Бірінші деңгей(В.П. Беспалько бойынша) – оқушылық (өнімсіз – репродуктивтік деңгей: мемлекеттік стандартта анықталған мазмұнның ең аз қажетті көлемін қамтиды). Бұл деңгейде оқушылар Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» бойынша орындалуға тиіс алғашқы «Білу» қадамына сәйкес репродуктивтік әрекеттер жасайды. Сабақтың екінші кезеңінде қарастырылған ұғымдарды, түсініктерді, аксиомаларды, даталарды, т.б. фактілер, ақпараттарды білу талап етіледі. Қойылатын сұрақтар түрі: не? қашан? қайда? қалай? ... құрылымы қандай?, аяқта, толықтырып жаз. т.с.с. Мысалы, тапсырмалар шарты: Бос орынға қажетті сөздерді жаз . (Асты сызылып курсивпен жазылған жауаптардың орнына оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады. Шартты түрде әр деңгейдің бір тапсырмасы бір баллмен бағаланады).
Достарыңызбен бөлісу: |