Жатыр ішінде сәбидің дамуы (жүктілік күнтізбесі)
1-2 апта: Бұл уақытта сәби тірі ағзаға ұқсамайды. Ол – бұл аналық жыныс безінде бар бірнеше аналық клетканың бірі. Екіншісі – аталық ұрық клеткасы – әлі жетілмеген аталық ұрыққа айналып үлгерген жоқ. 2 аптада бірнеше аналық клетканың ішінен бір «лидер» пайда болады. Осы «лидер» дамып, жатыр түтігіне еніп, аталық ұрықпен кездеседі.
3 апта: Овуляция өтті: аналық клетка жатыр түтігінде орналасқан және ұрықталуға (фертилизация) дайын. Осы аптада жүкті болу мүмкіндігі туады.
Аналық клетка мен аталық ұрықтың қосылуы нәтижесінде зигота (болашақ сәбидің ең бірінші клеткасы) пайда болады. Зигота жатырға бағытталған күйінде жатыр түтігінде бір уақытта айналып жүріп, бөліне бастайды. Ұрықталған соң үш күннен кейін ұрық 32 жасушадан құралады, ал оның пішіні созылған таңқурай (малина) жидегін көз алдыңызға елестетеді.
Аптаның соңына қарай ұрық жасушалары 250-ге дейін көбейеді. Ұрықтың да түрі өзгереді – ол диаметрі 0,1-0,2 мм. толық түйіршікке (шарға) айналады. Дамудың бұл кезеңінде ұрық бластоциста деп аталады. Бластоциста жатырдың бір жеріне бекіп қалу үшін жатырдан өзіне қолайлы, жайлы орын іздеуге кіріседі. Ол үшін бластоциста өзіне «ін» дайындаған тәріздес жатырдың сілекейлі қабатының (эндометрия) кішкентай бөліктерін жояды. Бластоцистаның жатыр қабырғасына бекуі имплантация деп аталады. Егер имплантанция сәтті өтсе, онда ұрықтың дамуы жаңа кезеңге ауысады: бұған дейін оның дамуын аналық клетканың жинақтаған қорек заттарының қарапайым қоры қамтамасыз етсе, енді ол қоректі сырттан – анасының ағзасы арқылы қабылдайды.
4 апта: Бұл аптада ұрықтан тыс мүшелер дами бастайды: хорион, амнион, сарыуыз қабы – бұларсыз ұрықтың ары қарайғы дамуы мүмкін емес. Хорион соңында жолдасқа (плацента), ал амнион ұрықты қалтаға айналады. Ұрықтан тыс мүшелер арқылы ұрық ана ағзасынан қорек заттар мен оттегіні қабылдайды. Онымен қоса, олар болашақ сәбиді сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғайды. Енді мына қызыққа қараңыз, аналық геннен гөрі, аталық ген осы мүшелерді дамытуда белсенді жұмыс істейді. Осы аптада ұрықтың өзінің даму қарқыны уақытша төмендейді, алайда ол маңызды өзгерістерді өткереді – қазір бұл бірнеше жасуша қабатынан құралған дөңгелек. Осы жасуша қабаттарынан болашақта әртүрлі жүйелер мен мүшелер, сәбидің терісі қалыптасады.
5 апта: Осы аптада нағыз кереметтер басталады. Ұрық эмбрионға айналады. Оның өлшемдері айтарлықтай кішкентай – ұзындығы бойынша небары 1,5-2,5 мм. Бірақ бұл біртекті жасушалардың жиынтығы емес, тірі ағзаның нақты болашақ келбеті. Бірнеше күннің ішінде өмірлік маңызы бар мүшелер мен жүйелердің негізі қалыптаса бастайды: жүрегі, бүйрегі, ұйқы безі, жоғарғы тыныс жолдары, сонымен бірге, ішек-қарын жолының, жыныстық және орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы басталады.
6-9 апта: Табиғат ерінбей-жалықпай, бар ынтасымен еңбек ете бастайды. 8 апта әсіресе ұл балалар үшін өте маңызды: олардың ұрық безі қалыптаса бастайды. Бұл аптада болашақ сәби тез өсе бастайды: 9 аптаға қарай оның бойының ұзындығы 13-15 мм-ге дейін жетеді, ал салмағы шамамен 1 кг-дай болады. Оның денесі белсенді түрде жетіледі – қолдары мен аяқтарының нышандары пайда болады, сүйектері мен буындары қалыптасады. 6 аптада-ақ жақсы ультра-дыбыстық сканер кішкентай жүрегінің жиырылуын байқай алады, ал 9 аптада – сәбидің беті мен кішкентай саусақтары бар аяқ-қолдарын көрсете алады. Аталған мерзімнің соңына қарай ерекше ширақ, пысық балалар өздігінен ең алғашқы қимылдарын жасап, болашақ анасы мен әкесін қуанта бастайды.
Жүктілік триместр бойынша жүргізу
Жүктілік триместрі Қалыпты жүктілік 40 аптаға созылады– ұрық жатырда пайда болуынан нәресте дүниеге келуіне дейін. Бұл уақыт аралығы 3 периодқа бөлінеді: бірінші триместр – ұрықтанудан бастап 12 аптаға дейін; екінші триместр – 13 аптадан бастап 27 аптаға дейін; үшінші триместр 28 аптадан туылғанға дейін. Әр триместрде ұрыққа тән даму белгілері орын алады. Бірінші триместрдің аяғында ұрық адамға ұқсас формаға келеді. 16-20 апта аралығында ұрық қозғалады, анасы оны сезеді. Екінші триместрдің аяғында ұрықта барлық өмірлік маңызы бар мүшелері қалыптасады. Үшінші триместрде ұрық үлкейіп, пайда болған мүшелер пісіп жетіледі.
Бақылау сұрақтары:
* Жүктілік физиологиясы
* Жатыр ішінде сәбидің дамуы (жүктілік күнтізбесі)
*Жүктілік триместр бойынша жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |