Гүлжанат: Әлпештеген баласын
Ана – бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер баласын.
Ізбасар: Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақталған,
Ел сенімін ақтаған
Айналайын, ақ мамам.
Айдана: Бізді өсіріп баптаған
Жаксы болса шаттанған,
«Алтыным» деп мақтаған
Айналайын, ақ анам!
Жалғас: Ана – көркі көгімнің,
Ана – нұры жерімнің.
Ана – бағы баланың,
Мақтанышы елімнің.
Мұғалім: «Теңізді де кешіп өтіп жетпей мен жан ботасын сағынғанда ару ана »дегендей, ана бауыр еті баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі, өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді. «Қарға баласын аппағым дер, кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей «әркімнің өз баласы өзіне, ай көрінер көзіне» деп айта аламыз. Құрметті аналар сіздердің еңбектеріңіз зор. Енді балаларымыз сізге арнап «Құттықтаймын, ана, мерекеңмен» әнін орындайды.
Хор: «Құттықтаймын, ана, мерекеңмен»
Мұғалім: Тәрбие сағатымыздың келесі кезеңі – ойын – сайыс деп аталады. Мұнда оқушылармен қоса аналарымыз да қатысады. Сайыс келесі кезеңдерден тұрады:
1-кезең: «Ептілер сайысы» мұнда оқушылар өздерінің аналарына қалайша көмектесетіндерін айтып, картоп аршудан сайысады.
2-кезең: «Тапқырлар сайысы» мұнда әуелі балалар өз анасын табу керек, кейін аналар балаларын табады (шарт бойынша көздері алдын-ала байланады)
3-кезең: « Сөз тапқыштар» мұнда балалар және аналар бір – біріне арнап жақсы сөздер айтады, қайсысы көп сөз айтса, сол жеңімпаз болып есептеледі.
Қорытындылау.
Хор: «Ана»
Соңғы сөз кезегі: құрметті аналарға беріледі.
Мұғалім: Құрметті, аналар, біздің «Ананың аялы алақаны» атты тәрбие сағатымызды келесі өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр.
Ана – біздің күніміз! Ананың біз – гүліміз! Бізді, ана, қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |