«темекі түтінінен азат қазақстан үшін» Ұлттық одағЫ Қазақстандағы темекіге қарсы орталықтардың Қызметін ұйымдастыру



бет1/4
Дата20.07.2016
өлшемі0.49 Mb.
#211272
  1   2   3   4



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

«ТЕМЕКІ ТҮТІНІНЕН АЗАТ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН» ҰЛТТЫҚ ОДАҒЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕМЕКІГЕ ҚАРСЫ ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

(әдістемелік ұсыныстар)

Алматы, 2013 жыл

Қазақстандағы темекіге қарсы орталықтардың қызметін ұйымдастыру

(әдістемелік ұсыныстар)


А.Ғ. Төлеғалиева, Ж.Е. Баттақова, С.Б. Мұқашева, Л.Н. Шумилина, Алматы қаласы, 2013 жыл - 35 бет.

Әдістемелік ұсыныстар сауалнама арқылы емделушінің темекі тарту деңгейі, түрі туралы қажетті ақпараттарды алу және никотинге тәуелділіктен емделуде жеке тәсілін жүзеге асыру, темекі тартудан бас тартуға психологиялық дайындық есебі мен темекі тартудан бас тарту кезеңінде тұлғаға қолдауды дұрыс ұйымдастыру үшін темекі тарту ерекшеліктерін тексеруге кешенді әдіс енгізуге бағытталған.

Сауалнаманы емделуші өзі жазып толтырады және оған көп уақыт кетпейді. Мұндай әдіс емделушінің тез арада кері байланыс алуы мен никотинге тәуелділігін емдеу барысында белсенді рөл атқаруына себебін тигізеді.

Осы әдісті қолдануда алынатын көлемдік және сапалық ақпарат темекі тартуды тастағысы келетін тұлғаларды қолдау, емдеу және тексеру жұмысы кезеңінде ескерілуі мүмкін, сонымен бірге, нәтижесінде темекі тартумен күреске көмек көрсету жөніндегі темекіге қарсы орталық мамандарының жұмысының тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстар салауатты өмір салты қызметі аясында жұмыс атқаратын дәрігерлерге, психологтарға және басқа мамандарға арналған.

Рецензиялаушылар: м.ғ.д. Т.И. Слажнева, м.ғ.к. Т.А. Ізмұхамбетов.



МАЗМҰНЫ
Қысқартылған сөздер тізімі .......................................................................... 4 бет

Кіріспе ............................................................................................................. 5 бет

Темекіге қарсы орталықтың жұмысын ұйымдастыру ................................ 6 бет

Темекіні тастағысы келетін емделушілерді қараудағы

кешенді әдіс жүргізу ....................................................................................... 9 бет

Диагностикалық кезең ................................................................................... 9 бет

Емдеу кезеңі .................................................................................................. 14 бет

Бақылауды қолдау кезеңі ............................................................................. 17 бет

Темекіге қарсы орталықтың қызметкерлері үшін емделушімен жұмыс кезінде қолданатын әдістері туралы ақпарат............................................................ 18 бет

Қорытынды..................................................................................................... 21 бет

Әдебиеттер...................................................................................................... 22 бет

Қосымшалар................................................................................................... 23 бет



ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ:
ТҚО – темекіге қарсы орталық

ТТ – темекі тарту

НАТ – никотинді алмастыру терапиясы

ИЕРТ – инемен емдеу рефлексті терапиясы

АЖ – аутогендік жаттығу

ДДҰ – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

СӨСҚПҰО – Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығы

ДДҰ ТКШК – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі ұйымының шекті келісімшарты

ҚР ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта құрамына Қазақстан да кіретін темекі тарту кең таралған елдерде темекі тарту мен темекіден уланудың салдары аурушаңдылық, мүгедектік пен өлім-жітімнің алдын алудың басты себебі болатыны барлығына мәлім.

Көп адам темекінің қауіпті екенін біледі, бірақ кейбіреуі, тіпті медициналық қызметкерлер арасында да темекі тарту салдарынан ағзаның бұзылатынын түсінеді.

Қазақстанда темекі тарту жылына 25 мың адамның өкпе обырынан, созылмалы обструкциялық өкпе ауруынан, жүректің ишемиялық ауруынан және басқа да аурулардан қайтыс болуының басты себебі болып отыр. Темекі тартудың балалар, жасөспірімдер, еңбекке қабілетті тұрғындар және зейнеткерлер арасында мұндай көлемде таралуы індет түрі сипатына ие болып отыр, ал мұндай жағдай мемлекеттік деңгейде темекі тартудың алдын алу мен темекіні шектеу үшін барлық құралдар мен ресурстарды жұмылдыруды талап етеді. Темекі тұтынуды азайту ең біріншіден тұрғындардың денсаулығын жақсартады.

ҚР ДСМ тапсырысы бойынша СӨСҚПҰО жүргізген 2012 жылғы 5-ші Ұлттық зерттеу мәліметінде сұралған ересек жастағы тұрғындар арасында темекі тартудың таралуы - 26,5%, сауалнамаға жауап беруші пассивті темекі тартушылар - 62,2%, темекі тартуды ешқашан тастамаған темекі тартатын сұхбаткерлер саны - 25,9%, күнделікті темекі тартатын сұралғандар - 20,3%, күнделікті тартпайтындар - 8,3%-ды құрады. Темекі тартудың 11-17 жастағы балалар мен жасөспірімдер арасында кең таралуы 6,7%, сұралған балалар арасында үйде пассивтік темекі тартатындар – 12,5% және басқа орындарда 14,8%-ды құрайды. Темекі індетінің құрбандары еңбекке қабілетті жастағы адамдар – 18-55 жастағы еркектер мен 15-49 репродуктивті жастағы әйелдер болып отыр. Жасөспірімдер мен жастардың темекі тартуының көбеюі ерекше қауіп тудыруда. Қазақстан темекіге қарсы жеткілікті деңгейде белсенді күрес жүргізуде. Республикада 2006 жылдың 25 қарашасынан ҚР «Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымдарының темекіге қарсы күрес жөнінде шекті келісімшартын бекіту туралы» (ДДҰ ТКШК) заңы әрекет етуде. Шекті келісімшартты бекіткен басқа да 179 мемлекетпен қатар республикамыз ел тұрғындарының денсаулығы үшін темекі тартуды бақылау шараларын енгізу жөніндегі халықаралық міндеттерді ойдағыдай орындауда. ҚР «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексімен 18 жасқа толмаған тұлғаларға темекі сатуға, темекіні талдап сатуға, қоғамдық орындарда темекі тартуді шектеуге тыйым салынды. «Жарнама туралы» заңына және «Темекі өнімдерін жарнамалау, сатуға және демеушілік жасауға себепші болу» ДДҰ ТКШК 13-бабына сәйкес темекі өнімдерін жарнамалауға толық тыйым салу бөлімінде темекі өнімдерін жарнамалауға толық тыйым салу жүзеге асырылды; темекі өнімдеріне салық салуды өсіру үдерісі жалғасуда. Сонымен 2014 жылы темекі салығы 94%-ға өседі. Темекі тартуға тыйым салу мен темекі өнімдері сатылатын орындарда темекі тартудың зияны және айналадағыларға темекі түтінінің әсерінен қорғау жөнінде ескерту жасау жүзеге асуда.

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 22-қарашасындағы №1366 қаулысымен темекі өнімдері қораптары мен темекі өнімдерінің орамасына оның құрамы, шайырлы заттар мөлшері, никотин және жүйелік улар, канцерогендік пен мутагендік заттар және темекі қораптарындағы қажетті пиктограммалар (қорқыныш тудыратын суреттер) туралы темекі тартудың зияны жөнінде ескерту орналастыру Ережесі бекітілді. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашасында №1367 қаулысымен сондай-ақ, темекі өнімдерін сататын орындарда темекі тартудың зияны жөнінде ескертулер орналастыру бекітілді. ҚР Үкіметінің осы баптары 2013 жылдан күшіне енді.

2013 жылдың сәуірінен республикада темекі тартудан пайда болған обыр және өкпе эмфиземасы, миокард инфарктісі, бармақ бастары гангренасы, белсіздік сияқты аурулар бейнеленген ең жақсы халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін пиктограмма-суретбейнелерімен темекі қораптары пайда болды. ДДҰ сарапшыларының мәліметінше пиктограмманы қолдану 3 жыл ішінде бір миллионға жуық қазақстандықтың темекі тартудан бас тартатынын болжауға мүмкіндік береді.

Темекі тарту, темекі өнімдерін қолдану және темекі тартудан бас тартуда көмек көрсетудің профилактикасында дүниежүзінде орнаған тиімді тәжірибелік құрылымдардың бірі темекіге қарсы орталықтар (кабинеттер) болып табылады. Қазақстан Республикасында 2013 жылдан СӨСҚ өңірлік орталықтары және БМСК негізінде жылына орта есеппен алғанда 1982 адамды қамтитын 95 темекіге қарсы орталықтар мен кабинеттер ашылған және жұмыс істеуде. Жоғарыда көрсетілген және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылдың 9-маусымындағы № 381 «Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласының қызметін жүзеге асыруда денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже» бұйрығына сәйкес распубликадағы БМСК негізінде құрылған темекіге қарсы орталық қызметтерінің, мінез-құлық қаупі факторлары бойынша денсаулық мектептері қызметтері жетілдіріліп және жүйесі кеңейтілуде.

ТҚО қызметінің тиімділігі үшін олардың жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру мен мамандардың біліктілігін көтерудің маңызы зор.




  1. ТЕМЕКІГЕ ҚАРСЫ ОРТАЛЫҚ (КАБИНЕТТЕР) ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Орталық, құрамында профилактикалық және әлеуметтік-

психологиялық көмек бөлімдері бар емдік-профилактикалық мекемелер (емхана, ОДА, фельдшерлік пункттер және т.б.) негізінде ұйымдастырылады. Темекіге қарсы орталықтың маманы мейірбике, фельдшер, никотинге тәуелді емес емделушіге жай әсер ету әдісімен оқытылған дәрігер бола алады (1-қосымша).

Темекі тартуды тастауға бел буған емделуші бағыты БМСК дәрігерінің

қабылдауынан және емделушіні темекіге қарсы орталыққа жіберетін емханаға тіркеуге тұрудан басталады (10-қосымша).

Хорна сауалнамасы (темекіге физикалық және психологиялық

тәуелділікті анықтау) мен Фагерстрем тестіне (2,3-қосымшалары) негізделіп жасалған әдістеме бойынша темекі тарту түрін, темекі тарту деңгейін бөліп тастайды және никотинге тәуелді мен тәуелді емес шылымқор емделушілердің 2 негізгі түрін анықтайды (10-қосымша). ТҚО-та емделушіге төлқұжат мәліметтері, Хорна сауалнамасы бойынша арнайы тестілік белгілері туралы ақпараттар, емделушінің шылым тарту кезіндегі физикалық параметрі, ұсынылатын әсер ету әдісі тіркелген шылымқордың арнайы картасы толтырылады.

Никотинге тәуелді емес шылымқорларға көмек темекі тартуға қарсы орталық мамандарымен дәрілік емес құралдарды, соның ішінде тыныс жолына гимнастика, сумен емдеу шаралары, диеталық ұсыныстар, массаждар, дене белсенділігін арттыруға тарту арқылы көрсетіледі. Осы қызметтер тікелей осы орталықтың негізінде емделушіге үздіксіз бақылау жасау мақсатында көрсетілгені дұрыс. Мұндай шылымқорлар түрімен жұмыс істеу темекі тартудан бас тарту мен емделу кезеңіне қатысып, қолдау көрсету үшін отбасын, ұжымдастарын, достарын және т.б. тартуды да ойластырады.

Никотинге тәуелді шылымқорларға ықпал етуде дәрілік терапия, ине рефлекстік терапия, су-джок, массаж, гипнозбен емдеу, аутогендік терапия және т.б. алмастырумен байланысты психотерапевтік әсер етуді қолдануды ұйғарады. Сонымен, никотинге тәуелді емделушілерге мамандандырылған көмек көрсету үшін ШҚО жұмысына невропатологтар, наркологтар, психологтар, психотерапевтер сияқты тар бейіндегі мамандар жұмылдырылады.
ТЕМЕКІГЕ ҚАРСЫ ОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің м.а.

2011 жылдың 9-маусымындағы

№381 бұйрығымен бекітілген


Жалпы ереже


  1. Темекіге қарсы орталық (кабинет) (бұдан әрі – ТҚО) БМСК-ның

құрылымдық бөлімшесі, немесе СӨСҚО-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.


  2. Темекіге қарсы орталық (кабинет) әкімшілік тұрғыдан қай ұйымның базасында құрылса сол ұйымның басшысына бағынады, ұйымдыстыру - әдістемелік тұрғыдан – облыстық (қалалық) СӨСҚ орталығына қарасты болады.


      3. Темекіге қарсы орталық (кабинет) көрсетілетін емдеу-профилактикалық қызметтің сапасын арттыру үшін арнайы наркологиялық, психологиялық, әлеуметтік түзету қызметтерімен және мектептердегі наркопосттармен өзара іс-қимылда болады.


      4. ТҚО келесі функцияларды жүзеге асырады:


      1) темекі тартуға тәуелділіктен арылуға келетіндерге емдеу-профилактикалық көмек көрсету;


      2) медицина ұйымдарында «Темекі тартудан азат аймақ» жобасын жүзеге асыру ісінде ұйымдастыру-консультациялық көмек көрсету (семинарлар өткізу, медицина қызметкерлерін темекіге тәуелділіктен емдеу);


      3) медицина қызметкерлеріне халықтың арасында темекінің алдын алу тәсілдерін үйрету;


      4) бекітілген халық арасында темекі тартудың таралуы бойынша статистикалық мониторинг пен талдау жүргізу, тәуелді темекі тартушіліктен арылғысы келетіндерге көмек көрсету қызметін жетілдіру және дамыту туралы ұсыныстар әзірлеу;


      5) дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің темекі тартушылықтың алдын алу мәселелері бойынша кәсіби білім беру жүйесін арттыру үшін ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар жүргізу, темекіге тәуелділік мәселелеріне қатысты конференциялар, кеңестер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу;


      6) темекі тартудың алдын алу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу (акциялар, семинарлар, дәрістер, сұхбаттар);


      7) темекіге тәуелділіктің алдын алу мәселелері бойынша жасөспірімдермен жұмыс жүргізу үшін жастардың арасынан жетекшілер (еріктілер) іріктеп алу және білімдерін арттырып еріктілер қозғалысын дамыту;


      8) жастар мен қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өзара іс-қимыл және жұмылдыру, халықтың арасында білім беру жүйесіне, санитариялық-профилактикалық жұмыстарына жеке үлесін қосу, оның ішінде теледидар мен радио арқылы сөз сөйлеу, мерзімдік басылымға мақалалар жариялау және басқа;


      9) медицина ұйымдарының қызмет көрсететін аумақтағы ұйымдардың арасында темекі тартудың таралу деңгейін төмендету үшін сектораралық байланысты қамтамасыз ету және халық арасында темекі тартудың алдын алу іс-шараларын үйлестіру (аудан әкімшілігі, мектептердегі, колледждердегі, жоғары оқу орындарындағы және басқа темекіге қарсы орталықтар).
Темекіге қарсы орталықтың қызметкерінің атқаратын міндеттері


  1. Темекіге қарсы орталықтың жұмыс жоспарын жасады (9-қосымша).

  2. ТҚО есептік құжаттарын мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің келешектегі ақпараттар үшін есептік түрге сәйкес жүргізеді.

  3. Профилактикалық қызметті темекі тартуға ескерту жасау және шектеу бойынша ұйымдастырады.

  4. Темекі тартуды тастағысы келетіндерге емдік-профилактикалық көмек көрсетуді ұйымдастырады.

  5. Медициналық қызметкерлер үшін тұрғындар арасында темекі тартудың алдын алу мен оны шектеу мәселелесі бойынша оқытатын семинар-тренингтер ұйымдастырады.

  6. Медициналық қызметкерлер арасында темекі тартуға тыйым салу туралы бұйырықтың орындалуын бақылайды.

  7. Қызмет көрсететін аумақта темекі тартуды шектеу мен алдын алу бойынша жұмыстарды үйлестіреді.




  1. ТЕМЕКІ ТАРТУДЫ ТАСТАҒЫСЫ КЕЛЕТІН ЕМДЕЛУШІЛЕРГЕ КЕШЕНДІ ӘДІС ЖҮРГІЗУ

Темекі тартуды тастағысы келетін емделушілерге көрсетілетін

көмек үш басты кезеңде қарастырылған: диагностикалық, емдік, темекі тартудан бас тартқан кезде белгілі бір деңгейде көмектің тиімділігін анықтайтын жалғастырушылық пен тығыз өзара байланыс, қолдау мен бақылау кезеңі.


    1. Диагностикалық деңгейдің басты міндеті болып келешекте

емдеу жүргізу тәсілі сай әдісті таңдау үшін емделушінің өзіндік темекі тарту ерекшелігін анықтау болып табылады. Бұл кезеңде емделушінің интегративтік мінездемесін негізге алып, темекі тартудан бас тартуға психологиялық дайындығын анықтау маңызды. Емделушінің психологиялық дайындығы жеткіліксіз болған жағдайда темекі тартудан бас тарту уәждемесін көтеретін темекі тартуды емдеуге бағытталған арнайы жаттығу беріледі.

Шылымқордың мамандарға темекіні тастауға көмек сұрай қаралуы

олардың бұл әдетінен бас тартуға шынымен дайын екендігін көрсетпейді. Шылымқордың уәждемесі жеткілікті дәрежеде қалыптасқан және оны жете түсінген болмауы мүмкін. Темекі тартудан бас тартуды бір сәттік оқиғалар сияқты емес, процесс деп қарау керек. Сондықтан емделушінің темекі тартудан бас тартуға психологиялық дайындық деңгейін анықтау емдеуге сәйкес кешенді әдіс таңдау үшін маңызды. Емделушінің уәждемесі деңгейі (дәрежесі) жоғары болса, мамандандырылған кабинеттер мен темекі тартуға қарсы профилактикалық бағдарламалар жұмысының тиімділігі одан да жоғары болады.

Қазіргі уақытта емделушінің темекі тартуға төзімділігін

К. Фагерстрем тесті (2-қосымша) арқылы алдын ала тексеруге болады.

Темекі тартудан бас тартудың жетістігі темекі тартудағы әлеуметтік

жағдайы, темекі тарту деңгейі, темекі тартудан бас тартуға психологиялық көмек және емделушінің темекі тарту түрімен бірге қажетті факторлар тізбесімен анықталады.

Темекі тартудың әлеуметтік жағдайы – бұл емделушінің жұмыс

орнында және отбасында темекі тартудың таралуы, сонымен қатар емделушінің темекі тартуды тастауға деген ниетіне ұжымдастары мен туыстарының көзқарасы. Темекі тартудағы әлеуметтік жағдай емделушінің темекі тартуды тастауға деген ниетін қолдауға қолайлы, сол сияқты қолайсыз болуы да мүмкін. Темекі тартудағы әлеуметтік жағдай ықпалын емделуші немесе дәрігер күшімен тәжірибе түрінде өзгертуге болатынын тұрақты деп санауға болады, алайда, оны емдеуден өткеннен кейінгі кезеңде психологиялық және медициналық көмек көрсету үшін ескеру қажет.



Емделушінің темекі тартудағы өзіндік сипаты – бұл темекі тарту

өтілі, темекі тартуды бастағандағы жасы, бір тәуліктегі темекі тарту қарқыны мен қалыптылығы. Осы мәліметтерді айқындау емделушінің темекі тарту деңгейі мен фармакологиялық тәуелділігі деңгейін анықтау үшін қажет.

Темекіге тәуелділіктің қалыптасу деңгейі анықталған факторлар

тізбесімен өзара сәйкестігімен байланысты. Анықталған темекі тарту сипатының интегративтік көрсеткіші темекі тарту деңгейі болып табылады.



Бірінші деңгей – кездейсоқ темекі тарту жағдайға байланысты.

Темекіге психологиялық тәуелділік басым болып келеді. Темекі тартумен байланысты соматикалық аурулар бұл дейгейде болмайды. Вегетативтік-тамырлық өзгерістер аздап білінуі мүмкін. Темекіден бас тарту кезінде кішкене абстиненция байқалады, вегетативтік-тамырлық өзгерулер қайтымды болады.



Екінші деңгей – темекі тұтыну өтілі кем дегенде 20 жыл. Темекігі ұзақ

тартады, темекіге физиологиялық тәуелділік жиілеген, темекіге төзімділік жоғарылаған. Бұл деңгейде шылымқорларда темекі тартумен байланысты соматикалық патология байқалады. Бірақ оның байқалуын қайтаруға болады. Темекіден бас тарту абстиненция белгілерінің анықталуымен жиі байқалады.



Үшінші деңгей – темекі тарту өтілі 20 жылдан көп. Тәулігіне 15-20

темекіні тартады. Аш қарынға, түн ішінде, аралығы бірдей мезгілде темекі тартуы мүмкін. Темекіге физиологиялық тәуелді, үздіксіз темекі тартуға құштар, темекіге төзімділігі өте жоғары. Барлық шылымқорларда тәжірибелік соматикалық және неврологиялық патология кездеседі. Темекіден бас тарту күрделі абстиненция белгілерімен байқалады.

Шылымқормен диагностикалық кезең жұмысын толық жүргізу

мақсатында дәрілік және дәрілік емес әдістердің әсерінің оңтайлы байланысын таңдау, темекі тартуды табысты емдеуді жоспарлау үшін емделушінің темекі тарту ерекшелігін кешенді әдіспен тексеру қолданылады.

Әдіс терапевт және психологпен өзара қатынас уәждемесін

жоғарылатып және алдағы емделуге көзқарасы бойынша белсенді ұстанымын нығайтатын емделушінің материалмен өз бетімен атқарған жұмысына есептелген.

Әдіс - төрт сауалнамадан тұрады: №1 сауалнама - «Темекі тартудағы

әлеуметтік жағдай»; №2 сауалнама - «Темекіден бас тартуға психологиялық дайындық»; №3 - «Сіздің темекі тарту ерекшелігіңіз» сауалнама; №4 сауалнама - «Сіздің темекі тарту түріңіз» -.

Әр сауалнаманың соңында емделушіге алынған нәтижеден қысқаша түсініктеме беріледі.

Бірінші екі сауалнама емделушінің емделуге дайындығын анықтауға және емделуге дайын темекіден бас тарту уәждемесін жоғарылату бойынша әрі қарай жұмысты қажет ететін емделушілерді саралауға мүмкіндік беруге бағдарланған.

Бұл сауалнама тек арнайы кабинет шеңберінде ғана емес, профилактикалық бағдарлама жүргізуде де қолданылады.

Екі соңғы сауалнама темекіден бас тартуды қалайтын емделушілерге тиімді көмек көрсету үшін қажетті жігерін жоспарлауға, кешенді емделуді таңдауға да мүмкіндік береді.

«Темекі тартудағы әлеуметтік жағдай» сауалнамасы емделушінің өзіндік темекі тарту ерекшелігін анықтау үшін жасалған (6-қосымша).

№1 сауалнама 0-ден 3 ұпайға дейін бағаланатын 4 сұрақтан әр сұрақта 4 жауап вариантынан тұрады. Шылымқорға берілген жауаптардың біреуін таңдап ұпайларды қосу ұсынылады.

Ұпаймен анықталып алынған көрсеткіш, емделушінің бұл әдеттен бас тартуы үшін темекі тартудағы әлеуметтік жағдайы үшін қолайлы дәреженің біреуіне сәйкес келеді. Сауалнаманы өзі толтыру арқылы емделуші алынған нәтижемен таныса алады.

0-ден 3 ұпайға дейін көрсеткіш темекіден бас тарту үшін жағдайдың қолайсыздығы – емделушінің темекі тастауды қалауына ұжымдастары мен туыстарының кері көзқарасын, қоршаған әлеуметтік ортасында темекі тартудың кең таралуын көрсетеді.

4-тен 8 ұпайға дейін көрсеткіш қолайлы және қолайсыз фактордың сәйкестігін айтады. Мұндай жағдай белгілі бір аралық сияқты қаралуы мүмкін.

9-дан 12 ұпайға дейінгі көрсеткіш егер емделуші темекіні тастайтын болса, оған жақындарының психологиялық қолдау көрсететінін дәлелдесе, ал әлеуметтік жағдай темекіден бас тарту үшін қолайлы болып бағаланады.

№1 сауалнаманың көмегімен алынған мәлімет темекіден бас тартушы, бірақ темекі тартпау уәждемесіне қосымша күшті қажет ететін қолайсыз жағдайдағы тұлғаны қолдау мен бақылау кезеңінде жұмыстар ұйымдастыру үшін қажет.

Темекіден бас тартуға психологиялық көмек сұрақ-жауап арқылы анықталады. Сұрақ-жауап 30 мақұлдаудан тұрады (8-қосымша).

Әр мақұлдама басында үш ұпайлы межелік бойынша бағаланады. Емделушіге өзі келісетін мақұлдаманы таңдауға және сауалнама соңында келтірілген арнайы кестені қолдану арқылы алынған ұпайды санау ұсынылады.

Темекіден бас тартуға психологиялық көмек 0-ден 27-ге дейінгі ұпайлармен бағаланады және үш– жоғары (18-ден 27 ұпайға дейін), орташа (10-нан 17 ұпайға дейін), төмен деңгейі (0-ден 9 ұпайға дейін) бар. Емделушінің әр сауалнаманың соңында берілетін сұрақ-жауап нәтижесімен танысу мүмкіндік бар.

№2 сауалнаманың көмегімен алынған темекіден бас тарту жетістігін жоспарлау егер емделушінің темекіні тастауға дайындығы жеткілікті дәрежеде жоғары болса тікелей емдеуді бастау немесе оның темекі тартпау уәждемесін көтеретін арнайы жаттығуларға емделушіні бағыттау.

Темекіге тәуелділік дәрежесін сипаттайтын факторлар №3 «Сіздің темекі тарту ерекшелігіңіз» сауалнамасын қолдану арқылы анықталады(7-қосымша).

№3 сауалнама әр сұраққа жауап варианттары бар 7 сұрақтан тұрады. Емделушіге жауапты таңдап, таңдалған жауап қасындағы ұпайларды қосу ұсынылады.

Темекіге тәуелділіктің қалыптасқан 3 деңгейі анықталады. Бірінші деңгей 0-ден 6 ұпайға дейін, екіншісі – 7-ден 12 ұпайға дейін, үшіншісі – 13-тен 18 ұпайға дейін. 1-деңгейден 3-деңгейге дейін темекіден бас тартқанда шамаланған қиын абстиненция белгісі және соған орай емделу қиындығы жоғарылайды.

Емделушінің темекі тарту түрі Д.Хорна сауалнамасы бойынша анықталады(3-қосымша). Сауалнама дұрыс емдеу тәсілін таңдау үшін емделушінің темекі тарту ерекшелігін алдын ала тексеруде қолданылады.

Сауалнама әліпбидегі А-дан Т-ға дейін әріптермен белгіленген 18 мақұлдамадан тұрады. Әр темекі тартудың алты түріне үш мақұлдамадан келеді («ынталандыру» - АЖН, «темекімен ойнау» - БЗО, «босаңсу» - ВИП, «қолдау» - ГКР, «қалау» - ДЛС, «рефлекс» - ЕМТ). Әр мақұлдамаға 5 жауап варианттары беріліп, ұпаймен бағаланады: «үнемі» (5 ұпай), «жиі» (4 ұпай), «жиі емес» (3 ұпай), «сирек» (2 ұпай), «кейде» (1 ұпай). Емделушіге мақұлдаманы зер салып оқып білу үшін нұсқау және әр мақұлдамаға жауап таңдау үшін мүмкіндік беріледі.

Ұпайлар қосылып темекі тарту түрі анықталады. Темекі тарту түрі егер 11 ұпайдан жоғары болса анық анықталған болып есептеледі. Егер алынған ұпай саны 7-ден 11 ұпай болса, берілген темекі тарту түрлері емделушіге тән болады. Егер ұпай саны 7-ден төмен болса, онда емделушіге берілген темекі тарту түрі анықталмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет