Теориялық ЖӘне симуляциялық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулық



бет16/56
Дата13.05.2023
өлшемі0.71 Mb.
#473657
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56
Акушерия теориялық және симмуляция

1.6.Сабақтың тақырыбы: Босанғаннан кейінгі кезеңдердегі қан кетулер
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Тақырып бойынша білімдерін бекіту, тереңдету, кеңейту, бір жүйеге келтіру.
ә) тәрбиелік: Адамгершілікке, шыншылдыққа, тапсырылған іске жауапты түрде қарауға тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Қосымша деректермен таныстыру арқылы ой-өрісін дамыту, студенттің бойында логикалық және клиникалық ойлау қабілетін дамыту, оқыс жағдайда дер кезінде шұғыл шешім қабылдауға дағды жасау.
Сабақтың түрі: Практикалық.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Босанудан кейінгі кешеуіл (екіншілік) қан кету (БКҚ) - 500 мл көлеміндегі босанудан кейінгі 24 сағаттан 6 аптаға дейінгі кезеңде туындайтын қан кету.

Босанудан кейінгі қан кету - 500,0 мл құрайтын босану кезіндегі табиғи босану жолдары арқылы және 1000 мл астам касарь тілігі кезіндегі клиникалық маңызды қан кету.



Кешеуіл қан кету себептері болатындар: жатырдың жиырылу қабілеттілігінің бұзылуы (жатыр антония), босанудың жұмсақ жолдарының (жатыр мойнының, іншектің) жыртылулары мен гематомалары, жатыр жыртылуы немесе теріс айналуы, жатырдың жалпақ байламының қан құйылуы (гематома), жатыр қуысында бала жолдасының қалдықтары фонындағы эндомиометрит, жыныс мүшелерінен тыс қан кету.
Қан кету белгілері (сыртқы-жыныс жолдарынан қан кету немесе ішкі).
БК екіншілік Қ себептерінің біреуі болуы (жатыр атониясы, босану жұмсақ жолдарының (жатыр мойны, іншек) жыртылуы немесе қан құйылуы, жатыр жыртылуы немесе айналып кетуі, жатырдың жалпақ байламының қан құйылуы, жыныс мүшелерінентыс қан кету).
Геморрагиялық шок симптомдары (систолия АҚ деңгейі 80 мм с.б.төмен, тахикардия, тері жабынның бозаруы, демікпе, олигурия).
БОСАНУДАН КЕЙІНГІ ҚАН КЕТУЛЕРДІҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОСТИКАСЫ



Тән симптомдар

Мүмкін симптомдар

Болжамды диагноз

Қалдықтар шыққаннан соң жыныс
жолдарынан қан кету;
Жатырдың жұмсақ консистенциясы;
Жатыр жиырылмайды

Геморрагиялық шок симптомдары

Жатыр атониясы


Профузды жатырлық қан кету;
Іштегі жіті ауырсыну

Геморрагиялық және жарақаттық шок симптомдары;
Пальпация кезінде жаты түбі анықталмайды;
жатыр түбі іншекте көрінеді

Жатырдың айналып кетуі

Қан кету
Айқын ауыру синдромы;

Геморрагиялық және жарақаттық шок симптомдары;
Іштің кебуі, құрсақ қуысындағы бос сұйықтық

Жатырдың жыртылуы

Қан кету
Алшақтау белгілерінің болмауы және 30 минут ішіндегі қалдықтардың шығуы 

Жатыр консистенциясы тығыз

Жартылай тығыз жабысу немесе плацентаның жартылай жабысуы

Қан кету;
Қалдықты тексеру кезінде плацентарлық
тіннің немесе қабықтың ақауы 

Жатыр консистенциясы тығыз

Қалдық бөліктерінің жатырда бөгелуі

Сыртқы қан кету
Жатырдың тығыз консистенциясы
Қалдықтың бүтіндігі


Жұмсақ босану жолдарының жыртылуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет