Темiр жол көлiгi туралы


-тарау. ТЕМIР ЖОЛ КӨЛIГIНДЕГI БАСҚАРУ



бет2/6
Дата15.07.2016
өлшемі332.5 Kb.
#200962
1   2   3   4   5   6

2-тарау. ТЕМIР ЖОЛ КӨЛIГIНДЕГI БАСҚАРУ

      14-бап. Темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк басқару



      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң темiр жол көлiгi саласындағы құзыретiне:
      1) темiр жол көлiгiн дамыту тұжырымдамасы мен бағдарламаларын бекiту;
      2) Ұлттық темiр жол компаниясының мәртебесiн белгiлеу;
      3) Ұлттық темiр жол компаниясы мен тасымалдаушылардың тасымалдауды жүзеге асыру кезiндегi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылының тәртiбiн белгiлеу;
      4) Магистральдық темiр жол желiсiн пайдалану қағидасын бекiту;
      5) Магистральдық, станциялық және кiрме жолдарда қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру қағидасын бекiту;
      6) магистральдық темiр жол желiсiне кiретiн магистральдық жолдардың тiзбесiн бекiту;
      7) Темiр жол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарда жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлердi орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiр жолдар арқылы жүру және өту қағидасын бекiту;
      8) арнаулы тасымалдауларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
      9) жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк-багажды және  почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау қағидасын бекiту;
      10) темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрiлген күзетiн қамтамасыз ету тәртiбiн айқындау;
      11) Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау қағидасын бекiту;
      12) әлеуметтiк мәнi бар облысаралық жолаушы қатынастарын айқындау;
      13) Залалдары республикалық бюджеттен субсидиялауға жататын әлеуметтiк мәнi бар облысаралық қатынастар бойынша темiр жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөнiндегi ашық тендер негiзiнде конкурс өткiзу қағидасын бекiту;
      14) әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерiн айқындау әдiстемесiн бекiту;
      15) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
      15-1) темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiн нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудiң заттай нормаларын бекiту;
      16) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) тасымалдауды шектеу туралы, багаж, жүк және жүк-багаж әкелуге, әкетуге, олардың транзитiне тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
      17) темiр жол көлiгiндегi техникалық реттеу объектiлерiне және оның тiршiлiк циклiнiң процестерiне қойылатын техникалық регламенттердi бекiту;
      18) Темiр жол көлiгiндегi қауiпсiздiк қағидасын бекiту;
      19) Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебiнен салынған объектiлердi магистральдық темiр жол желiсi құрамына беру қағидасын бекiту;
      20) Темiр жол вокзалдары қызметiн ұйымдастыру қағидасын бекiту;
      21) Жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру қағидасын бекiту;
      22) Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және өзара технологиялық iс-қимыл жасау қағидасын бекiту;
      23) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
      2. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
      1) темiр жол желiсiн және темiр жол көлiгiн дамыту тұжырымдамасы мен бағдарламаларын бекiту;
      2) темiр жол көлiгi саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу;
      3) магистральдық темiр жол желiсiнiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi станция жолдарының, электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектiлерiнiң, құрылғылардың, жабдықтардың, үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың және өзге де объектiлердiң тiзбесiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;
      4) Тасымалдау процесiне қатысушылардың өзара технологиялық iс-қимыл жасау қағидасын бекiту;
      5) темiр жол көлiгiнiң жұмыс iстеу, оларды бұзушылықты анықтау мен жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдау тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын мемлекеттiк бақылау;
      6) жылжымалы құрамды тiркеу тәртiбiн әзiрлеу;
      7) тасымалдауды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтердi орындауға жасалған шарттар бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз ету тәртiбi мен шараларын белгiлеу;
      8) қозғалыс қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына жай-күйi сай келмейтiн магистральдық темiр жол желiсiнiң, темiр жолдар мен жылжымалы құрамның объектiлерiн пайдалануды тоқтата тұру және тоқтату;
      9) темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң тiзбесiн бекiту;
      10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      11) кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, темiр жол көлiгiмен тасымалданатын жүктi кедендiк ресiмдеу кезiндегi Қазақстан Республикасының кеден органдары мен тасымалдаушының өзара iс-қимыл жасау қағидасын бекiту;
      12) темiр жол көлiгi қызметкерлерiн кәсiби үздiк белгiсiмен марапаттау тәртiбiн бекiту;
      13) қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуы туралы статистикалық ақпарат қалыптастыру;
      14) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәселелердi қарау;
      15) темiр жол көлiгiнде сигнализация жөнiндегi нұсқаулықты бекiту;
      16) экспедиторлар қызметiн ұсыну тәртiбiн айқындау;
      17) вагондар (контейнерлер) операторлары ұсынатын қызметтер тәртiбiн айқындау;
      18) локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсету тәртiбiн айқындау;
      19) Кiрме жолдарды пайдалану қағидасын бекiту;
      20) магистральдық темiр жол желiсiнде көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополиялар саласындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;
      21) кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;
      22) жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тiзбесiн бекiту;
      23) поездардың қозғалысы және темiр жол көлiгiндегi маневрлiк жұмыс жөнiндегi нұсқаулықты бекiту;
      24) Жүк және жолаушылар вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызметiн пайдалану мерзiмдерiн ұзарту қағидасын бекiту;
      25) Темiр жол көлiгiн техникалық пайдалану қағидасын бекiту;
      26) Қорғау аймақтары жерiнiң көлемiн, оларды пайдалану режимiн айқындау және бөлiнген белдеуде темiр жол көлiгiнiң қажетi үшiн жердi пайдалану жөнiндегi қағиданы бекiту;
      27) Темiр жол өтпелерiн пайдалану қағидасын бекiту;
      28) нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн, нысанды киiмнiң (погонсыз) үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртiбiн және айырым белгiлерiн бекiту;
      29) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктердi тасымалдау туралы және тасымалдау кезiнде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есептiлiктi есепке алуды жүргiзу мен беру тәртiбiн бекiту;
      30) Локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетудi ұсынуға рұқсат беру қағидасын бекiту;
      31) Қазақстан Республикасының аумағында темiр жол көлiгiндегi апаттарды, аварияларды тергеуге қатысу;
      32) поездар қозғалысына байланысты қызметтiк терминдердi бекiту;
      33) жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тiркеу және оның бағытпен жүруiнiң тәртiбi мен шарттарын айқындау;
      34) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлеу және бекiту;
      35) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi орындау жатады.
      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдарының темiр жол көлiгi саласындағы құзыретiне:
      1) әлеуметтiк мәнi бар ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тiзбесiн бекiту;
      2) әлеуметтiк мәнi бар тасымалдауларды субсидиялау бағдарламасын бекiту;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының темiр жол көлiгi саласындағы құзыретiне:
      1) ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасын ұйымдастыру туралы шешiмдердi тасымалдаушы қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осындай шешiм қабылдау;
      2) төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалды уақытша тоқтату туралы шешiмдер қабылдау;
      3) әлеуметтiк мәнi бар ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша темiр жол көлiгiмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау;
      4) ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және қала маңындағы қатынастарды айқындау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде жүзеге асыру жатады.
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      15-бап. Ұлттық темiр жол компаниясы

      Ескерту. 15-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 538 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       15-1-бап. Ұлттық тасымалдаушы

      1. Ұлттық тасымалдаушы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

      2. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi; соның iшiнде арнайы және әскери жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсетедi.


      Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596 Заңымен.

      16-бап. Тасымалдау процесiн басқару

      1. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы тасымалдау процесiн орталықтандырылған басқаруды және ұйымдастыруды жүзеге асырады, Магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану қағидасына сәйкес тасымалдаушылармен шарттар жасасады.

      2. Магистральдық темiр жол желiсiнiң операторы Магистральдық темiр жол желiсiндегi техникалық пайдалану, қозғалыс қауiпсiздiгi қағидасына, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сай келмейтiн жылжымалы құрамды магистральдық темiр жол желiсiне жiбермеуге мiндеттi.


       3. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы концессионермен концессия шартын iске асыру үшiн тараптардың өзара қарым-қатынастарын регламенттейтiн шарт жасасуға мiндеттi.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209, 2008.07.05. N 66-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       17-бап. Темiр жол станциясы

      1. Тасымалдаушы поездарды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөнiндегi, жолаушыларға қызметтер көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөнiндегi тиiстi операцияларды жүргiзу үшiн ашық темiр жол станцияларының арасында тасымалдауды жүзеге асырады. Тиiстi жол дамытылымы бар темiр жол станциясында поездарды құрастыру және тарқату жөнiндегi маневрлiк жұмыстар және поездармен техникалық операциялар жүргiзiлуi мүмкiн.

      2. Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшiн темiр жол станциялары жұмыс режимiнiң талаптарын, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртiбiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елдi мекендердiң жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарымен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган айқындайды.

      3. Шекара, кеден, ветеринария, фитосанитария органдары және басқа органдар темiр жол станциясы аумағындағы өз қызметтерiн темiр жол станциясының жұмыс режимiнде жүзеге асырады.

      4. Темiр жол станцияларының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiндегi операцияларды, сондай-ақ жүктердi қабылдау, тиеу, түсiру және беру жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет көрсетулерiне тасымалдаушылардың тең дәрежеде қол жеткiзуi қамтамасыз етiлуге тиiс.

      5. Темiр жол станциялары өзiнiң қызметi мен жұмыс сипатына қарай жолаушылар, жүк, сұрыптау станциялары, учаскелiк және аралық станциялар болып бөлiнедi.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09 N 596, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      17-1-бап. Темiр жол вокзалы

      1. Темiр жол вокзалында билет кассалары, күту үй-жайлары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар және ақпараттық қызмет көрсететiн объектiлер, медициналық пункт, қоғамдық тәртiптi қорғау пунктi болуға тиiс.
      2. Темiр жол вокзалында халық жолаушылар поездарының жөнелтiлу және келу уақыттары, жолаушылардың жол жүру және багажды, жүк-багажды тасымалдау құны, поездарда бос орындардың болуы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кiтапшасының тұрған орны туралы, билет және багаж кассаларының жұмыс режимi, вокзал үй-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетiлетiн қызметтер тiзбесi туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етiледi.
      3. Жолаушылар платформалары мен перрондарға өту және шығу мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтарына қолжетiмдi болуға (пандустармен, мамандандырылған лифтiлермен жабдықталуға) тиiс.
      4. Меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде темiр жол вокзалдарын иеленушi тұлғалар темiр жол вокзалдарына кiреберiстердi және таксилердiң, сондай-ақ халыққа қызмет көрсетуге арналған жеке және қоғамдық автокөлiктiң тұрақ орындарын күтiп ұстауды және жөндеудi қамтамасыз етедi.
      5. Халыққа қызмет көрсетуге арналған вокзал құрылыстары жарамды техникалық жай-күйде ұсталуға тиiс.
      6. Меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде темiр жол вокзалдарын иеленушi тұлғалар халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және техникалық регламенттiң талаптарын сақтауға тиiс.
      7. Темiр жол вокзалдары тасымалдау процесiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдаланылуға тиiс.
      Ескерту. 2-тарау 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

3-тарау. ТЕМIР ЖОЛ КӨЛIГIНIҢ ҚАЖЕТIНЕ АРНАЛҒАН ЖЕР
ЖӘНЕ ҚОРҒАЛАТЫН АЙМАҚТАР

      18-бап. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер

      1. Тасымалдаушыға немесе тасымал процесiне қатысушыларға өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн жер темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер болып табылады.

      2. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге мынадай темiр жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен ғимараттарға:

       1) магистралдық жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен құрылыстарға (темiр жол төсемi, көпiрлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық ғимараттар);

      2) кiрме жолдарға;

      3) энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтарының, сумен қамтамасыз ету және канализация ғимараттарымен, құрылыстарымен, қорғаныш және бекiткiш екпе ағаштарымен, арнаулы темiр жол көлiгiне қызмет көрсетуге арналған қызметтiк және басқа да объектiлерiмен бiрге темiр жол станцияларына;

      4) темiр жолдардың бөлiнген белдеулерi мен қорғалатын аймақтарына;

       5) концессия шарттары бойынша темiр жолдар мен темiр жол көлiгiнiң объектiлерiне бөлiнген жерлер жатады.

      3. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлеген қала құрылысын салу мен экология талаптарына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес келуге тиiс.

      4. Тасымал процесiне қатысушы өздерiнiң кiнәсiнен қоршаған ортаға келтiрген зияны үшiн, сондай-ақ темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi тиiсiнше күтiп-ұстамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2008.07.05. N 66-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      19-бап. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi


              бөлу мен пайдалану тәртiбi

      1. Жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Жер учаскелерi темiр жолдар мен темiр жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық құжаттамасы мен бас схемаларына сәйкес, уәкiлеттi органмен келiсе отырып белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн нормативтер бойынша берiледi.

      3. Бөлiнген белдеудегi темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      20-бап. Темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары

      1. Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге бөлiнген белдеуге жанасатын жер учаскелерiндегi объектiлердi қауiпсiз пайдалану мақсатында, жер пайдаланудың ерекше жағдайларымен қорғалатын аймақтар белгiленедi, олардың шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарымен сыйыспайтын қызмет түрлерiне шек қойылады немесе тыйым салынады.

      2. Темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарына көлiк құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, берiктiгiн әрi орнықтылығын қамтамасыз етуге қажеттi қорғаныш орман аймақтары, жер учаскелерi, сондай-ақ темiр жол көлiгiне бөлiнген белдеуге жанасатын, сел қаупi, көшкiн қаупi және басқа да қауiптi жағдайлар болатын аймақтардағы және өңiрлердегi жер учаскелерi жатады.

      3. Темiр жол көлiгi қорғалатын аймақтарының жерi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың иелiгiнен алынбайды және олар бұл жердi белгiленген шектеулердi сақтай отырып пайдаланады.

      21-бап. Қорғалатын аймақтардағы жерлердi
              пайдалануды шектеу

      1. Темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарында:

      1) темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге iргелес жатқан учаскенiң меншiк иесiнiң немесе оны пайдаланушының жазбаша келiсiмiнсiз тұрақты және уақытша сипаттағы құрылыс, монтаждау және тау-кен жұмыстарын жүргiзуге;

      2) көшкiннiң, шөгiндiнiң, сел тасқынының, сай-жыраның пайда болуына, сусымалы құмдардың, қар үйiндiлерiнiң, көшкiнiнiң туындауына, өзге де осындай зардаптарға әкелiп соғатын тәсiлдермен ағаштарды кесуге және өсiмдiк қабатын бұзуға тыйым салынады. K030477

      2. Қорғалатын аймақтар жерiнiң меншiк иелерi мен пайдаланушылары темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарындағы жерлердi пайдаланудың режимiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылықта болады.

4-тарау. ТЕМIР ЖОЛ КӨЛIГI ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      22-бап. Темiр жол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек


              қатынастарын реттеу ерекшелiктерi

      1. Темiр жол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, осы Заңмен, бас келiсiммен, салалық (тарифтiк) келiсiмдермен, еңбек және ұжымдық шарттармен реттеледi.

      2. Темiр жол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерi кәсiби даярлығы мен денсаулығы жөнiнен уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сай болуға тиiс.

      3. Темiр жол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкердiң жұмыс уақытының және демалыс уақытының есепке алынуының ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.


      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.15 N 253, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      23-бап. Темiр жол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан


              шеттетудiң қосымша негiздерi

      1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негiздемелерден басқа уәкiлеттi органның, магистралдық темiр жол желiсi операторының талап етуi бойынша жұмыс берушi мынадай жағдайларда:

      1) магистралдық темiр жол желiсi диспетчерлiк қызметiнiң, операторының тасымалдау процесi мен поездар жүрiсiн басқаруға байланысты нұсқауларын орындамағаны үшiн;

      2) жұмыс уақытының режимiн бұзғаны үшiн темiр жол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан шеттетуге мiндеттi.

      2. Жұмыстан шеттетiлген кезеңге жалақы сақталмайды.
      Қызметкердi жұмыстан шеттету осыған негiз болған себеп анықталғанға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.

      24-бап. Нысанды киiм (погонсыз) және айырым


              белгiлерi

      Темiр жол көлiгiнiң жолаушыларға, жүк жөнелтушiлерге және жүк алушыларға қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерлерiне жұмыс берушiнiң есебiнен тиiстi айырым белгiлерi бар нысанды киiм (погонсыз) берiлуге тиiс.


      Нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар темiр жол көлiгi қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн, нысанды киiм (погонсыз) мен айырым белгiлерiнiң үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз етудiң нормаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-ТАРАУ.

      Ескерту. 5-тарау алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.05.08. N 414 Заңымен.



6-тарау. ТЕМIР ЖОЛ КӨЛIГI САЛАСЫНДАҒЫ ҚАУIПСIЗДIКТIҢ
ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.

      30-бап. Жалпы ережелер

      1. Темiр жол көлiгi, темiр жолдар, темiр жол станциялары, вокзалдар және темiр жол тасымалдарымен байланысты тасымалдау процесiне қатысушы өзге де объектiлер, сондай-ақ олардың өмiрлiк циклiнiң процестерi техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.

      2. Тасымал процесiне қатысушылар техникалық регламенттер де белгiленген қауiпсiздiк талаптарын орындауға және адамның өмiрi мен денсаулығы, жолаушылардың жолда жүруi үшiн қауiпсiз жағдайларды, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кiрме жолдардағы қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      3. Темiр жол көлiгi саласындағы қауiпсiздiк адамның өмiрi мен денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесiне қатысушылардың авариясыз жұмыс iстеуiне жағдайлар жасауға, магистральдық темiр жол желiсiн, темiр жолдың жылжымалы құрамын, құрылыстарды, жабдықтарды, механизмдер мен тетiктердi ақаусыз ұстауға, сондай-ақ болуы ықтимал авариялар салдарын жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз eтiледi.

      4. Темiр жолдармен қиылысатын немесе оларға тiкелей жақын орналасқан газ, мұнай құбырларын, автомобиль жолдарын, электр берiлiсi желiлерiн және басқа да құрылыстар салу мен пайдалану кезiнде белгiленген нормативтердiң сақталмағаны үшiн, сондай-ақ аталған құрылыстарды пайдалану қауiпсiздiгi үшiн олардың меншiк иелерi мен иелерi ортақ жауаптылықта болады.
      Аталған құрылыстардың иелерi тасымал процесiне қатысушыларды және мемлекеттiк көлiк бақылау органдарын қозғалыс қауiпсiздiгiне қауiп-қатер төндiретiн аварияның немесе авариялық жағдайлардың туындағаны туралы дер кезiнде хабардар етуге мiндеттi.

      5. Қауiптi жүктердi жөнелтетiн жөнелтушi (жүк жөнелтушi) және қабылдайтын алушы (жүк алушы), сондай-ақ қауiптi жүктердi тасымалдайтын тасымалдаушы олардың қауiпсiз тасымалдануын қамтамасыз етуге мiндеттi, оларда авариялық жағдайларды және олардың салдарын жоюға қажеттi құралдар мен жұмылдыру бөлiмшелерi (оның iшiнде шарт бойынша) болуға тиiс.


      Қауiптi жүктердi тасымалдау процесiнде авариялық жағдайлар туындаған кезде тасымалдау процесiне қатысушылар аталған бөлiмшелердiң оқиға орнына жедел түрде жiберiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 N 209 Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      31-бап. Магистральдық инфрақұрылым объектiлерiн,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет