темiр жолдарда жылжымалы құрамның бос
тұрғаны (тоқтап тұрғаны, кiдiртiлгенi) үшiн
төлем
1. Вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн төлемдi жүк жөнелтушi, жүк алушы, тармақ иеленушi тасымалдаушыға, ал тиiстi шарт болған кезде вагондардың, контейнерлердiң иесiне:
1) тиеу (түсiру) және маневрлiк жұмыстар үшiн тасымалдау қағидасында белгiленген уақытты қоса алғанда, вагондардың, контейнерлердiң жүк жөнелтушiлерде, жүк алушыларда, тармақ иеленушiлерде болған бүкiл уақыты үшiн;
2) жүк жөнелтушiлердiң, жүк алушылардың, тармақ иеленушiлердiң кiнәсiнен магистральдық, станциялық жолдарда вагондар мен контейнерлердiң бос тұрған (тоқтап тұрған, кiдiртiлген) уақыты үшiн төлейдi.
2. Жүк жөнелтушiлердiң, жүк алушылардың, тармақ иеленушiлердiң, вагондар (контейнерлер) иеленушiлердiң кiнәсiнен орын алған магистральдық, станциялық жолдарда, сондай-ақ концессия шарттары бойынша темiр жолдарда тасымалдаудың технологиялық процесiнiң бұзылуына әкеп соққан вагондардың бос тұрғаны (контейнерлердiң кiдiртiлгенi) үшiн олар көрсетiлген жолдардың иеленушiсiне соларда тұрған уақыты үшiн төлеген төлемдерiн тасымалдаушыға өтеуге мiндеттi.
3. Төлемнiң мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
Ескерту. 49-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
50-бап. Жүктi беру кезiнде тексеру
1. Тасымалдаушы жүктi беру кезiнде оны:
1) бұзылған вагонда, контейнерде келген;
2) жолдағы темiр жол станцияларының бекiту-пломбалау құрылғыларымен бекiтiлген, сондай-ақ бекiту-пломбалау құрылғылары жоқ болған немесе олар бұзылған вагондарда, контейнерде келген;
3) ашық жылжымалы құрамда немесе бекiту-пломбалау құрылғылары жоқ жабық вагондарда тасымалданған кезде, егер мұндай тасымалдар тасымалдау ережелерiнде көзделген болса, жетiспеу, бұзылу (бүлiну) белгiлерiмен келген;
4) тез бүлiнетiн жүктердi рефрижератор вагондарда тасымалдаған кезде жеткiзiп беру мерзiмi бұзылып немесе температуралық режим бұзылып келген;
5) тасымалдаушы тиеген;
6) түсiрудi тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайларда тексередi.
2. Тасымалдаушы ыдыстағы және жеке-дара жүктердi тек бүлiнген жерлердегi жүктiң салмағы мен жай-күйiн тексерiп бередi. Ыдыстың бұзылғаны немесе жүктiң жай-күйiне әсер етуi мүмкiн басқа да жағдайлар байқалған кезде, тасымалдаушы бұзылған жерлердегi жүкке тексеру жүргiзедi.
3. Жүктi беру кезiнде оның салмағын тексеру оны тиеген кездегi салмағын анықтау тәсiлiмен жүргiзiледi.
Егер жүктiң жөнелту станциясында анықталған салмағы баратын станциясындағы салмағымен салыстырғанда тасымалдау ережелерiне сәйкес белгiленген салмақтың шектi ауытқу және табиғи азаю нормасынан аспаса, жүктiң салмағы дұрыс деп есептеледi.
4. Жүк алушы мен тасымалдаушыда вагонды өлшейтiн таразылар болмаған жағдайда, бос және үйiп тиелген жүктер салмақтары тексерiлмей берiледi.
Ескерту. 50-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
51-бап. Жүктiң жетiспеу, бұзылу (бүлiну) мөлшерiн
анықтау
1. Жүктiң жоғалғаны, жетiспейтiнi немесе бұзылғаны (бүлiнгенi) байқалған жағдайда тасымалдаушы мен жүк алушы нақты зиянның мөлшерiн бiрлесiп анықтайды.
2. Тасымалдаушының немесе жүк алушының бастамасы бойынша жүктiң жетiспеуiнен, бүлiнуiнен немесе бұзылуынан болған нақты зиянның мөлшерiн анықтау жөнiнде сараптама немесе өзге де қажеттi зерттеу жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Сараптама немесе өзге де қажеттi зерттеу жүргiзуге байланысты шығыстар кiнәлi тарапқа жүктеледi.
52-бап. Төлем бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз
ету жөнiндегi шаралар
1. Тасымалдаушы өзiне тасымалдау үшiн берiлген жүктi тасымал төлемiн және басқа да тиесiлi төлемдердi қамтамасыз ету үшiн ұстап қалуға құқылы.
2. Соттардың және өзге де уәкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша жүк (алып қойылған, тәркiленген, иесiз деп танылған) сатылған жағдайда, тасымалдаушының тасымалдау мен сақтауға байланысты шеккен шығыстары сот шешiмдерiн және басқа уәкiлеттi органдардың шешiмдерiн орындауға құзыреттi тұлғалардың атқарушылық iс-әрекеттерiн жасау жөнiндегi шығыстар ретiнде өтеледi.
53-бап. Жүк алушының мiндеттемелерiн бұзуының
салдары
1. Жүк алушы жүктi алу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындаудан жалтарған жағдайда тасымалдаушы жүк келген кезден бастап жетi тәулiк (тез бүлiнетiн, қауiптi жүктерге қатысты - екi тәулiк) өткен соң жүк жөнелтушiнi жүкке оның иелiк ету қажеттiгi туралы хабардар етуге мiндеттi. Жүк жөнелтушi мұндай хабарламаны алған кезден бастап төрт тәулiк (тез бүлiнетiн, қауiптi жүкке қатысты - екi тәулiк) iшiнде жүкке иелiк етуге мiндеттi.
2. Жүк жөнелтушiнiң тез бүлiнетiн жүкке қалай иелiк ету жөнiндегi нұсқауы болмаған, жүктi сақтау оның бұзылуына әкелiп соғуы мүмкiн болатын жағдайда тасымалдаушының оны сатуға құқығы бар.
Тез бүлiнетiн жүктi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиесiлi барлық төлемдердi шегергеннен кейiн жүк жөнелтушi үшiн нотариустың атына депозит шартымен салынады.
3. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнiң жүкке иелiк ету туралы нұсқауын алған кезге дейiн жүктi жүк алушыға беруге құқылы.
4. Жүк жөнелтушiнiң жүкке иелiк ету туралы нұсқауын осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмде алмаған жағдайда тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға құқылы.
Ескерту. 53-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
54-бап. Жүктiң тиiстi емес жүк алушының атына келуi
1. Жүк алушының атына берiлуi шартта көзделмеген жүк келген, сондай-ақ атауы темiр жол көлiгi жүкқұжатында көрсетiлген атауға сәйкес келмейтiн жүк келген жағдайда:
1) жүк алушы жүктiң келгенi жөнiнде хабарлама алған кезден бастап бiр тәулiк iшiнде тасымалдау шарты бойынша өзiнiң тиiстi тарап еместiгi туралы тасымалдаушыға жазбаша хабарлама жiберуге мiндеттi;
2) тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi жүкке иелiк ету қажеттiгi туралы дереу хабардар етуге мiндеттi, ал жүк жөнелтушi төрт тәулiк (тез бүлiнетiн, қауiптi жүктерге қатысты - екi тәулiк) iшiнде жүкке иелiк ету туралы жазбаша нұсқау беруге мiндеттi.
2. Темiр жол жүкқұжатында көрсетiлген жүк алушы тасымалдаушыға тиiстi барлық төлемдердi төлеген жағдайда, оның жүктi алуға құқығы бар.
3. Жүк жөнелтушiнiң жүкке иелiк ету туралы нұсқауын осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде алмаған жағдайда, тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға, ал тез бүлiнетiн жүктi осы Заңның 53-бабының 2-тармағына сәйкес сатуға құқылы.
Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
55-бап. Жүк тасымалдауға кедергiлер
1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнiң, экспедитордың кiнәсiнен жүктi тасымалдауға кедергiлер туындағаны (кеден және өзге де мемлекеттiк органдардың кiдiртуi) және мұндай жүктi одан әрi тасымалдау үшiн басқа тасымалдаушыларға тапсыру мүмкiн еместiгi туралы жасалған шартқа сәйкес, дереу телеграф арқылы немесе өзге тәсiлмен жүк жөнелтушiнi немесе экспедиторды хабардар етуге мiндеттi.
Жүк жөнелтушi, сондай-ақ экспедитор, егер шартта оған осындай мiндеттемелер жүктелген болса, жүк тасымалдауға кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Тасымалдаушы үшiн белгiленген жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерi жүк жөнелтушiнiң, экспедитордың кiнәсiнен жүктi кiдiрткен уақытқа ұзартылады.
3. Экспорттық және импорттық жүктi кiдiрткен уақыты үшiн кiнәлi тұлға тасымалдаушыға - вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы, ал транзиттiк жүктi кiдiрткен уақыты үшiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген мөлшерде ақы төлейдi.
4. Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы тасымалдаушыдан хабарлама алған кезден бастап сегiз тәулiк (тез бүлiнетiн, қауiптi жүктерге қатысты - төрт тәулiк) iшiнде кiдiртiлген жүктерге қатысты шара қолданбаған жағдайда, тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға немесе көлiк құралынан жүктi босатуды талап етуге, ал тез бүлiнетiн жүктi осы Заңның 53-бабының 2-тармағына сәйкес сатуға құқылы.
Ескерту. 55-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.07.09 N 596, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
8-тарау. КIРМЕ ЖОЛДАР
56-бап. Кiрме жолдарды пайдалану шарттары
1. Кiрме жолдар, олардың құрылыстары мен құрылғылары құрылыс нормалары мен ережелерiнiң талаптарына сай келуге, жылжымалы құрамды магистралдық жолдарда рұқсат етiлетiн техникалық жүктеме нормасымен өткiзудi қамтамасыз етуге тиiс.
2. Кiрме жолдар, олардың құрылыстары мен құрылғылары жүктi ырғақты тиеудi, түсiрудi (жүктен босатуды), жүк айналымына сәйкес маневрлiк жұмысты, сондай-ақ жылжымалы құрамды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге тиiс.
3. Кiрме жолды оны салу немесе шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде пайдалану қысқа мерзiмдi шарт талаптарымен жүзеге асырылуы мүмкiн.
4. Кiрме жолдарды пайдалану тасымалдау қағидасына сәйкес тармақ иеленушi әзiрлейтiн және магистральдық темiр жол желiсiнiң операторы бекiтетiн кiрме жолдардағы қозғалысқа қызмет көрсету және оны ұйымдастыру тәртiбi туралы нұсқаулықтың негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. 56-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09 N 596, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
57-бап. Кiрме жолдардың жалғасуы
1. Кiрме жолдардың магистралдық және станциялық жолдарға жалғасуы оларға белгiленген тәртiппен табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органныңрұқсатымен жүзеге асырылады.
2. Жаңадан салынып жатқан кiрме жолдардың жұмыс iстеп тұрған кiрме жолдарға жалғасуына тармақ иеленушiнiң келiсiмiмен рұқсат берiледi.
3. Жаңа салынып жатқан кiрме жолдар жалғасқан немесе пайдаланылып жүрген кiрме жолда тасымалдау көлемi ұлғайған жағдайда, кiрме жолдар, темiр жол станцияларын салу, магистралдық темiр жол желiсiнiң бұрыннан бар темiр жол станцияларын дамыту құрылыс бастамашысының қаражаты есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн.
Ескерту. 57-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09 N 596, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
57-1-бап. Кiрме жолдар қызметтерiн көрсету
1. Тармақ иеленушiлер жылжымалы құрамды өткiзу, оның тұруы, вагондарды, контейнерлердi беру-алып кету және кiргiзу-шығару үшiн, жүктердi қабылдау, тиеу (түсiру), беру жөнiндегi операцияларды, маневрлiк жұмыстарды және өзге де операцияларды жүзеге асыру үшiн тасымалдау процесiне қатысушыларға кiрме жолдар қызметтерiн көрсету жөнiндегi шарттың негiзiнде кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге құқылы.
2. Тармақ иеленушiлер кiрме жолдар қызметтерiн көрсеткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлем алады.
3. Тармақ иеленушiлер кiрме жолдар қызметтерiн көрсетудi тасымал процесiне қатысушылардың тең құқықпен пайдалануын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ескерту. 57-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596 Заңымен.
58-бап. Кiрме жолдардағы жүру қауiпсiздiгi
талаптарының сақталуын тексеру
ерекшелiктерi
1. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы кiрме жолдар бойынша қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын, сондай-ақ тиеу (түсiру) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру және маневрлiк жұмыс кезiнде қауiпсiздiк талаптарының сақталуын тексеруге құқылы.
2. Мемлекеттiк көлiк бақылау органы, магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы кiрме жолдарда қозғалыс қауiпсiздiгiне, жылжымалы құрамның, контейнерлердiң, жүктiң сақталуына қатер төндiретiн ақаулар тапқан жағдайда, анықталған бұзушылықтар туралы акт жасайды.
Тармақ иеленушi аталған актiнiң негiзiнде кiрме жолдар қызметiн көрсетудi тоқтата тұруға мiндеттi.
Тармақ иеленушi анықталған бұзушылықтарды актiде көрсетiлген мерзiмдерде жоймаған жағдайда, магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы кiрме жолдарға жылжымалы құрамды берудi және оны алып кетудi тоқтатуға құқылы.
3. Анықталған жолсыздықтар актiде көрсетiлген мерзiмде жойылмаған жағдайда уәкiлеттi орган кiрме жолды одан әрi пайдалануды тоқтату туралы шешiм қабылдайды. Анықталған жолсыздықтар жойылғаннан кейiн уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде кiрме жолды қайтадан пайдалануға жол берiледi.
4. Кiрме жолдардағы жылжымалы құрамды және контейнерлердi беру мен алып кетудi, маневрлiк жұмыстарды тоқтата тұрудың әрбiр жағдайы туралы магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы немесе тасымалдаушы мемлекеттiк көлiк бақылау органына жазбаша хабарлауға және кiрме жолдағы қауiпсiздiктiң бұзылуы туралы акт жасалған кезден бастап бiр тәулiктен кешiктiрмей осы актiнi жiберуге мiндеттi.
Аталған жағдайда тармақ иеленушi шарт бойынша, оның iшiнде контрагентпен жасалған шарт бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн толық мүлiктiк жауаптылықта болады.
Ескерту. 58-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596 Заңымен.
59-бап. Магистралдық темiр жол желiсi операторының
өкiмдерiн кiрме жолдарда орындаудың
мiндеттiлiгi
Кiрме жолдарда қызметтiк мiндеттерiн атқаратын қызметкерлер магистралдық темiр жол желiсi операторының маневрлiк жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi өкiмiн орындауға мiндеттi.
60-бап. Кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге
жасалатын шарттар
1. Тасымалдау процесiне қатысушылардың кiрме жолдар қызметтерiн көрсету жөнiндегi өзара қатынастары шартпен айқындалады.
2. Тармақ иеленушi бiр жақты тәртiппен:
1) кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге жасалатын шарт талаптарын өзгертуге;
2) кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге жасалатын шартты бұзуға;
3) тасымалдау процесiне қатысушылар кiрме жолдар қызметтерiн көрсету шартын өздерi бұзған жағдайларды қоспағанда, олардың тең қол жеткiзу принципiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасауға құқылы емес.
Ескерту. 60-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596 Заңымен.
61-бап. Келiспеушiлiктердi сотқа дейiн реттеу
Вагондарды беруге-алып кетуге шарт жасасу кезiнде туындаған дауларды, сондай-ақ оларды өзгерту мен толықтыру жөнiндегi келiспеушiлiктердi сотқа дейiн реттеу тасымалдау ережелерiнде көрсетiлген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
Ескерту. 61-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
62-бап. Кiрме жолдарда вагондар мен контейнерлердiң
сақталуы үшiн жауапкершiлiк
Кiрме жолдарда жүктер мен жылжымалы құрамның сақталуына қабылдаушы тарап жауапты болады. Тармақ иеленушiнiң алдындағы контрагенттiң жауаптылығы тармақ иеленушiнiң тасымалдаушы алдында жауап беретiн ережелерi сияқты ережелермен белгiленедi.
63-бап. Вагондар мен контейнерлердiң кiрме жолдарда
тұру уақытын есепке алу
Вагондар мен контейнерлердiң кiрме жолдарда тұру уақытын есепке алу тасымалдау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. Вагондар мен контейнерлердi кiрме жолдарда қабылдау орны және тәртiбi шартпен белгiленедi.
9-тарау. ЖОЛАУШЫЛАРДЫ, БАГАЖДЫ, ЖYК-БАГАЖДЫ ЖӘНЕ ПОЧТА
ЖӨНЕЛТIЛIМДЕРIН ТАСЫМАЛДАУ
64-бап. Жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру
Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Үкiметi айқындайды.
Ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаудың ұйымдастырылуын жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар немесе тасымалдаушы айқындайды.
Ескерту. 64-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.07.09 N 596 Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
65-бап. Жолаушыны, багажды және жүк-багажды
тасымалдау шарты
1. Жолаушыны тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы оған жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес поезда орын берiп, оны баратын жерiне жеткiзуге мiндеттенедi, ал жолаушы жол жүру ақысын төлеуге мiндеттi.
2. Багажды, жүк-багажды тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы багажды, жүк-багажды баратын жерiне жеткiзiп беруге, ал жөнелтушi оның тасымалдау ақысын төлеуге мiндеттi.
3. Жолаушыны тасымалдау шарты - жол жүру құжатымен (билетпен), багажды тасымалдау - багаж квитанциясымен, жүк-багажды тасымалдау жүк-багаж квитанциясымен ресiмделедi.
4. Тасымалдаушы жолаушы көрсеткен межелi станцияға дейiн жол жүру құжатының (билеттiң) сатылуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды жолаушы агенттiктерiнiң билет кассалары арқылы ұйымдастыра алады.
4-1. Жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату және орындарды резервке қою жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесi арқылы жүзеге асырылады, Ұлттық темiржол компаниясы оған қол жеткiзудi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ұйымдастырады.
5. Жолаушыға жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес орын бермеген немесе тасымалдауды жалғастырудан бас тартқан тасымалдаушы өз есебiнен жолаушыны баратын жерiне жеткiзуге немесе жолаушыға шартты тиiсiнше орындамаудан келтiрiлген барлық залалды өтеуге мiндеттi.
6. Жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысаны, оларды сату тәртiбi мен қолданылу мерзiмдерi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
Ескерту. 65-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
66-бап. Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды
тасымалдау ережелерi
Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережелерiнде:
1) жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату, олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру;
2) жолаушылар вагонының санаты, оның iшiнде жайлылық деңгейi бойынша санаты;
3) жолаушыларға жолаушылар поездары мен вокзалдарда жедел медициналық көмек көрсетудi қоса алғанда, мiндеттi түрде көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi;
4) жолаушылардың жол жүру жағдайының өзгеру, поездарда төсекорын жабдықтарын беру және басқа қызметтер көрсету шарттары мен тәртiбi;
5) жолаушының жол бойында аялдама жасауын (он күнге дейiн) ресiмдеудiң тәртiбi;
6) қол жүгiн алып жүру тәртiбi мен шарттары;
7) багажды, жүк-багажды қабылдаудың және берудiң талаптары мен тәртiбi;
8) тасымалдау құжаттарының нысандары және оларды ресiмдеудiң тәртiбi;
9) тасымалдауға рұқсат етiлетiн жануарлардың тiзбесi, оларды тасымалдаудың тәртiбi мен талаптары;
10) жол бойында багаж бен жүк-багажды берудiң тәртiбi;
11) багаж бен жүк-багажды қайта жөнелтудiң тәртiбi мен талаптары;
12) багаж бен жүк-багажды сақтау, ұстап қалу, беру тәртiбi;
13) қауiптi заттарды тасымалдаудың тәртiбi;
14) пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) үшiн төлемдердi қайтару тәртiбi;
15) кәмелетке толмаған жолаушылардың жол жүру ережелерi;
15-1) жолаушы платформаларын пайдалану тәртiбi;
16) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де жағдайлар белгiленедi.
Тасымалдаушылардың Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Ескерту. 66-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.07.09 N 596, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
66-1-бап. Тасымалдаушылардың Жолаушылар, багаж және
жүк-багаж тасымалдау қағидасын сақтауын
бақылауды жүзеге асыру ережелерi
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Тасымалдаушылардың уәкiлеттi орган белгiлеген Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережелерiнде:
1) жолаушылардың поездарда жол жүру ережелерiн сақтауы;
2) қол жүгiн және багажды алып жүру тәртiбi мен шарттарын сақтау;
3) тасымалдаушылардың жүк-багажды алып жүру тәртiбiн сақтауы;
4) жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату, олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн сақтау;
5) тасымалдаушылардың жолаушылар вагонының белгiленген санатын, оның iшiнде жайлылық деңгейi бойынша санатын сақтауы;
6) жолаушылар поездары мен вокзалдарда жолаушыларға шұғыл медициналық көмек көрсетудi қоса алғанда, мiндеттi түрде көрсетiлетiн қызметтер тiзбесiн сақтау;
7) жолаушының жол жүру жағдайының өзгеру, поездарда төсек-орын жабдықтарын беру және басқа қызметтер көрсету тәртiбiн сақтауы;
8) тасымалдаушылардың багажды, жүк-багажды қабылдау және беру шарттары мен тәртiбiн сақтауы;
9) тасымалдау құжаттарының белгiленген нысандарының және оларды ресiмдеу тәртiбiнiң сақталуы;
10) тасымалдаушылардың тасымалдауға рұқсат етiлетiн жануарларды алып жүру тәртiбiн, оларды тасымалдау шарттарын сақтауы;
11) тасымалдаушылардың жол бойында багажды және жүк-багажды беру тәртiбiн сақтауы;
12) тасымалдаушылардың багажды және жүк-багажды сақтау, ұстап қалу, беру тәртiбiн сақтауы;
13) тасымалдаушылардың қауiптi заттарды тасымалдау шарттарын сақтауы;
14) пайдаланылмаған жол жүру құжаттары үшiн төлемдердi қайтару тәртiбiнiң сақталуы;
15) кәмелетке толмаған балалардың жол жүру ережелерiн сақтауы;
16) бақылаушы органның лауазымды адамдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтауы және олардың жолын кесу;
17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де шарттардың сақталуы айқындалады.
Ескерту. 66-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
66-2-бап. Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды
тасымалдау ережелерiн тексерудi
жүргiзудiң тәртiбi
Ескерту. 66-2-бап алып тасталды - 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
67-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Жолаушының:
1) поездар жүретiн маршруттар бойынша жолаушылар операциялары үшiн ашық, өзi атаған баратын станциясына дейiн кез келген поезға не кез келген вагонға жол жүру құжатын (билет) сатып алуға;
2) сатып алған жол жүру құжатына (билетке) сәйкес поездағы вагоннан орын алуға;
3) өзiмен бiрге жетi жасқа дейiнгi бiр баланы, егер бала жеке орын алатын болмаса - ақысыз және жетi жастан он бес жасқа дейiнгi балаларды жол жүру ақысының елу пайызын төлеп, оларға жеке орын берiп, алып жүруге құқығы бар.
Басқа мемлекеттердiң жолаушы вагондарында және басқа мемлекеттердiң аумағы бойынша Қазақстан Республикасының жолаушы вагондарында тасымалдау кезiнде осы құқықты беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады;
4) бiр толық жол жүру құжатына немесе баланың жол жүру құжатына салмағы отыз бес килограмнан аспайтын қол жүгiн өзiмен бiрге ақысыз алып жүруге құқығы бар.
Салмағы бұдан асатын қол жүгi багаж вагонына тапсырылуға тиiс;
5) тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiп бойынша тасымалдаушыға жол жүру құжатын (билеттi) қайтарып тапсыруға және тасымалдаушыдан жол жүру және багажды алып жүру ақысын (ал жөнелтушi - багаж, жүк-багаж тасымалының ақысын) қайтарып алуға;
6) тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жүру құжатының (билеттiң) қолданылу мерзiмiн ұзартуға;
7) жол бойында аялдама жасап, тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жол жүру құжатының (билеттiң) қолданылу мерзiмiн он күннен аспайтын мерзiмге ұзартуға;
8) бос орындар болған және сатып алынған жол жүру құжатына (билетiне) өзгерiстер енгiзген жағдайда, жол жүру құжаты (билет) сатып алынған поездан бұрын жүретiн жолаушы поезымен жүруге;
9) белгiленген ақысын төлеп, багажын тасымалдауға тапсыруға құқығы бар.
2. Жолаушы:
1) қала маңындағы қатынас поездарын қоспағанда, жол жүру құжатын (билет) сатып алған кезде, поезға отырғызу кезiнде жол бойында жол жүру құжатын (билеттi) тексерген кезде жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге;
2) поезға отырғызған кезде және жол үстiнде сапар аяқталғанға дейiн оның жол жүру құжаты (билетi) болуы;
3) қоғамдық тәртiптi, жолаушы вагондарын және жолаушылар тасымалдауына қызмет көрсетуге арналған объектiлердi пайдалану қағидасын сақтауға, сондай-ақ тасымалдаушының мүлкiне ұқыпты қарауға және жол жүру барысында да, күту орындарында да өрт қауiпсiздiгi қағидасын сақтауға мiндеттi.
Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.07.09 N 596, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
68-бап. Багажды және жүк-багажды тасымалдау
1. Тасымалдаушы жолаушыдан немесе жөнелтушiден багажды және жүк-багажды қабылдап алуға және осы операциялар үшiн ашық кез келген темiр жол станциясына дейiн жөнелтуге мiндеттi.
Жөнелтушiнiң жүк-багажы жол жүру құжатын (билеттi) ұсынбай тасымалдау құжаты (жүк-багаждың түбiртегi) бойынша қабылданады.
Жөнелтушiнiң багажы, жүк-багажы таяу арада жүретiн багаж вагоны бар поезбен жөнелтiледi. Бұл орайда тасымалдаушы жолаушының багажын, жүк-багажын бiрiншi кезекте жөнелтудi қамтамасыз етуге мiндеттi. Жолаушының жол жүру құжатында (билетiнде) көрсетiлген маршрут бойынша жеткiзiлетiн багаж, жүк-багаж жолаушы отырған поезбен немесе таяу арада жүретiн багаж вагоны бар поезбен жөнелтiлуге тиiс.
2. Жолаушы (жөнелтушi) багажды тапсыру кезiнде оның құнын жариялауға құқылы, ал жүк-багажды тапсыру кезiнде оның құнын жариялауға мiндеттi.
3. Багажбен, жүк-багажбен тасымалдауға өзiнiң мөлшерiне, буып-түйiлуiне және қасиеттерiне қарай багаж вагонына қиындықсыз тиелiп, орналастырылатын және тасымалдаушының мүлкiне және басқа жолаушылардың (жөнелтушiлердiң) багажына, жүк-багажына зиян келтiрмейтiн заттар мен нәрселер қабылданады.
Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.07.09 N 596, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
69-бап. Багаж бен жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмi
1. Багаж бен жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмi поездардың жүру кестесiне сәйкес тасымалдау жүзеге асырылатын жолаушы поезының межелi темiр жол станциясына дейiн жүру уақытымен айқындалады.
Егер багажды, жүк-багажды тасымалдау жол жүру барысында ауыстырып тиеу арқылы жүзеге асырылса, онда жеткiзiп беру мерзiмi әрбiр ауыстырып тиеу үшiн бiр тәулiкке арттырылады.
2. Жолаушыға, алушыға багаж, жүк-багаж баратын станцияда багаж, жүк-багаж квитанциясын және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейiн берiледi.
3. Багажды, жүк-багажды беру жолаушылар тасымалы жөнiндегi операциялар үшiн станция ашық болған уақыт iшiнде жүргiзiледi.
Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
70-бап. Сақтаудың шектi мерзiмi аяқталуының салдары
1. Жолаушы, алушы тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша багажды, жүк-багажды алмаған жағдайда, тасымалдаушы оны баратын станцияда, келген күнiнен бастап - отыз күн бойы, ал кедендiк бақылаудағы багаж бен жүк-багажды он бес күн бойы сақтауға мiндеттi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған сақтаудың шектi мерзiмi аяқталысымен, тасымалдаушы багаж бен жүк-багажды уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың (салық, кеден және өзге де) билiгiне бередi. Осы кезден бастап жолаушы, жөнелтушi, алушы оларға құнын өтеу немесе багажды, жүк-багажды алу мәселесi бойынша өтiнiш жасауға құқылы.
3. Багаж, жүк-багаж (алып қойылған, тәркiленген, иесiз деп танылған) соттардың және басқа уәкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша сатылған жағдайда тасымалдаушының тасымалдау мен сақтауға байланысты шеккен шығыстары сот шешiмдерiн және басқа уәкiлеттi органдардың шешiмдерiн орындауға құзыреттi тұлғалардың атқарушылық iс-әрекеттерiн жүзеге асыру жөнiндегi шығыстары ретiнде өтеледi.
71-бап.
Ескерту. 71-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596 Заңымен.
72-бап. Почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау
Почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен почта вагондарымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 72-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.07.09 N 596 Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |