Теориялық ЖӘне симуляциялық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулық



бет41/56
Дата13.05.2023
өлшемі0.71 Mb.
#473657
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56
Акушерия теориялық және симмуляция

Эндокриндік жүйе Жүктіліктің басталуы мен қалыпты ағымына қажетті жағдайларды туғызуда ішкі секреция бездері үлкен үлес қосады. Жүктіліктің басында аналық жұмыртқада жаңа без – сары дене жұмыс істей бастайды, ол прогестерон гормонын бөлу арқылы имплантацияны және плацентаның қалыптасуына дейінгі (10-16 апта ) жүктіліктің одан әрі дамуын қамтамасыз етеді. Одан әрі ол біртіндеп сорылады және жүктіліктің 16 аптасына қарай гормональді қызмет толығымен фетоплацентарлы кешенге көшеді.
Плацента (бала жолдасы ) - жаңа қосымша ішкі секреция безі, ол ана қанына күрделі гармондар мен биологиялық әсерлі заттар бөліп шығарады. Жүктіліктің ерте мезгілінде-ақ қанға көп мөлшерде хориональды гонодотропин бөліп шығарады. Ол сүт бездерінің өсуіне, қалқанша бездер қызметінің күшеюіне себеп болады. Екінші белокты гормон ­ плацентарлық лактоген ­ белсенді иммунологиялық қасиеті бар өсу гормоны. Лактоген сүт бездерінің өсуіне әсерін тигізеді, жүктілік кезінде біртіндеп өсіп, 37- 38-ші апталарында мөлшері жоғарылайды.
Жүрек қан-тамыр жүйесі Әдетте жүктілік кезінде жүрек-қан тамыр жүйесіне үлкен талап қойылады. Жүктілік кезінде ауыр салмақ түсудің нәтижесінде сол жақ жүрек қарыншасы шамалы ұлғаяды, жүректің минуттық көлемі артады. Тамыр соғуы жиілейді. Диафрагманың биік тұруынан жүрек көтеріліп, соның салдарынан жүктіліктің ақырғы кешенінде жүрек көлденең жағдайда болады. Ірі тамырлардың иілуінің әсерінен аздап систола шуылы естіледі. Жүктілік кезінде жүректің жұмысына салмақ түсудің себебі неде? Бұл – қан көлемінің шамамаен 30-70% ұлғаюы, жаңадан қан айналасының пайда болуы, жатыр көлемінің ұлғаюы, ондағы қан айналасының күшті дамуы. Жүктілік кезінде тотығу процестері күшейіп, соның салдарынан оттегінің қажеттілігі 10-15% артады. Оттегін пайдалану – оның келуінен артып кеткен жағдайда, оттегі жеткіліксіздігі туады. Жүктіліктің 10-11-апталарында жүректің минуттық көлемі өсіп, оның шекарасы үлкейеді, сөйтіп жүрек тұсында ерекше шуыл естіледі. Бұны көбіне дәрігерлер жүрек ақауы деп ұғынады. Бұл ­ негізсіз анықтама. Бұл жағдайда әйелдің электрокардиограммасы қалыпты жағдайда қалады. Жүрек қарыншасынан өкпе артериясына және қолқаға құйылатын қанның мөлшері 30-50% шамасында өседі және ол өзінің жоғарғы шегіне жүктіліктің 32-жұмасында жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет