Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған типтік шартты жасасу ҚАҒидалары


Тарифтер, Абоненттердің Оператормен өзара есеп айырысуы



бет2/5
Дата04.03.2016
өлшемі0.69 Mb.
#39401
1   2   3   4   5

Тарифтер, Абоненттердің Оператормен өзара есеп айырысуы




  1. Көрсетілген қызметтер үшін ай сайынғы есептеулер Қазақстан Республикасының заңнамасына, Оператордың сертификатталған биллинг жүйелеріне сәйкес Оператордың бекіткен тарифтері бойынша жүргізіледі.

  2. Бірінші абоненттік нөмірді бере отырып, абоненттік терминалдың телефон желісіне қосылу үшін ақы төлеуді Абонент Шартты жасағанға дейін жүзеге асырады, Абоненттің қалауы бойынша Шартты жасасқаннан кейін көрсетілген телекоммуникация қызметтерінің жалпы шотына қосылуы мүмкін.

  3. Абонент жағында инсталляциялық жұмыстарды жүргізу үшін төлем, қосымша телефонды, КЖҚ қызметтерін қосу үшін төлем, көрсетілген қызметтер үшін абоненттік төлем Оператордың қолданыстағы тарифтеріне сәйкес қызметтерді қосу фактісі бойынша есептелінеді және телекоммуникация қызметтерінің жалпы шотына қосылады.

  4. Егер Тараптардың бөлек келісімімен өзгеше көзделмесе, Абонент ай сайын нақты көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу айынан кейінгі айдың 25 дейінгі мерзімде ақы төлеуді жүргізеді.

  5. Абонентке меншік құқығында тиесілі емес орынжайда немесе кепілде тұрған өзінің меншікті орынжайында телефон орнатқанда (қайта ресімдегенде) және қызметтерді қосқанда, Клиентпен/Абонентпен төлем жасаудың аванстық тәсілі талаптарында Шарт жасалады. Бұл ретте:

  1. Абонент айдың 1-ші күніндегі жағдай бойынша жеке шотында көрсетілетін қызметтер үшін белгіленген айлық төлемнің және қалааралық, халықаралық қосылыстар мен ұялы операторлар абоненттерімен қосылыстар қызметтерін, сондай-ақ ақылы анықтамалар мен басқа да телекоммуникация қызметтерін ұсыну үшін болжамды шығындардың кемінде екі еселенген сомасының болуын қамтамасыз етеді;

  2. Оператор көрсетілетін қызметтер үшін бір айлық белгіленген ақыны шегере отырып (минусқа жіберу), ай сайын алдын ала енгізілген сомаға сәйкес көлемде қызметтер көрсетеді;

  3. Аванстық төлем сомасын пайдалану кезінде (жеке шоттағы қалдық бір белгіленген төлем мөлшеріне тең болады) Абонент қолжетімді тәсілмен (телефон, SMS-хабарлама, Жеке кабинет және т.с.с. арқылы) шотты толықтыру қажеттігі туралы хабардар етіледі;

  4. Ақша қаражаты бір тәулік ішінде түспеген жағдайда Қызметтерді көрсету уақытша тоқтатылады. Қызметтерге қатынауды қайта жаңғырту Абоненттің шотына алдына ала төлем түскен соң немесе Абоненттің алдын ала төлем жасағаны туралы құжатты ұсынғаннан кейін жүргізіледі;

  5. Абонент алдын ала төлем сомасын өз қалауы бойынша толтыруға құқы бар. Балансты анықтау мына телефон бойынша жүргізіледі _________________;

  6. Қызметті пайдаланғаны үшін Абонент ай сайын ағымдағы айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде төлем жүргізеді;

  7. Шарт Абоненттің бастамасы бойынша бұзылатын жағдайда алдын ала төлем сомасы (болған жағдайда) Абоненттің жазбаша өтініші бойынша Шарт бұзылған күннен бастап он күн ішінде қайтарылады немесе Абоненттің өтініші бойынша басқа жеке шотқа аударылады.

  1. Абонент ұсынылған шот бойынша қызметтерге төлем жүргізу мерзімін кешіктірген жағдайда, Оператор Абонентке байланыс қызметтеріне қатынауды тоқтата тұруға құқығы бар. Бұл ретте байланыс қызметтеріне қатынауды қайта жаңғырту берешек толық көлемде өтелген соң немесе Шарт талаптарын бұзушылықтар жойылған кезде жүргізіледі.

  2. Абонентке берешек үшін байланыс қызметтеріне қатынауды уақытша тоқтатқаннан кейін Оператор Абонентке алдағы уақытта Шарттың бұзылатыны туралы хабарлама жібереді және Абонент берешекті төлемесе немесе бұзушылықты қалпына келтірмесе, 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін Шартты біржақты бұзады. Қаражатты өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіпте жүзеге асырылады.

  3. Шарттың бұзылуы, Қызметтерден бас тарту Абонентті берешек сомасын төлеуден босатпайды.

  4. Абонент бір күнтізбелік айда бір рет «Megaline» және «ID Net» қызметтері бойынша тарифтік жоспарларды ауыстыруды жүзеге асыра алады. Тарифтік жоспарды өзгерту тарифтік жоспарды ауыстыруға өтінім берілген айдан кейінгі айдың 1-ші күнінен бастап жүзеге асырылады.

  5. «Megaline» қызметін «Megaline/iD Net Light» тарифтік жоспары бойынша ұсыну ерекшеліктері:

1) «Megaline/iD Net Light» тарифтік жоспары – бұл кез келген тұрғылықты мекенжай бойынша және абоненттік желіжолға құқығы болмаған жағдайда дербес шот ашу арқылы көрсетілген қызметтерге аванстық төлем негізінде алдын ала төлем жүргізу шартында Интернет желісіне кеңжолақты қатынауды ұсыну;

2) Қызметке «Megaline/iD Net Light» тарифтік жоспары бойынша қосылу үшін Абонентке портқа қосылу үшін біржолғы төлемді (қажет жағдайда – Абонент жағында жүргізілген жұмыстар үшін біржолғы төлемді) жүргізуі қажет;

3) Қызметті пайдаланғаны үшін төлемді Абонент ай сайын ағымдағы айдың 25-не дейін жүргізеді;

4) Аванстық төлем әр айдың 1-не дейін түспеген жағдайда Қызметті ұсыну уақытша тоқтатылады (жеке шоттағы қалдық – бір айлық абоненттік төлемнен кем). Екінші ай ішінде төлемеген жағдайда Шарт автоматты түрде бұзылады, қызмет алынып тасталады;

5) Абонент қызмет тоқтатылғаннан кейін екі ай ішінде абоненттік төлем жасап, қосу үшін біржолғы төлемдерсіз Қызметті ұсынуды қайта жаңғыртуға құқы бар.

35. «Megaline» қызметін «Megaline Box» тарифтік жоспары бойынша ұсыну ерекшеліктері:

1) «Megaline» қызметін «Megaline Box» тарифтік жоспары бойынша алу үшін Абонент делдалдардың «Megaline» қызметін сату орындарында ADSL-модем, микрофильтр (сплиттер), модемді орнату және теңшеу нұсқамасы, «Megaline» қызметінің тарифтік жоспары бойынша ақпарат қамтылатын «Megaline Box» кешенін сатып алуы қажет, сондай-ақ «Megaline Box» тарифтік жоспары бойынша «Megaline» қызметін алу Сертификатын толтырып, қол қоюы тиіс;

2) Сертификат Қызметке 7 жұмыс күні ішінде қосылуға құқық береді;

3) «Megaline Box» кешенінің құнына модем, микрофильтр (сплиттер), орнататын компакт-диск құны, сондай-ақ Қоғам бағанамасына сәйкес портқа қосылу үшін біржолғы төлем кіреді.



  1. Қызметтердің тізбесі мен сипаттамасы. Оларды көрсету тәртібі

36. Телефония қызметтері:

1) Шарт жасалғаннан кейін телефон орнату тәртібі мен мерзімдері Оператордың актілеріне және осы Қағидаларға сәйкес анықталады:



Қызметтердің атауы

Телефонды қосудың техникалық мүмкіндігін қарастыру мерзімдері

Қызметтерді қосу мерзімдері

1

қалаларда және аудан орталықтарында

2 (екі) жұмыс күні

10 (он) жұмыс күні

2

ауылдық елді мекендерде

5 (бес) жұмыс күні

10 (он) жұмыс күні

2) телефонды қайта ресімдеу өтініші өтініш берілген күні өңделеді (даулы сәттер болмаған жағдайда). Қосымша ақпарат алу, филиалдың заң бөлімшесінен кеңес алу, басшылық шешімін алу қажет болған жағдайда қарау мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауы тиіс;

3) Шарт жасалып, желіге қосу үшін төлем алынғаннан кейін техникалық мүмкіндіктің болмауына байланысты телефонды (-дарды) орнатудан бас тартуға рұқсат етілмейді;

4) жаңа мекенжай бойынша бұрын бөлінген телефон нөмірін пайдаланумен телефонды (-дарды) қайта орнатуға техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, Абонентке тиісінше шартты қайта ресімдеу арқылы телефонды (-дарды) жаңа нөмірмен (-лермен) орнату ұсынылады;

5) жаңа мекенжайы бойынша телефон орнатуға техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, Абоненттің өтініші есепке алынады және телефонды (-дарды) орнату кезек тәртібінде жүргізіледі. Бұл жағдайда Анықтаманың қолданыс мерзімі телефонды орнату мерзімімен шектеледі;

6) егер Абонент өзі шығып кеткен сәттен бастап бір ай өткеннен кейін Анықтамаға жүгінсе, ал орынжайдың жаңа иесі Шартты қайта ресімдеуді жасамаса, онда Анықтама Абонентке орынжайдың жаңа иесінің жазбаша келісімімен беріледі. Анықтама берілгеннен кейін орынжай телефондандырылған деп саналмайтын болады, ал жаңа иесі желіге қосу үшін төлемді толық көлемде төлеуге міндетті болады;

7) орынжайдың бұрынғы иесі-Абоненттің жазбаша келісімі болмай, шартты жаңа иесінің атына қайта ресімдеу телефондандырылған орынжайдың меншік құқығы өтініш берушіге өткенін растайтын құжатты тіркеу сәтінен бастап бір ай мерзім ішінде жүргізіледі. Егер бұрынғы иесі орынжайды жаңа меншік иесіне қайта ресімдеу сәтінен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін және жаңа меншік иесіне шартты қайта ресімдегеннен кейін Анықтамаға жүгінсе, Анықтама орынжайдың бұрынғы иесіне берілмейді;

8) абонент Анықтаманы алған сәттен бастап телефон орнатылған орынжай телефондандырылмаған болып саналады;

9) Операторда жергілікті телефон қосылыстарын уақытына қарай есептеуді жүргізуге техникалық мүмкіндігі болған жағдайда, Абонент-жеке тұлға Қызметтерге төлем жүргізудің абоненттік немесе уақытына қарай есептеу жүйесін таңдауға құқы бар. Төлем жүргізудің уақытына қарай есептеу жүйесі кезінде Абоненттің талап етуі бойынша Оператор төленуге тиісті орын алған жергілікті телефон қосылыстары туралы жазбаша ақпаратты тегін ұсынады. Телефон қосылысының ұзақтығы Операторда орнатылған телефон қосылыстарының ұзақтығын уақытпен есепке алу аппаратурасы көрсеткіштері бойынша анықталады;

10) Абонентке телефония қызметтерін көрсету Абоненттің жазбаша өтініші бойынша Шарт бұзылмай 6 айға дейінгі мерзімге уақытша тоқтатылады. Бұл ретте Абоненттен Оператордың тарифіне сәйкес өтініште көрсетілген барлық мерзімге төлем алынады. ОТА қызметтерін уақытша сөндіру" қызметтеріне қосылған абоненттердің саны бір елді мекеннің аясында жергілікті телефон байланысы қызметтеріне қосылған абоненттердің жалпы санның 10% артылмау тиіс;

11) Сериялық нөмірлерді қосу шығыс байланысты шектеумен жүзеге асырылады. Бір серияда абоненттік желіжол саны он бестен аспауы тиіс;

12) Сериялық қосылудың әрбір нөмірі бойынша ең көп жүктеме сағатында құралатын жүктеменің жиынтық (шығыс және кіріс) қарқындылығы 0,15 Эрл-ден аспауы тиіс. Жүктеме артық болған жағдайда Абонент абоненттік желіжолдар санын ұлғайтуды міндетіне алады;

13) алдын ала таңдап алынған қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланысы операторы ретінде Оператор саналады;

14) телекоммуникация қызметтерін сымсыз технология бойынша көрсету жерүсті байланыс арналары бойынша қызмет көрсетуге техникалық мүмкіндік пайда болғанға дейін жүзеге асырылады.


37. ADSL технологиясы бойынша Интернет желісіне қатынау қызметтері (MEGALINE):

1) ADSL технологиясы бойынша Интернет желісіне кеңжолақты қатынау – әдепкі «мыс» телефон арналары бойынша дауыс пен деректі бір мерзімде беру технологиясы. Қосу үшін қолданыстағы телефон желіжолын пайдалануға болады. Абонентке сплиттер орнатылады (жиілік бөлгіш), оған телефон мен ADSL-модем қосылады. Абонент телефонды, факсті пайдаланумен бір мезгілде Интернет желісінде жұмыс істей алады. ADSL технологиясы арқылы Интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметін Оператор «Megaline» сауда белгісімен ұсынады;



  1. «Megaline» қызметіне жазылғаннан кейін Абонент алғашқы рет авторландыру және Абонентті тіркеу үшін бастапқы аутентификациялық деректерді алады. Абонентке бастапқы аутентификациялық деректерді беру жолдары:

делдал клиенттік жабдықты инсталляциялау кезінде «Megaline» қызметінің делдалы;

Оператор қызметкері клиенттік жабдықты инсталляциялау кезінде және Абонент Оператордың СЖО-ға өтінім жасағанда;



  1. Абонентті «Megaline» қызметіне қосу кезінде қосымша жұмыстар жүргізу қажет болғанда (қосарлас телефонды бұғаттан шығару, терминалды АВУ-дан немесе РСМ-нен ажырату, Абоненттің телефон нөмірінің өзгеруі және т.с.с.), Оператор Абонентке («Megaline» қызметін көрсетуге берген Абоненттің өтінішінде көрсетілген байланысу телефондарының нөмірлері бойынша) туындаған қиындықтар мен «Megaline» қызметін қосу жоспарланған күні туралы хабарлайды;

  2. Абонент қосымша жұмыстар жүргізумен немесе телефон нөмірінің өзгеруімен келіспеген жағдайда, Абоненттің «Megaline» қызметіне берген өтініші қайтарылады. Абонентке берілген бірегей код Оператор жүйесінен жойылады;

  3. Абонентті жүйеге тіркегеннен кейін Абонент «Megaline» қызметіне тұрақты қатынауды жүзеге асыру үшін аутентификациялық деректерін жеке өзі белгілейді;

  4. Егер Абоненттің клиенттік жабдығы www.megaline.kz орналастырылған қолдануға ұсынылған жабдықтар тізіміне енгізілмесе немесе желідегі жұмыстар қателер мен проблемалар тудырса, Оператор Абонент проблеманы жойғанға дейін «Megaline» қызметін көрсетуді тоқтата тұруға құқылы;

  5. Алғашқы табысты тіркелу және жүйеде авторландыру күні Абоненттің «Megaline» қызметіне қосылу фактісі болып табылады;

  6. Оператор Абонент «Megaline» қызметіне қосылуға өтінішті ресімдегеннен кейін Интернет желісіне кеңжолақты қатынауды қамтамасыз етуге немесе Абонент «Megaline» қызметін көрсетуге өтінішті ресімдегеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Абонентке себебін көрсетіп, тиісті бас тартуды жеткізуі тиіс;

  7. Абонент:

Оператор Абоненттің телефон желіжолын пайдалану арқылы Абонентті «Megaline» қызметіне қосуды қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтау туралы хабарлағаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей авторландырудан өту арқылы «Megaline» қызметіне қосылуға;

Оператордан Абоненттің телефон желіжолын пайдалану арқылы Абонентті «Megaline» қызметіне қосуды қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтау туралы хабарлама алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде өз бетінше қосылуға мүмкіндігі жоқ екені туралы хабарлауға міндетті;



  1. Деректер беру желісін жаңғырту, «Megaline» қызметін ұсыну технологиясында өзгерістер болған жағдайда, Оператор Абонентті «Megaline» қызметінен Интернет желісіне талшықты-оптикалық байланыс желіжолы бойынша қатынау қызметіне ауыстырып қосуға құқылы, бұл ретте абонентке осындай ауыстырып қосудан күнтізбелік 10 (он) күн бұрын хабарлайды. Абоненттің «Megaline» қызметінен Интернет желісіне талшықты-оптикалық байланыс желіжолы бойынша қатынау қызметіне ауыстырып қосуға келісімі Абоненттің өтінішімен ресімделеді. Бұл ретте қызмет параметрлерінің нашарлау жағына қарай өзгеруіне жол берілмейді.

38. FTTH технологиясы бойынша Интернет желісіне қатынау қызметі (iDNET):

1) FTTН (Fiber To The Нome) технологиясы – бұл байланыс торабынан Абоненттің үйіне (пәтеріне) дейін оптикалық байланыс желіжолдары тартылған, талшықты-оптикалық байланыс қолданылатын Интернет желісіне кеңжолақты қатынау технологиясы. FTTH технологиясы бойынша Интернет желісіне қатынау қызметі «iD Net» сауда маркасымен ұсынылады;


  1. «iD Net» қызметін қосу және көрсету үшін төлем сомасын есептеу Абонентті «iD Net» қызметіне қосуды қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтау туралы Оператор Абонентке хабарлаған күннен бастап 1 (бір) күн өткеннен кейін немесе қызметті қосу және көрсету фактісі бойынша жүргізіледі. Алғашқы табысты тіркелу және авторлану күні Абонентті «iD Net» қызметіне қосу фактісі болып табылады;

  2. Оператор:

 Абонент қызметті көрсетуге өтінішті ресімдегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Интернет желісіне кеңжолақты қатынауды қамтамасыз етуге немесе Абонентке себебін көрсетіп, тиісті бас тартуды жеткізуге;

Абонентті «iD Net» қызметіне қосуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар аяқталғаны туралы Абонентке хабарлауға;

«iD Net» қызметіне өз бетінше қосылу мүмкін болмаған жағдайда, Оператор Абонентті қызметке қосуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды аяқтау туралы хабарлағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде орнату мекенжайы бойынша қызметті теңшеу шараларын қабылдауға және қызметтің жұмыс істеп тұруын көрсетіп беруге міндетті;


  1. Абонент:

Оператор Абонентті «iD Net» қызметіне қосуды қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтау туралы хабарлағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей қызметті пайдаланып, авторланудан өту арқылы «iD Net» қызметіне қосылуға;

Оператор Абонентті қызметке қосуды қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтау туралы хабарлағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде «iD Net» қызметіне өз бетінше қосылуға мүмкіндігі жоқ екені туралы хабарлауға міндетті;

5) Оператор:

Ашық клиенттік Telnet/WEB-интерфейс жабдығы бойынша клиенттік жабдықты бұзу нәтижесінде туындаған Абонентке жағымсыз ықтимал салдар үшін;

Абонентті берешегін төлемегені үшін телефон желісінен ажыратқан жағдайда қызмет көрсетуді тоқтатқаны үшін жауапты болмайды.
39. Интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметін қосудың техникалық мүмкіндіктерін қарау мерзімдері:



Қызметтің атауы

Қызметтерді қосудың техникалық мүмкіндіктерін қарау мерзімдері

Қызметтерді қосу мерзімдері

1

«Megaline» қызметі

5 (бес) жұмыс күні

5 (бес) жұмыс күні

2

«Megaline Box» ТЖ бойынша «Megaline» қызметі

5 (бес) жұмыс күні

5 (бес) жұмыс күні

3

«iD Net» қызметі

1 (бір) жұмыс күні

2 (екі) жұмыс күні

40. Сымсыз қатынау технологиялары базасында Интернет желісіне қатынау қызметтері:

1) Желінің бас тартусыз жұмыс істейтін аймағында тұратын Абоненттерге ұсынылады. Таңдап алынған Қызметтің түріне байланысты қосу 10 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүргізіледі;

2) Оператор Абонентті тіркеу және Қызметке қосуды Шарт жасалғаннан кейін жүргізеді (бірінші рет жүгіну жағдайында), екінші және келесі қызметтерді қосқан жағдайда, өтініші және Қыметті қосудың бас тартусыз орнатулары аймағында географиялық орналасуы бойынша абоненттің мекенжайын тексеру негізінде жүргізеді. Егер Оператор қызметті ұсыну кезінде агент болып табылса, онда Абонентпен бөлек шарт жасалады;

3) егер Абонент Шартта көрсетілмеген қосымша қызметтерге (клиенттік жабдықты теңшеу, консультациялар және т.с.с) тапсырыс берсе, Тараптар тиісті Орындалған жұмыстар актісіне және осы қызметтер, оларды ұсыну шарттары мен құны атап көрсетілетін қажетті қосымшаларға қол қояды. Қызметтердің құны телекоммуникация қызметтері үшін ағымдағы шотта ұсынылады;

4) Қызметті пайдалану Оператордан немесе «АЛТЕЛ» АҚ-дан сатып алынатын немесе жауапты сақтауға берілетін клиенттік жабдықтың, сондай-ақ жабдықты Оператордың желілерінде қолдану мүмкіндігін растайтын тестілеу актісі бар жабдық көмегімен жүзеге асырылады;

5) бірлескен жоба аясында белгілі бір ұтқыр терминал типіне «АЛТЕЛ» АҚ Абонент үшін арнайы шегерім беретін болса, онда Шарт бұзылған жағдайда Абонент 14 күнтізбелік күн ішінде ұсынылған шегерім сомасын төлеуді немесе кепілдік талоны болған жағдайда тауар түрін сақтаумен ұтқыр терминалды қайтаруды міндетіне алады;

6) тарифтер өзгергенде және басқа төлемдер енгізілген жағдайда Оператор жаңа тарифтерді енгізгенге дейін 15 күнтізбелік күн ішінде Абонентті хабардар етіп, тарифтерді түзету құқығын өзіне қалдырады. Жаңа тарифтер енгізілгеннен кейін Абонентпен жаңа тарифтер енгізу күніне дейін қайта есеп айырысу жүргізіледі. Егер Абонент өзгертілген тарифтер бойынша қызметтерді пайдалануға келісім бермесе, онда ол бұл жөнінде тарифтердің өзгертілетіні туралы хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде Операторға жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Бұл жағдайда қызметке қосылу жаңа тарифтер енгізілген күннен бастап күшін жойған болып саналады;

7) Интернет желісіне сымсыз қатынауды ұсыну кезінде жылдамдық пен сапаға кепілдік берілмейді және базалық стансаның орналасқан ауданына, қабылданатын сигналдың сапасына, яғни оның базалық стансадан алшақтауына, ең көп жүктеме сағатына, қосылыс кезінде базалық станса қызмет көрсететін деректер беру абоненттерінің санына тәуелді;

8) жауапты сақтауға берілген клиенттік жабдық қайтарылмаған жағдайда, оның құны Абоненттің жеке шотына ұсынылады;

9) Оператор Абоненттің тұрғылықты аймағында Оператордың қолданыстағы технологиялары бойынша (iD Net, Megaline және т.б.) КЖҚ қызметтерін ұсынудың техникалық мүмкіндігі болуы және желіні жаңғырту фактісі бойынша Шартты біржақты тәртіпте бұза алады. Бұл жағдайда Оператор Абонентке жазбаша түрде хабарлайды және ауыстырып қосуды Абонент таңдаған тарифтік жоспарға сәйкес жүргізеді. Бұл жағдайда қосу үшін төлем алынбайды;

10) дебиторлық берешек болғанда немесе Абоненттің бастамасы бойынша «ID Net Wireless» қызметін бұғатқа қойған жағдай да, ұтқыр Интернет қызметі бұғатталады, қайта есептеу жүргізілмейді, абоненттік төлемді есептеу толық көлемде жүзеге асырылады;

11) сымсыз технологиялар базасында ұйымдастырылған қызметтерді көрсетуді тоқтату («CDMA Base», «CDMA Plus», «Super EV-DO 1», «Super EV-DO 2» тарифтік жоспарлар) мына талаптарда жүзеге асырылады:

Қызметтің көрсетілуі Шартты бұзусыз Абоненттің жазбаша өтінішу арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте Абоненттен Оператордың тарифіне сәйкес төлемақы алынады;

Қызмет Операторда қызметті көрсету үшін жабдықта бос сыйымдылық болған кезде көрсетіледі;

Телекоммуникация қызметтері үшін берешек болған кезде қызмет көрсетілмейді;

"СDMA КЖҚ қызметтерін уақытша сөндіру" қызметіне қосылған абоненттердің саны бір елді мекеннің аясында «CDMA Base», «CDMA Plus», «Super EV-DO 1», «Super EV-DO 2» тарифтік жоспарларға қосылған абоненттердің жалпы санының 10% артылмау тиіс.
41. "Megaline/iD Net қызметтерін уақытша сөндіру" қызметі Megaline, iDNet қызметтерінің Абоненттеріне мына талаптарда көрсетіледі:

1) қызметтің көрсетілуі Шартты бұзусыз Абоненттің жазбаша өтініші бойынща жүзеге асырылады. Бұл ретте Абоненттен Оператордың тарифіне сәйкес төлемақы алынады;

2) қызмет 10% кем емес бос құрастылыған порт сыйымдылығы болған жағдайда көрсетілу мүмкін.

3) телекоммуникация қызметтері үшін берешек болған кезде қызмет көрсетілмейді.




  1. «Турбо-режим» қызметі техникалық мүмкіндік бар ауылдық елді мекендерде ұсынылады және Интернет желісінің сыртқы ресурстарына жылдамдықты 1024 Кбит/с-тан 2048 Кбит/ с дейін ұлғайтуды көздейді. Қызметті пайдаланғаны үшін төлем Астана қ. уақыты бойынша сағат 23:00-ден 14:00-ге дейінгі уақыт аралығында алынады. Сервис "Megaline Light", "Megaline Light Optima ", "Megaline Light ID Phone ", "Megaline Turbo Light ID Phone", «Megaline Turbo Plus», «Megaline Turbo Light» тарифтік жоспарларынан басқа барлық "Megaline" қызметінің тарифтік жоспары үшін қолжетімді.

Сервисті пайдалану кезеңінде өндірілетін трафик нөлдік ставка бойынша тарифтеледі және кіірс трафиктің шекті көлемін қалыптастыру кезінде ескерілмейді:

1) «Megaline Start» ТЖ бойынша 10 Гбайт;

2) «Megaline Hit Optima» ТЖ бойынша 20 Гбайт.


  1. Интернет қызметтеріне қосымша сервистер:

"Megaline/iD Net" абоненттері үшін IPv4 статикалық адресі бойынша Интернетке қосылу қызметі IPv4 статикалық адрес бойынша "Megaline/iD Net" бар абоненттерін Интернетке қосуға арналған және Интернет қызметтеріне қосымша сервис болып табылады. Интернетке қатынау әрбір Клиент үшін жария IPv4-адреспен ұсынылатын болады. Сервисті Жеке кабинетке қатынауы бар Абоненттер пайдалану мүмкін.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет