрі бір-бірін толықтырып отыратын сан алуан техникалық құралдар комплексін ұйымдастырады. Комплекстің негізін электроника құрайды. Оны кіші оргтехника, ақпаратты тіркеу, көбейту және сақтау құралдары толықтырып отырады.

Дербес (персональный) компьютер журналистің басты еңбек құралы болып табылады. Дербес компьютер (ДК) журналистке күш пен уақытты үнемдеп қана қоймай, бір жұмыспен бірнеше маман – публицист, редактор, корректор, машинистің міндетін атқаруға мүмкіндік береді. Қолжазбаның бұл жерде ешбір керегі жоқ. Журналист терген материалын шұғыл, әрі сапалы түрде арнайы техника – принтер арқылы шығара алады. Белгілі болгар ғалымы жазғандай «журналистің шығармашылық нәтижесі оның миынан компьютер миына көшеді».

ДК-ның арқасында журналист дискеталардың көмегімен өзінің «жеке кітапханасын» аша алады. Компьютер жадынан шыққан немесе шығатын материалдардың қаңқасын дайындап, сақтауға әбден болады. «Page Marker» немесе «Quar Press» арнайы бағдарламалары арқылы сол материалдарды газет бетіне салып, қажетті көлемге сыйғыздырып көру қиын емес.

Ал портативті дербес компьютерлер кейс (чемодан) іспеттес келгендіктен, редакциядан тыс жүрген корреспондент үшін аса пайдалы, әрі тиімді. Ол ДК-ны модем арқылы телефондық байланысқа қосып, тапқан жаңалығын шұғыл түрде редакциялық компьютерге сала алады. Мәселен, ИТАР-ТАСС-тың барлық меншікті тілшілері аталмыш компьютерге ие. Олар шет елде жүріп, бар жаңалықтарды өздерінің жеке ДК-ы арқылы оперативті түрде сол сәтте-ақ беріп отырады.

Кей кезде редакция қызметкерлері өз компьютерлерін бір торға (сеть) қосып, біртұтас компьютерлік комплекс құрайды. Бұл комплекс редакцияның бүкіл шығармашылық және өндірістік операцияларын жеделдетеді, редакция ұжымын еш қимылсыз басқаруға көмектеседі.

Осы редакциялық комплекстің негізін зор, әрі күшті компьютерлік база құрайды. Ол тек журналистердің ДК-ын жалғап қана қоймай, редакцияның дерек-мәліметтер қорын құруға мол мүмкіндік береді. Бұл қорда журналистке қажет ақпарат сақталады және ол сол ақпаратты кез келген уақытта ала алады. Редакцияның дерек-мәліметтер қоры Интернетпен, журналистердің шыққан және шығатын материалдарымен үнемі толықтырып отырады. Ал тақырыптық, аймақтық немесе дербес программалардың негізінде құралған «іздеу» ақпараттық жүйесі сол қордан журналистке қажет кез келген ақпаратты бірнеше минуттің ішінде тауып береді. Мәселен, корректор белгілі бір терминнің жазылуын, географиялық атаудың дұрыс нұсқасын әп-сәтте таба алады.

Басшы болса, «іздеу» ақпараттық жүйесі арқылы редакция ұжымының шығармашылық, техникалық дайындық деңгейін видеотерминалдан бір орында отырып анық көре алады.

Бұл жүйенің бірнеше артықшылығы бар. Ол – обьективтілік. Егер бұрын журналистер өздерінің белсенділік деңгейін жиналыста ғана ести білсе, бүгінде тапсырылған материалдардың санын түгендеп қойған компьютерден біле алады. Екіншісі – оперативтілік. Басшының соңғы сөзін, көп қиналмай, баға беру графигінен көруге болады. Үшіншісі – жұмыстың нәтижесін үнемі тіркеп отыруы болса керек.

Микрография құралдары – бұл мәтіннің алатын көлемін бірнеше есеге азайтып, микротасушыларда кішігірім көпше түрінде сақтауға мүмкіндік беретін арнайы құрылғылар. Микрофиша – микротасушылардың бірі, оған 1115 мм өлшемі бар 60-қа жуық кадр сыйады. Арнайы аппаратураның көмегімен оригиналды кішірейту арқылы бір кадрға бір, я екі кітап бетін, көлемді хат немесе А2, я А3 форматты газеттің жолын салуға болады. Бұл жолмен сегіз жолды «Егемен Қазақстан» газетін 7 кадрға сыйғыздыруға әбден болады. Әрбір кадрға сақталған мәтінді оқып, керек кезде принтерден басып алып шығару оп-оңай.

Бүгінгі микрографиялық техника оригинал мәтінді бірнеше ондаған есе кішірейтіп, микрофишаға сақтауға мүмкіндік береді. Мәселен, 100-150 есе кішірейткен кезде бір ультрафиша кленкасына мыңнан аса кадр сыйады. Бұл жерде ультрафишаның тығыздығын бір ЭВМ-нің есте сақтау жадысымен кеңестіруге болады.

Қазіргі кезде микрофишалар кітапхана, мұрағат және т. б. құжатты көп мекемелерде кең қолданылады. Арнайы шкафтарда 12 мың микрофиша болады. Олардың жалпы тығыздығы миллионға жуық түрлі документтердің беттеріне тең.

Бүгінгі таңда микрофишаның қызметін редакцияның компьютерлік орталықтары кең қолданып келеді. Бұрын газетті басу үшін техниканың дефицитінен көп уақыт кетсе, бүгін кішігірім редакциялардың өзінде верстка жасап, газет қаңқасын дайындап беруге мүмкіндік туғызатын компьютерлік орталық бар. Жаңа техникалық құралдармен жабдықталған орталық кез келген редакция үшін үлкен олжа, себебі ол редакция өз тарапынан қалаған өнім «моделін» ұсына алады. Орташа редакциялардағы компьютерлік орталығында кем дегенде үш адам жұмыс істейді. Мәселен, қалалық «Астана ақшамы» газетінің компьютерлік орталығында үш адам қызмет етеді. Олар 4-бетті, 8-жолды газетті 6-7 сағаттың ішінде басып, электронды вариантын дайындап үлгереді. Бұл бүгінгі компьютерлік технологияның үлкен жетістігі болса керек.

Қазіргі кезде компьютерлік технология күн сайын жетілдіру үстінде. Еуропа елдерінің бірінде суретші Пикасоның өзінен кем салмайтын компьютер құрастырылған көрінеді. Осының бәрі келешекте баспасөз ісіне де оңтайлы әсер етіп, газет редакциясы өзінің жеке тапсырмасына ие болуы әбден мүмкін.
Редакциялардың комуникативті ерекшеліктері

Әдеби жұмыс туралы ғылымда қалыптасқан психологиялық ролі:

Әдеби жұмыс облысын таңдауда психологияға жүгінеміз. Антикалық мәдениетте біз адамның психологиясын бақылаймыз.

Аристотельдің мәдениетінде әр түрлі сөйлеу тілі мен сөйлеудің ұжымын қарастырады және тыңдаушы, сөйлеушіге тәжірибе береді.

Мәселен, аргументтер қандай да бір күштерге бағынады. Екінші күш - әлсіз болса, ал үшінші әлдеқайда күшті басып келеді.

Бұл бақылау шешендік өнер әдісі риторика кітабында айтылған.

Одан әрі бір жүйеде және оның мағынасын күшейту тек лингвистикалық факторлар ғана емес, әдебиеттанулар және бағдарламалар, мағлұматтар береді.

Дәл осы қалыптасқан нұсқасы оқуы үшін психология облысында мағлұмат мәтінмен жұмыстың тәжірибесі іске кірді және осының негізінде осы уақытқа дейін сезілуде.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында лингвистика мектебі және әдебиеттану психологиялық бағдарламаға сүйеніп, өздерінің теориялық құрылысын жаратылыстану ғылымында физиология әдісін қолданып, әдеби шығармаларды оқырман қабылдады.

Осы психологиялық шығарманы тереңдетуге жаңа түсініктерді кіргізіп, автор мен оқырман арасындағы проблемаларды шешуде осы сұрақтарға жауап береді.

Мәтін мен жұмыс істеудегі редактордың жалпы схемасы:

Редактордың психологиялық еңбегі әлі міндетті ғылыми тәжірибе ретінде қаралған жоқ. Редакциялау психологиясына қарап, біз жалпы ережеге сүйенуге міндеттіміз. Редакциялау толық негізінде бір формаға жатады және редактордың жұмысы жалпы схемаға бөлінеді:



  1. Алынған ақпарат;

  2. Қойылған мақсат;

  3. Күткен нәтиже схемасы және өткізу моделін құру;

  4. Осы нәтижеге іс-әрекеттің сәйкес келуі.

Редактордың бірінші компоненті ол – автордың шығармасымен танысу, ал екінші қойған мақсаты редакциялау. Алдын ала көлемі, жанры, оқырманның қарым қатынасы, түзету түрі белгіленеді. Содан кейін редактордың үшінші компоненті сызбасын шешеді.

Редактор сол материалды қайтарып беруі немесе автормен бір сол мәтінмен жұмыс істей ме, әлде жалғыз өзі басқа тиімді жолдарды таңдайды. Осы процестің соңы редактордың көзқарасына мәтінді түзеу ең соңғы кезең болып табылады.

Редактордың жұмысы психологиялық тұрғыдан өте ауыр болып келеді.

Мәтін объектінің қиындығында, адамның қиын іс-әрекетінің қорытындысы, автор арасындағы коммуникативтік байланысында оқырман мен редактордың еңбегінде көрінеді.

Мәтінді психологиялық кәсіпқой тұрғыдан қабылдау:

Редактор психологиялық ғылымға жүгіне келіп келесі шешімді қабылдайды мәтінді түсіну автордың еңбегін, өзінің іс-әрекеті. Л. В. Щерба «Сөзге сапалы қарау, стильді жақсы меңгеру керек» дегенмен әр сөз өз орнында болса адам айтайын деген сөзінің бір болса, тақырыптан алыс кетпеуі тиіс. Дәл стиль сөзге сапалы қарау, әр түрлі реңді жақсы меңгеру бұл нәтиже болып табылады.

Редактордың мәтінмен жұмыс істегендегі негізгі міндеті – бақылау, қадағалау. Кәсіпқой әдебиетші, журналист-редактордың бақылауы жеткілікті емес, тілдің түрлі формаларына көңіл бөлу арқылы тез талдау жасап, сол мәселені шеше білу қажет. Ол мәтінді сырт көзбен қарап осы оқырман көзқарасымен көру керек. Сондықтан мәтінді дәл негізінде сырт көзқарасымен көру білуіміз қажет. Бұл дағдыға жаттығу арқды қол жеткізеді.

Гоголь өз қолжазбасына сегіз рет қарап шыққан, қолжазбасын сегіз рет көшірген соң ғана аяқталған болып есептелді. Бұл ережені күнде қолдануға болмайды және қиын. Өз мәтінмен басқа біреудің мәтінмен жұмыс істегенде қай жерде аяқталуын сезу, білу керек.

Автор мәтінді бірнеше оқырман ретінде оқығанда редактор авторға бақылауды іске асыруына көмектеседі. Басқа біреудің көзқарасы психологиялық тұрғыдан қажет, әр кәсіпқой әдебиетші басқа көзқарас керек екенін біледі. Редактор мәтінмен жұмыс істегенде белсенді, мәтінді өзінің қабылдауын бақылау, автордың шешімін өзінше бағалай білуі керек.

Тәжірибелі редакторлар редакциялаудағы ең қиыны мәтінге өзгеріс енгізу әрбір редактор мәтіннің жетіспеген жерін ғана таппай, сол мәтінге бағыт бағдар беру керек.

Мәтіндегі тілдік қателер:

Мәтіндерде қателерді әдетте ең алдымен тілдік норманың ауытқуынан деп білеміз. Бірақ та, мәтіндегі бұл қателер әр жақты, ал бағасы қашанда қиын болып келеді. Мәтінде құрылған тілдік қателердің психологиясы арнайы зертеудің пәні ретінде қаралады.

Типтік қателердің зерттелуінің шығармашылығы әдетте редакторға мәтіннің баспа орнын анықтауда мүмкіншілік береді.

Редакторға мәтіннің баспа орнын анықтауда мүмкіншілік береді.

Редактордың көңіл аударуын ең алдымен айдарлар, тақырып және айдарлар атауларын қажет етеді. Сөз ішінде әріптердің алмасуы да жиі-жиі ұшырасады.

Электр техникасы тиражды көбейтуде мәтіннің шығармашылығын шынайы көрсетеді.

Мәтінмен танысу барысында редактор нормадан ауытқып жатқан кездері болады. Көбінесе, орфография және орфографиялық норманы сақтауда бұл айқын көрінеді.

Революциядан кейінгі он жылдықта лингвистер алғаш басып, сауатты жазуды әлеуметтік мәселе деп қарастырды. Лингвист Л. В. Щорбаның айтуынша «Егер де барлығы әр түрлі жазатын болса, біз бір-бірімізді түсіне алмаймыз» деп өзінің «Сауатсыздық немесе оның әдістері» деген еңбегінде айтып кеткен болатын.

Бүгінде, кімге болмасын сауатты жазуға міндеттісің деп айта алмассың, бірақ қанша дегенмен мәтіндегі орфографиялық қателер оқырманды сыйлауға жатпайтынын білген дұрыс.

Орфографиялық ережелері қашанда тұрақты. Ол пунктуациялық, лексикалық және стилистикалық нормаға қарағанда әлдеқайда, өзгеріске көп ұшырамай қоймайды.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәтін нормадан ауытқуда әр түрлі кедергі ұшырайды. Редакторлар үшін тілдік бағалауда қаталдық шектеуге аса көп мән береді. Редакциялаудың психологиялық тілін әрқашан кең ауқымда талдаған дұрыс және бұл мәселені талқылауда тілдің дамуына ғана емес, сонымен қатар әдеби шығарманың психологиясы мен оқырман психологиясына да мән берген дұрыс.

Редакциялаудың коммуникативті ерекшеліктері:

Әдеби шығарманың нормасын жасаудағы автордың ойын нақтылай түсуде редактор үшін қоғамдық функцияның ролін атқарады.

Міне редакциялаудың тәжірибесі осыған сүйенеді. Қашанда редактор оқырман мен автор арасындағы «делдал». Бұл теория коммуникация жүйесінде редактордың функциясын айқындап көрсетеді.

Автор  редактор  оқырман схемасындағы жүйе әдеби шығарманың коммуникациясының бірлігі іспетті.

Бұл схема олардың арасындағы компоненттерін көрсетеді. Бұның келесі әдісі оның басқа жақ қырынан көрсетеді: яғни, автор  редактор  оқырман, схемасы редактордың көмегімен оқырман мен автор арасындағы байланысты айқындауда коммуникация әсер етуші медиатр сияқты болады.

Дегенмен бұл схема да редакциялаудың коммуникативті ерекшелігін көрсетпейді. Журналист үшін оқырманмен байланыс өте қажет. Егер де ақпараттық жанрлар бәріне ортақ жеткілікті болса, талдамалы мақала арнайы оқырманға арналған болар еді.

Мәтіннің коммуникативті функциясы редактордан әлеуметтік қоғам жүйесіндегі философиялық білім негізінде редактордың ролін мекен-жаймен байланыстырып мекен-жайдан талап етеді. Қанша дегенмен редактор мен автор арасындағы байланыс әрқашан қарапайым болмаған. Автор мәтініне редактор қатысы – тек филологиялық қана емес, этникалық мәселелер жағынан да қиын.

Бұл мәселелер бүгінде өз күшін жойған емес.

Редактор еңбегінің әдеби өзіндік ерекшеліктері:

Редактор автор үшін жазбайды. Бұл баспа тәжірибесінің ережесінің бірі болып есептеледі. Редакторлық шығарманың шекарасы өте қатал қаланған, бірақ қанша дегенмен редактордың әдеби еңбегі – қашанда шығармашылық еңбек болып табылады.

Шығармашылық процесс автор мен редактор үшін жан жақты.

Редактор әрқашан өзінің жұмыс процесінде өзіндік методикасының, жұмыс әдісінің болуы міндетті. Бірақ әрбір редактор бұл жағынан шебер бола бермейді. Ондай шебер редактор болу үшін білімді жан-жақты және оқырман және автормен тіл табыса білген дұрыс.
Мәтін түрлері мен оны классификациялау

«Мәтін» термині көп мағыналы. Филология саласында мәтін тіл мен шығармашылық, сөз өнерінің жазбаша қайнар көзі ретінде тілдік шығарма ретінде түсініледі. Ғылыми зерттеулер тәжірибесінде автор шығармашылығының мәтіні ұзақ уақыт бойы тіл өнері процессінің ұйымдасқан нәтижесі болып саналады, ал мәтін лингвистиканың обьектісі ретінде сөйлеммен ғана шектеледі. Қазір әдебиеттанушылар нақты зерттеулер барысында лингвистикаға көп назар аударады, ал лингвистер сөйлемге емес, керісінше сөздік бірлікке-мәтінге баса назар аударады.

Ұзақ уақыт бойы «мәтін » термині редакторлау теориясында өз мағынасында қолданылмады. Ол тек «Авторлық қолжазба » немесе «мәтіндік оригинал » деген терминмен тар ауқымда аударылып жүрді. Редакциялау процесі барысында мәтінді кез келген автордың кітап немесе мақала жариялау мақсатындағы қолжазба ретінде түсінді, ал бұл түсінік мәтінді толыққанды ғылыми тұрғыда зерттеуге жол ашпады.

Редактордың пікірінше, мәтін әдеби шығармада үнемі шектеулі, аяқталған, тұтас болып табылады. Әдебиетте «мәтін » түсінігі синонимдік тұрғыдан редакторлағанда авторлық шығарма мағынасында қолданылады. Бүгінгі күнгі мәтін теориясын танып білудің арнайы міндеттемелері бар:



  1. мәтіннің тууы мен оны түсінудегі мәтіннің мағынасын толық зерттеп алу,

  2. бірегей коммуникация ретінде мәтінді бақылау,

  3. мәтіннің бойындағы ақпараттану проблемасын зерттеу.

Мәтіннің түрлеріне тоқталмас бұрын оның қайнар көзін білудің де артықтығы жоқ. Біріншіден, қолтаңба, ашып айтқанда шығармашылық процесс барысында мәтіннің соңына автордың өз қолымен қойылған қолтаңбасы болуы тиіс. Екіншіден, өзге біреудің қолымен жазылса да, мәтін авторының өз қолымен грамматикалық, стилистикалық тұрғыдан тексерілгендігін айқындайтын мәтіннің қосымша көшірмесі. Үшіншіден, Автордың басылған мәтіні немесе мерзімді басылымдарда жарық көрген мәтіннің түрі.Төртіншіден, көшіріп алынған немесе мәтіннің анық көшірмесі. Қайнар көзінің бұл түрі ХІХ ғасырда кең таралған болатын, яғни жоғары баға қойылған аз ғана данамен мерзімді басылым сияқты болып шыққан мәтіндер. Мәтіннің қайнар көздері мен оны теориялық тұрғыдан зерттеудің басты мәселелерін толық танып білу, текстология қызметін білдіреді. Текстология қызметінің соңғы қадамы мәтіннің жазылған уақыты мен қолжазбасын қайта қарау міндетімен шектеледі.

Мәтіннің әр жерде әр түрлі қосымша мағыналары да кездеседі. Атап айтқанда, «каноникалық мәтін», «дефинитті мәтін», «сыни тұрғыда қаралған мәтін » және аяқталмаған « аяқталмаған мәтін» т. с.с. Мәтіннің мұндай сипаты оның жазылу стилі мен мағыналық жағына байланысты туып отыр. Сондықтан әр автордың жазған шығармасына баға бере отырып редактор жоғарыда аталған мәтіннің сипатымен бағалай алады.

Мәтінді редакторлық тексерістен өткізуде бірінші кезекте толық немесе біркелікті, байланыстылық , нақты бір белгісі бар жүйеде бекітілгенділік сияқты қасиеттерді анықтап алу қажет. Мәтін тудырушы автор шығарма бойында грамматикалық немесе стилистикалық, морфологиялық қателерден басқа қандай да бір тілдік деректіліктің кетпеуін, газет журналдарда берілетін жаттанды тіркестердің орынсыз қолданылмауын жіті қадағалап отыру тиіс.

Жоғарыда аталған мәтіннің қасиеттеріне жеке-жеке тоқталар болсақ, мәтіннің біркелкілігі дегенді мәтіннің өн бойын тұтас байланыстырып тұрған мағыналық жіп деп түсінуге болады. Мәтіндегі бұл қасиеттің барына көз жеткізу үшін екі бағытта шығарманы тексеруіміз керек: 1. органикалық бірлік ретінде оны анализдеу, 2. ондағы элементтердің толықтығы мен нақтылығын анықтау. Мәтіннің осы қасиеттерін толықтыру үшін ондағы кейбір сөйлемдерді тереңірек ұғымды білдіретін сөйлеммен алмастыруға болады. Бірақ, көптеген редакторлар мен шығарма авторлары мәтінді мәндендіре отырып, оның бойындағы артықшылық тудырып отырған элементтерін жойып алады.



Автордың мәтін тудырудағы міндеті

Жалпы мәтіннің жетістіктері мен кемшіліктерін тек өзге көзбен ғана біле аламыз. Себебі, шығарма тудырушы автор өз еңбегіндегі кейбір жетіспеушіліктерді байқамауы мүмкін. Осыған байланысты орыстың ұлы жазушыларының бірі Гоголь өз кезінде мынадай кеңес айтқан: «Бір жазған қолжазбама сегіз рет ораламын.Тек содан кейін оны қайта көшіріп, толық аяқталған деп білемін. Ал одан кейінгі тексеру мен бақылауды шамадан тыс, артық деп санаймын. Ол мәтінді бұзып жібереді.».

Мәтінді логикалық тұрғыдан анализдеу де автор мен редакторға көп міндет жүктейді. Егер мәтін логикалық тұрғыдан дұрыс жазылса, оны бақылау да, тексеру де оңай. Ал логикалық тұрғыдан дұрыс тумаған мәтінмен жұмыс қиынға соғады. Мәтінді логикалық тұрғыдан дұрыс жазу үшін мынадай екі операцияны еске ұстау қажет: мәтінді бөлікке ойша бөлу және осы бөліктер арасындағы байланыс пен мәтіннің мағыналық бірліктері арасындағы байланысты анықтау.

Мұндай тәсілдерді меңгеру кез келген редактордың тәжірибесінде жоқ. Сол себепті мәтіннің мағынасы мен оның бойындағы кемшіліктер , қателіктерді табу үшін де ең бірінші мәтіннің түрлерін ажырата білу өте маңызды. Жоғарыда аталып кеткен мәтіннің бірнеше түрлерінен басқа да қызметтегі құжаттарға байланысты мәтіннің өзі әр түрге бөлінеді. Бірақ, ол мәтіннің ерекшелігі сонда, оның белгілі бір ережелері немесе тәртібі болады. Анығырақ айтсақ, құжаттың басты мазмұндық жағын көрсететін мәтіннің трафарет, анкета және таблица сияқты түрлерін атап өтуге болады. Трафарет дегеніміз - дәстүрлі сызықты жазба. Мысалы:

Анықтама № 1

Бұл анықтама азамат Шаханов Дидарға берілді. Ол Астана қаласы Кенесары көшесі,25 үйде тұрады. Бір баласы бар.

Анықтама жұмыс орнына берілді.

Трафарет мәтіннің формаланған түрін көрсетеді.Ал анкета өзімізге белгілі тігінен жазылған бірнеше сұрақтардан тұрады. Оқулықта анкетаны трафаретпен ұқсастырып қарастырған, бірақ анкетаның басты айырмашылығы оның сұрақтарының тігінен берілетіндігінде. Ал таблицаға келетін болсақ, қандай да бір ақпараттың сандық көрсеткіштермен немесе анықтамалар арқылы әр бөлікке тігінен және көлденеңінен берілуі. Бұл аталғандардың барлығы қызметтік құжаттарға тән. Әр түрлі оқулықтарды аша отырып, мәтіннің өзге түрлерін кездестіруге болады. Олар жоғарыдағылардан басқа публицистикалық және авторлық мәтіндер. Бұлар әсіресе журналистік жазбаларға тән. Сонымен қатар журналистік тұрғыдан келгенде кез келген мәтіннің бойынан мағыналық жағынан ерекшелендіретін факт болуы шарт.

Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көріп жатқан материалдардың көбі ақпарат жанрына негізделіп жатқандықтан ақпарат жанры фактіні көп қажет етеді. Және мәтіндегі сөйлемдердің жалғаулары мен жұрнақтарын орынды пайдалану оның мазмұндық құрылымына көп әсер етеді.

Мәтін-редактор қызметінің басты пәні


Редактор мен автордың арасында мәтінге байланысты тығыз қарым-қатынас орнауы тиіс. Себебі, редактор мәтіннің құндылықтарына көз жеткізу барысында немесе автордың бұдан да басқа шығармашылығымен таныс болуы үшін автордың жазу шеберлігін білуі тиіс. Мәтінді сөз ете отырып, редакторды айтпау мүмкін емес. Редактор өзінің басқа міндеттерін орындаумен бірге мәтінді түрге бөлу, оны классификациялау, мәтінді логикалық тұрғыдан анализдеу, мәтіннің логикалық және синтаксистік құрылымын реттеу, қатемен жұмыс, мәтіндегі фактілік материалдар функциясын қарастыру, мәтін бойындағы элементтердің өзара байланыстылығын зерттеу, мәтіндегі цитаталармен жұмыс істеу сияқты мәтінге қатысты әртүрлі міндетті қоса атқарады. Редакторлау жұмысы өте күрделі еңбек.

Сондықтан, редакторға кез-келген ғылымның саласына икемді болу да басты міндет. Редакторлау үшін алдымен жалпы және арнайы түрдегі анықтама әдебиеттермен жұмыс істей алу қажет. Сонымен бірге редактор әдеби тілді жақсы меңгеріп, әдеби түзетудегі методикалық және әдеби әдістерін білуі шарт. Редактордың мәтінмен жұмысындағы жалпы схема төмендегідей:



  1. Ақпарат алу

  2. Тапсырманың орындалу барысы

  3. Жасалған әр қадамның нәтижесіне баға беру.

Бүгінгі күні мәтінді түзету немесе қайта көшіру сияқты жұмыстар ғылым мен техниканың дамуына біршама жеңілдіктерге алып келеді. Олай дейтініміз, мәтінді дисплэйде жазу мен өңдеу жұмысы уақытты үнемді жұмсауға зор үлесін тигізуде. Тіпті қарапайым мысал ретінде компьютерді алатын болсақ, редакцияларды қойып адамның жеке басында бір компьютер болуы таңсық емес. Егер компьютердің түрлі бағдарламаларын білетін редакторға өз қызметін жемісті орындау да қиынға соқпайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет