Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған типтік шартты жасасу ҚАҒидалары



бет3/5
Дата04.03.2016
өлшемі0.69 Mb.
#39401
1   2   3   4   5

SIP-тұғырнама қызметі:

  1. «iD PHONE» қызметі – телефон байланысы қызметтері, Интернет желісіне қатынау қызметтері, Web-портал арқылы қосымша қызмет көрсету түрлері қосылған телекоммуникация қызметтерінің топтамасы;

  2. «iD Phone» қызметін қосу өтініштерін қарау мерзімдері:






Абоненттердің санаты

«iD Phone» қызметін қосу өтініштерін қарау мерзімдері

қалаларда және аудан орталықтарында

ауылдық елді мекендерде

1

Абоненттер – «Megaline» қызметін пайдаланушылар

1 жұмыс күні

3 жұмыс күні

2

«Megaline» қызметтеріне қосылмаған абоненттер

3 жұмыс күні

7 жұмыс күні

3) «iD Phone» қызметіне қосу мерзімдері:






Абоненттердің санаты

«iD Phone» қызметін қосу мерзімдері

қалаларда және аудан орталықтарында

ауылдық елді мекендерде

1

Өтініштерінде клиенттік жабдықты инсталляциялау қажеттілігін көрсеткен Абоненттер үшін

Абонентпен келісім бойынша, алайда теңшеу жұмыстары аяқталған сәттен бастап 2 жұмыс күнінен артық емес

2

Инсталляция жұмыстарын өздігінен жүзеге асыратын Абоненттер үшін

2 жұмыс күні

4) Абонент өз бетінше жабдықты инсталляциялап, «iD PHONE» қызметіне қосылатын жағдайда, қосу үшін және қызметті көрсету төлемі Абонентке сәйкестендіру коды берілген сәттен бастап (Қоғамның қолданыстағы тарифтеріне сәйкес) 2 жұмыс күнінен кейін жүргізіледі және Оператор мен Абонент арасында жасалған Шарт бойынша ұсынылатын телекоммуникация қызметтерінің ортақ шотына қосылады;

5) Оператор Абоненттің жабдығын инсталляциялауды жүргізетін жағдайда, «iD PHONE» қызметін қосу және көрсету төлемі Оператордың қолданыстағы тарифтеріне сәйкес қызметті қосу және ұсыну фактісі бойынша есептеледі және Оператор мен Абонент арасында жасалған Шарт бойынша ұсынылатын телекоммуникация қызметтерінің ортақ шотына қосылады;

6) Оператор Шарт жасалған бір елді мекен шегінде «iD PHONE» қызметінің сапасын қамтамасыз етуге міндетті;

7) Абонент:

Қызметті Шарт жасалған бір елді мекен шегінде пайдалануға;

жергілікті телекоммуникация желіжолдары желісіне бұзылған, сәйкестік сертификаты жоқ абоненттік жабдықты қоспауға (ADSL-модем, SIP-терминал, VOIP-шлюз, бағдарламалық телефон және т.б.) міндетті.



  1. "Business Trunk" қызметі абоненттердің- АТС SIP- тұғырнамаға қосу үшін ұсынылады (әртүрлі типтегі- IP PBX, TDM PBX, Key Telephone Systems немесе жай аналогтық желілер арқылы қосылған Абоненттер). Осы қызмет бірнеше қалалық/ ауылдық нөмірлерді беру мүмкіндігімен көп арналы SIP- қосылуды ұсынуды көздейді.

  2. Абоненттің- АТС Business Trunk арқылы қосқан кезде нөмірлік сыйымдылыққа тәуелді емес дауыс арналардың санына тәуелді емес ұсынылады (бір уақытта сөйлесулер);

  3. «Виртуалды нөмір» қызметі бірнеше телефон нөмірлері бар (жұмыс, үй, ұтқыр) Абонентке кіретін қоңыраулар үшін оларды бірыңғай көп арналы телефон нөмірге біріктіру және осы қызметті Web-порталда басқару мүмкіндігін береді;

  4. «Бірыңғай қысқартылған қоңырау соғу нөмірі» қызметі (Voice Chanel iD Phone unlim) Абонентке Оператордың АМТС арқылы 800 ХХХ ХХХХ зияткерлік тұғырнама нөмірге және одан әрі Абоненттің SIP- нөміріне «Бірыңғай қысқартылған қоңырау соғу нөмірден» барлық кіретін шақыруларды қайта бағыттауды күйге келтіру мүмкіндігін береді. Бұл ретте осы нөмір Қазақстан Республикасының қай нүктесінде орналасатынына мәні жоқ. iD Phone нөмірі, сол сияқты Business Trunk арқылы ұйымдастырылған дауыс арналар ұқсас.

«Бірыңғай қысқартылған қоңырау соғу нөмірі» (Voice Chanel iD Phone unlim) мына қызметтерден тұрады:

Business Trunk арқылы PBX қосу үшін бөлінген нөмірлік сыйымдылық (географиялық аймақтың нөмірлеу жоспарына сәйкес келетін, қалалық немесе ауылдық жердің жергілікті нөмірі);

Зияткерлік тұғырнаманың нөмірі 8 800 ХХХ ХХХХ;

* Қазақстан Республикасының өкілетті органмен Клиентке берілетін, қысқа нөмір (115, 1405, 1425, 1414 және т.б.);

Абонентке қажетті бір уақытта кіретін шақырулардың мөлшерін қабылдауға қажетті дауыс арналары;

түпкілікті Абоненттердің барлық кіретін шақыруларын қысқа нөмірден* зияткерлік тұғырнаманың 8 800 ХХХ ХХХХ нөмірлеріне және одан әрі Абоненттің Call centre қосылған, Business Trunk арқылы PBX қос үшін бөлінген "iD Phone" нөмірге/нөмірлік сыйымдылыққа қайта бағыттау.

45. Қызметтердің кешенді топтамалары:

1) «Үш есе тиімді» қызметтер топтамасын қосу кезінде мыналар ұсынылады:

ҚҚТ қосымша қызмет жинағымен (13 қызмет) және қызметтерді Web-портал арқылы басқару мүмкіндігімен Оператор желісі ішінде қалааралық (аймақішілік) бағыттарға шектеусіз минуттар көлемімен «iD Phone» нөмірі;

Абонент өтінішінде таңдаған тарифтік жоспармен Интернетке кеңжолақты қатынау («Megaline» қызметі);

телехабар тарату қызметі (ID TV);

2) «Екі есе тиімді» қызметтер топтамасын қосу кезінде мыналар ұсынылады:

Абонент өтінішінде таңдаған тарифтік жоспармен Интернетке кеңжолақты қатынау («Megaline» қызметі);

телехабар тарату қызметі (ID TV);

3) «iD Home» қызметтер топтамасын қосу кезінде мыналар ұсынылады:

ҚҚТ қосымша қызмет жинағымен (13 қызмет) және қызметтерді Web-портал арқылы басқару мүмкіндігімен Оператор желісі ішінде қалааралық (аймақішілік) бағыттарға шектеусіз минуттар көлемімен «iD Phone» нөмірі;

Абонент өтінішінде таңдаған тарифтік жоспармен Интернетке кеңжолақты қатынау («Megaline» қызметі);

телехабар тарату қызметі (ID TV);

4) топтамаға кіретін барлық (соңғы) қызметтерге алғашқы табысты тіркелу және жүйеде авторлану күні кешенді топтамаларға қосылу фактісі болып табылады;


  1. Кешенді топтамаларға таңдап алынған топтаманың қандай да бір қызметін тұтынып келе жатқан Абоненттерді де (таңдап алынған топтамадан жетіспейтін қызметтерді қосу немесе барлық қызметтер болған жағдайда – оларды топтамамен тұтынуға ауыстыру), сонымен қатар таңдап алынған топтамадағы қызметтердің ешбірі ұсынылмаған жаңа Абоненттерді де қосуға болады (таңдап алынған топтаманың барлық қызметтерін бір мезгілде қосу);

  2. Абонент тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда, Оператор Абонент таңдаған топтаманың барлық қызметтері бойынша қызметтер топтамасын ұсыну орнын ауыстыруды қамтамасыз етеді (техникалық мүмкіндік болған жағдайда). Егер техникалық мүмкіндік болмаса, онда Шарт ұсынылған шегерімдер сомасын толық есептеусіз бұзылады. Таңдап алынған топтаманың кейібір қызметтеріне техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда және Абонент тек сол қызметтерді (техникалық мүмкіндігі бар) сақтап қалғысы келсе, Абоненттер ұсынылған шегерімдер сомасын толық есептеусіз таңдап алынған қызметтер бойынша тарифтік жоспарларға көшіріледі;

  3. Абоненттерге ADSL/ETTh-роутерлерді, SIP-терминалдарды және STB телевизиялық приставкаларды жауапты сақтауға беру фактісі Филиалда абоненттік жабдықтың болуына қарай қарастырылады;

  4. топтамаларды қосу (клиенттік жабдықты инсталляциялау) топтамаға кіретін барлық қызметтер бойынша Абонентке ыңғайлы уақытта делдалдың/Филиалдың мамандары келген кезде бір мезгілде жүргізіледі.

46. FMS қызметтерінің топтамасы:

1) қызметтер топтамасы Оператордың таңдауы бойынша қалыптастырылады. Қызметтер топтамасына мыналар кіреді:

«АЛТЕЛ» АҚ FMS тұжырымдамасы бойынша ұтқыр байланыс қызметтері (Оператор қызметтерді «АЛТЕЛ» АҚ сеніп тапсырған өкілеттіктер аясында ұсынады);

ұтқыр телефония;

2G/3G/4G Интернет желісіне қатынау қызметтері;

қосымша қызметтер (SMS, «Нөмірді таңдау», SIM-картаны ауыстыру);

Оператордың қызметтері:

тіркелген телефония;

SIP-платформа базасындағы қызметтер;

Интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметтері;

«Alacast» ЖШС, «Aziacell» ЖШС берілген өкілеттіктерін сеніп тапсыру аясында Оператор көрсететін қызметтер (Абонентпен осы операторлардың талаптарында және белгіленген тәртіпте бөлек шарт жасалады):

кәбілдік телевидение қызметтері;

цифрлы телевидение қызметтері;

2) топтаманы бастапқы қосқан кезде Абонентке sim- картаны тапсыру қызметті қосу фактісі болып табылады.

3) ALTEL 4G:GSM  желісі UMTS(3G) -850 МГц, GSM(2G)-1800 МГц жиілік диапазондарында дыбыс қызметтерін және деректер беруді, UMTS(3G) - 850 МГц,  GSM/LTE(2G/4G)  - 1800 МГц жиілік диапазондарында деректер беруді ұсынады;

4) «АЛТЕЛ» АҚ қызметтерін ұсыну қағидалары www.altel.kz ресми сайтында орналастырылған;

5) Абоненттің терминалдық құрылғысында іске қосылған зиянды бағдарламалық жасақтаманың, оның ішінде Интернет желісі арқылы таралатан компьютерлік вирустар салдарынан интернет-тррфик көлемінің өсуі анықталған жағдайда, Оператор Абонентті кейіннен хабардар ете отырып, себебі анықталғанға дейін Абоненттің Интернет желісіне қатынауын біржақты тоқтата алады;

6) қызметтер топтамасы бойынша баланс пен трафик туралы ақпарат мынадай түрде ұсынылады:

idport.kz порталындағы Жеке кабинет көмегімен;

«195» телефоны бойынша (баланс туралы ақпарат);

7) абоненттерге сатудан кейінгі, техникалық және ақпараттық қолдау көрсету мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

техникалық қолдау мәселелері бойынша абоненттер «165» нөмірі бойынша хабарласуы қажет;

ақпараттық қолдау мәселелері бойынша – «160» нөмірі бойынша;

8) Абонент sim-картаны жоғалтса/бүлдірсе sim-карта «Алтел» АҚ- ның сервис жүйесі орындарда ауыстырылады және GSM нөмір жаңа sim-картаға GSM абоненттік нөмірді телу жолымен қалпына келтіріледі.

47. «Қабылдау 24» қызметтер топтамасы виртуалды қалалық нөмірді ұсынумен тапсырыс берушінің қоңырауларын кәсіби және арнайы оқытылған оператормен қабылдау және пысықтау бойынша қызметтер топтамасы болып табылады.

Қызметтер топтамасына мыналар қосылады:

1) Оператордың БО-на қызмет көрсетумен виртуалды қалалық нөмір;

2) Оператор әрбір абонентке 2 тілде (орыс және қазақ) жеке хатшымен қалалық нөмірге қоңырауларды қабылдау және өңдеу;

3) қоңырауларды «тәулігіне 24 сағат жылына 365 күн аптасына 7 күн үзіліссіз және демалыссыз» принципі бойынша тәулік бойы тәртіпте қабылдау және өңдеу;

4) қоңырау түскеннен кейін және өңделгеннен кейін бір минуттың ішінде қызметті қосқан кезде көрсетілген электронды адреске әрбір қоңырау бойынша оперативтік есеп.

Қызмет үшін ақы төлеу Оператордың телекоммуникация қызметтеріне бірыңғай шотқа қосылады. «Қабылдау 24» білім базасын жеке хатшы арқылы өзгертуге болады (сәлемдесу сценарийі, қызмет көрсетудің басымды тізімі, «қара» тізім, кіретін қоңырауларды қайта бағыттауды жүзеге асыру үшін байланыс телефондар, электронды почтаның адресі және т.б.).

«Қабылдау 24» қызметтер топтамасын қосудың техникалық мүмкіндігін қарастыру мерзімдері – 1 (бір) жұмыс күн, қосылу мерзімдері (техникалық мүмкіндік болған кезде) – 1 (бір) жұмыс күн.

48. SDP- тұғырнама қызметтері:

1) WEB- интерфейсте шақыруларды бағыттау қағидалармен SDP- тұғырнамасы базасында ұйымдастырылған, қалалық нөмірлеуі бар «Виртуалды нөмір» (Абоненттің профайлына қарай үй/жұмыс/ұтқыр нөмірге кіретін қайта бағыттау). «Виртуалды нөмірге» кіретін қоңырауларды Абонент стационарлық және ұтқыр телефондарға қабылдау мүмкін;

2) «Сайттан қоңырау соғу» (ClickToCall) – Абоненттің сайтынан кәдімгі телефон қоңырауына ұқсас Абонентке өз Клиенттерінің тегін қоңырау соғуын қамтамасыз ету мүмкіндігін беретін қызмет (Клиентте гарнитура болу тиіс).

Қызмет өзіне мыналарды қосады:

Абонент орналасатын, ABCxxxxxxx пішінде аймақтың кодына жалғастырумен қалалық нөмір (“Free phone” нөмірді қосуға болады);

виджет (стандартты сыртқы келбеті бар және стандартты әрекеттерді орындайтын, пайдаланушының графикалық интерфейсі), ол мынадай мүмкіндікті береді:

Клиенттердің заңды тұлғаның қызметкеріне немесе байланыс орталыққа өз сайтынан қоңырау соғуды ұйымдастыру;

Бір немесе бірнеше виджеттерді жасау;

виджетті күйге келтіруді жүзеге асыру: сыртқы түрі, шақыру бағыты (IVR- сценарийі, топ, домен пайдаланушысы), мәтіндер;

кез келген web- парақта орналастыру үшін виджеттің HTML-кодын алу;



  1. «Виртуалды Call Centre» - мәліметтерді одан әрі өңдеу үшін келесі ұсынумен (қоңырауларды қабылдау, олардың пысықтау сапасы бойынша статистикадан, қызметтерді немесе тауарларды телефон арқылы- телемаркетинг сатуға дейін), берілген сценарий бойынша кіретін және шығатын қоңыраулардың үлкен саның қабылдау және өңдеу қызметі.

Қызметті толық құнды күйге келтіру және сервистердің сапалы жұмысы үшін жылдамдығы 1Мбит/с кем емес Интернет желісіне қатынаудың болуы қажет.

Қызмет мыналарды қосады:

Абонент орналасатын, елді мекеннің қалалық нөмірі;

Пайдаланушылық web- интерфейс;

жүйе әкімшісі үшін web- интерфейс;

Клиенттермен сөйлесулер жазбаларын сақтау үшін дискілік кеңістік (сөйлесудің жазып алынуы Абонентті сөйлесудің жүргізіліп жатқан жазып алуы туралы хабарландырған жағдайда жүргізіледі);

жазбалардың мұрағаты;

аналитикалық есептілікті алу;

бағдарламалық телефон;


  1. «Бейне online» - Интернет желісіне қатынау арқылы Оператордың желісіне өз IP- бейне камераны қосу мүмкіндігін ұсыну және нақты уақыт тәртібінде аудио, ағын бейнені, алдын ала жазылған контентті көрсету, сонымен қатар шағын онлайн- конференциялардан масштабты іс- шараларды трансляцияға дейін (бір уақытта он мың қосылуларға дейін) ұйымдастыру мүмкіндігі – сервис Абоненттердің талаптарына икемді күйге келтіріледі.

«Бейне online» қызметін қосу үшін IP-камера, Megaline, iD Net, ALTEL 4G арқылы Интернет желісіне кеңжолақты қатынау талап етіледі. Ағынның шығатын жылдамдығы (upstream) 256Кбит/сек кем емес.

IP-камераның моделіне қарай IP-камераның бейне ағынның жылдамдығы 1024 Кбит/сек асу мүмкін. «Бейне online» қызметінің параметрлерін күйге келтірген кезде бейне ағынның параметрлерін күйге келтіруді түзету Жеке кабинетте жүргізіледі.

Контент өзіне мәтіндерді, бағдарламалық жасақтаманы, сценарийлерді, графикалық бейнелерді, фотографиялар, дыбыстар, әуен, бейне, аудиовизуалды комбинациялар, интерактивті функциялар және басқа материалдар, оны пайдаланушы көру, алу немесе Абонент «Бейне online» қызметінің көмегімен ұсыну мүмкіндігі бар.

Абонент тапсырыс бланкіде нақты оқиғаның мақсатын, аудио және бейне трансляцияның мазмұның, «Бейне online» қызметі трансляцияланатын web- сайттың адресін көрсетуге міндетті (Қағиданың 1- қосымшасы). Тапсырыс бланкіде көрсетілмеген өзге контенттің трансляциясы көзделмейді.

«Бейне online» қызметін пайдаланған кезде Абонентке мынадай кез келген ақпаратты енгізуге, сақтауға, жариялауға, таратуға және қатынауды ұсынуға немесе басқа түрде пайдалануға тыйым салынады:

Қауіп- қатері бар, беделін түсіретін, қорлайтын, абыройын және адамгершілігін немесе іскерлік атағын қаралайды немесе басқа пайдаланушылардың немесе үшінші тұлғалардың жеке өмірінің дербес құқықтылығын бұзады;

кәмелетке толмаған тұлғалардың құқығын бұзады;

тұрпайы немесе ерсі болып табылады, былапыт лексикасы бар, порнографиялық суреттері және мәтіні немесе сексуалды сипаттағы көрінісі бар;

зорлық немесе жануарлармен адамгершілікке жатпайтын түрде қарау көрінісі бар;

өзіне өзі қол жұмсау құралдардың және әдістердің сипаттамасы, оны жасауға кез келген араңдатушылығы бар;

нәсіл, дін, этникалық өшпенділікті немесе алауыздықты насихаттайды және/немесе оған әрекет жасайды, фашизмді немесе нәсілдік артықшылық идеологиясын насихаттайды;

экстремистік материалдары бар;

қылмыстық қызметті насихаттайды немесе қылмыстық әрекеттерді жасау бойынша кеңесті, нұсқалары немесе басшылықтары бар;

қатынауы шектелген ақпараты бар, мемлекеттік және коммерциялық құпияны, үшінші тұлғалардың жеке өмірі туралы ақпаратты қоса есептегенде, бірақ онымен шектелмей;

алдамшылық сипаты бар;

кез келген патентті, сауда марканы, коммерциялық құпияны немесе авторлық және сабақтас құқықтарды бұзады;

есірткі заттарды насихаттауы бар;

Абонентке пайдалануға рұқсат бермеген, үшінші тұлғалардың зияткерлік меншігі болып табылады, сонымен қатар азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүддесін немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзады;

Абонент мыналарға міндеттенеді:

Контентке Қазақстан Республикасында иеленуі және таратуы құқыққа қайшы келетін материалдарды енгізуге, орналастыруға немесе қолжетімді етпеуге;

«Бейне online» қызметін тек заңды мақсаттарда ғана қолдануға, осы қызметті пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

Пайдаланушыларды (көрермендер, тыңдаушылар) аудио, бейне контентті пайдаланған кезде бүліну, зақымдану немесе өлім сияқты барлық тәуекелдіктерді өзіне қабылдайтыны туралы алдын ала ескертуге. Ақпаратты шектеу және пайдалану тәуекелдіктері туралы Абонентпен алдын ала ескертілген пайдаланушылар, мұндай ескертулерге қарамастан өз еркімен қатынауды жүзеге асыруға немесе бейне контентті пайдалануды жалғастыруға құқылы.

Абонент мыналарға жауапкершілік тартады:

Контентке және оны енгізу, орналастыру немесе web-сайт жариялау салдарына;

«Бейне online» қызметі бойынша түсініктемелерді жасауға және орналастыруға байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Бейне online» қызметінің жеке парақшаларында ақпаратты орналастыруға байланысты өз әрекеттеріне.

Егер Абонент тыйым салынған контенті бар аудио, бейне трансляцияны өткізген болса, Оператор Абонентпен біржақты тәртіпте шартты бұзуға, «Бейне online» қызметін сөндіруге құқылы;



  1. SDP- тұғырнама қызметтерді топтамасын қосудың техникалық мүмкіндігін қарастыру мерзімдері және техникалық мүмкіндік болған кезде қосу мерзімдері:

Қызметтерді атауы

Қызметтерді қосуға техникалық мүмкіндікті қарастыру мерзімі

Қызметтерді қосу мерзімдері

«Виртуалды нөмір» қызметі

1 (бір) жұмыс күн

1 (бір) жұмыс күн

«Сайттан қоңырау соғу» қызметі

1 (бір) жұмыс күн

1 (бір) жұмыс күн

"Виртуалды Call Centre" қызметі

1 (бір) жұмыс күн

1 (бір) жұмыс күн

"Бейне online" қызметі

1 (бір) жұмыс күн

1 (бір) жұмыс күн


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет