Тəрбие жүйесі жəне оның негізгі компоненттері. Тәрбие жүйесінің аса маңызды, айқындалған компоненті


Атқарымдық-әрекеттік компонент келесі бөліктерден тұрады



бет2/3
Дата13.02.2023
өлшемі54.33 Kb.
#469452
1   2   3
1.Тəрбие жүйесі жəне оның негізгі компоненттері.

Атқарымдық-әрекеттік компонент келесі бөліктерден тұрады:
ü Сыныптағы оқушылардың біріккен әрекетін,қарым-қатынасын ұйымдастыру әдістері мен түрлері;
ü Тәрбие жүйесінің атқаратын негізгі міндеттері
ü Сыныптың күнделікті тіршілігін,өз бетімен әрекет етуін педагогикалық жағынан қолдау, қамтамасыз ету,
Бұл компоненттің негізін сынып оқушыларымен біріккен әрекет, шара құрайды.
Кеңістіктік-уақытты компоненті.Ол келесі бөліктерден тұрады:
ü Сынып оқушыларының тіршілік-әрекетіндегі,күнделікті дамуындағы адамгершілік-рухани, сезімдік-психологиялық, заттық-материалдық ортасы, жағдайы;
ü Сыныптың басқа сыныптармен, қоғаммен байланысы, қарым-қатынасы. Біз күнделікті байқаймыз кейбір сынып оқушылары өздерінен ересек не жасы кіші балалармен қарым-қатынас жасайды.Ал кейбіреуі тіпті өзімен бірге оқитын оқушылармен тіл табыса алмай жатады;
ü Сыныптың жалпы мектепішілік тәрбие кеңістігіндегі орны. Кейбір тапсырманы не шараны өткізуді тапсырғанда сыныптың деңгейіне, өз бетінше әрекет ету алу қабілетіне қараймыз.Бұл сыныптың жалпы мектептегі тәрбиелік бет-пердесі;
ü Сыныптың тәрбие жүйесінің даму кезеңдері. Тәрбие жүйесі байланысы мен қарым-қатынасы шектелген,жабық жүйе болмауы керек. Сынып жетекші өз сыныбының басқа да сынып оқушыларымен байланысын қалыптастырып,оның нығаюына атсалысқаны дұрыс.Сондықтан кейбір шараларды параллель сыныптар арасында бірігіп өткізуді ұйымдастыру қажеттігі бар. Бірақ бұл жерде ескеретіні оқушылардың барлығын шарамен қамту. Қалғандары бос отырса, бір-біріне кедергі жасап, ешқандай жетістікке қол жеткізе алмайды.
Диагностикалық-нәтижелілік компонеті.Ол келесі бөліктерден тұрады:
ü Тәрбие жүйесі нәтижесінің (әсерінің) көрсеткіштері;
ü Тәрбие жүйесі нәтижесін анықтаудың әдісі мен тәсілдері
Тәрбие жүйесі нәтижелілігінің келесі көрсеткіш өлшемдерін алуға болады.
­ Оқушылардың тәрбие көрсеткіштері;
­ Сыныптағы оқушының өз-өзін жайлы сезіну деңгейі;
­ Сыныптың тіршілік-әрекетімен оқушы мен ата-анасының қанағаттануы
­ Сыныптың ұжым ретінде қалыптасуы;
­ Сыныптың абырой беделі;
­ Сынып ұжымының жеке даралық қасиеттерінің көрініс табуы. Осы көрсеткіштерді анықтауға сәйкес әдіс-тәсілдер анықталып, қортынды шығарылады. Сонымен, сыныптың тәрбие жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері мен оның ішкі мазмұны, мағынасы туралы таныстырылды. Жүйе мағынасы туралы түсінік сіздерге сынып қауымдастығында оқушыны тәрбиелеу үлгісін құруға көмектеседі.
4.Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде оқыту процесін технология-ландыру – педагогикалық ғылым мен практиканың келешегі бар бағыты болып отыр. Отандық технологиялардың ішінен жоғары сұранысқа ие болып жүрген технологиялардың бірі – «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі». Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын Қазақстан Республикасындағы үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатысындағы оқыту үрдісіне енгізу арқылы білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту Мемлекеттік Тұжырымдамасы мен 2010-2020 жылдарға дейінгі Бағдарламаларын жүзеге асыру барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге болады, яғни: 1) нәтижеге бағытталған бәсекеге қабілетті сапалы білім алуға жағдай жасалады; 2) білім беру жүйесінің дамуын болжауға және қадағалауға (мониторинг жүргізуге) қолайлы жағдай туады; 3) білім беру жүйесінің сапасын әділ бағалайтын Ұлттық бағалау жүйесі құрылады. «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» негізінде құрылған оқыту арқылы ғана Қазақстанның жаңа үлгідегі Ұлттық мектебін құруға мүмкіндік туатыны ғылыми түрде дәлелденген. Мұндай мектепте оқушы әр пәннің стандарт талабына сәйкес анықталған мазмұнын интерактивті және зерттеушілік әдістер арқылы өз бетімен меңгеруге үйренеді және әр тақырып бойынша құрылған үшдеңгейлік тапсырмаларды 12 жыл бойы біртіндеп орындап отыру арқылы сапалы да берік білім алады. Сонымен қатарбұл мектеп: лицей, гимназияларда тереңдетіліп берілетін оқу мазмұнын; олимпиадалық тапсырмаларды; ғылыми жобалардың, факультативтік сабақтардың, үйірмелердің мазмұнын қамтитын 4-шығармашылық деңгей тапсырмаларын (әр оқушының жеке қабілетіне сәйкес бағыттағы пәндер бойынша) орындатуға жағдай жасайтын универсалды мектеп бола алады. Мектеп іргесінде жеке оқушының үздіксіз даму траекториясын көрсететін мониторинг құрылады және электронды журнал, оқушының электронды күнделігі жүргізіледі.
«Оқыту технологиясы» – негізінде, тоғыз компоненттен тұратын ұғым: 1) үрдістің мақсаты; 2) мазмұны;3), әдіс-тәсілдері немесе методы и приемы (әдіс-тәсілдер жиынтығы =әдістеме, яғни:методиканықұрайды), 4) оқыту формасы (жекеше, жұптық, топтық, фронтальды, ұжымдық); 5) құралы, соның ішінде ақпараттық коммуникациялық технологиялар (e-learning және онлайн оқытулары). Аталған бес компонент кез келген үрдіс жоспарының құрылымына кіреді (өндірісте, мысалы нан пісіру технологиясы, сондай-ақ оқытуда болсын).
Жоспарды тиімді түрде жүзеге асыру үшін: 6) үрдістібасқарушы (мұғалім) мен орындаушы (оқушының)қызығушылығын тудыратын әрекеттер қолданылады; 7) орындаушының (оқушының) өз бетімен таным-дық қызметінің әрекеттері (қадамдары) орындалады; 8) басқарушының (мұғалімнің) басқару функциялары жүзеге асырылады); 9) НӘТИЖЕ(әр тақырып бойынша әр оқушы баға алса, сабақ технологиялық амал негізінде өткізілген болып саналады). Дәстүрлі оқытуда да, инновациялық технологиялар, соның ішінде «Сыни тұрғысынан жазу мен оқыту» стратегияларын қолдануда да, сабақ барысында қарапайым немесе күрделі тапсырма болсын,мысалы олимпиадалық тапсырмалар, олар тек дұрыс орындалса болды – «4» пен «5» қойыла береді және әр тақырып бойынша бірнеше ғана оқушы бағаланады.Осыған орай, туындайтын мәселе: біріншіден, дұрыс орындалған тапсырмалар, олардың күрделілік дәрежесіне сәйкес бағалану қажет, яғни тапсырманың сапасы өлшенеді (квалиметриялық амал негізінде: квали – сапа, метрия – өлшеу); екіншіден,гуманистік көзқарас (парадигма) аясында оқушының оқу жетістіктері оның тек алған білім сапасымен ғана өлшенбейді. Оқушының білім, біліктілігі және оларды күнделікті өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарды шешуде қолдана білу құзіреттілік дәрежесі өлшенеді. Яғни, оқушының оқу жетістігін әділ бағалау – білім беру саласындағы басты өзектімәселелердің бірі болып. Бұл мәселенің шешімі бар. Оның шешу жолдарын профессор Ж.А.Караевтың оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)» технологиясы бойынша 2000 жылдан бері Республика көлемінде ББЖ КБАРИ тарапынан ұйымдастырылған арнайы курстардан өткен еліміздің мыңдаған мектеп ұстаздары өз тәжірибесінде жүзеге асырып, тиімді нәтиже алуда.
ҮӘЖ технологиясының негізгі мәні (квинтэссенциясы) мен айрықша ерекшелігі – әр тақырып бойынша әр оқушының оқу жетістігі бағаланады. Ол үшін міндетті түрде барлық тақырып бойынша әр оқушымен сабақтың соңында кері байланыс (ІІІ кезең – нәтижеге бағытталған бөлімде)жүргізіледі. Оқушылардың оқу жетістігі әділ бағаланып, мониторингке тіркеліп отырылады. Мұндай амал дәстүрлі оқытуда да, инновациялық технологиялар, соның ішінде «Сыни тұрғысынан жазу мен оқыту» стратегияларын қолдану барысында да қарастырылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет