«ТӘрбие жұмысы бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы) 2016 жыл


Ән: «Қазақтың дастарқаны» 4 «А» класс



бет23/31
Дата10.01.2024
өлшемі2.91 Mb.
#488784
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Тәрбие жұмысы жинағы

Ән: «Қазақтың дастарқаны» 4 «А» класс
2-жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік, - келесі жеңгелеріміз өз өнерлерін көрсетеді.



Өлеңдер оқылады. 1-2-класс


1-жүргізуші: «Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» демекші келесі кезекті салт-дәстүрге берейік.


Би: «Қара жорға» 2 «А» класс


2-жүргізуші: «Ас-адамның арқауы» демекші ендігі бөлім ұлттық тағамдарға арналады.


Ұлттық ойын: «Арқан тартыс»


1-жүргізуші: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділ-қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.

Қыдыр ата балаларға сыйлықтарын беріп, қоштасып кетеді.


2-жүргізуші: Құрметті ата - аналар және көрермендер, мерекелеріңізбен!
«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын»
«Наурызға ақ жол»
«Жыл басы наурыз»
Мол болсын дәм - тұз»
Құттықтау сөзі директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарына, ата-аналарға беріледі.


ҚҰСТАР – БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ.



Мақсаты: оқушыларға табиғатымыздың сәні болып келетін құстар жайлы тереңірек мағлұмат беру; балаларды табиғатымызды аялауға, құстарға қамқор болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының барысы:


Мұғалім: Балалар, біз сендермен табиғат деген бізді қоршаған орта - тау, тас, су, ауа, жер, өсімдіктер, жануарлар екенін білеміз. Біз бүгін табиғаттың бір бөлігі – табиғаттың көркі, сәні, бақшаның әні болған құстар тақырыбына тоқталайық деп отырмыз.
Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен. Құстардың жылы жаққа кетуінің басты себебі – жемнің азаюы. Күн салқындап, құрт-құмырсқалар қуысқа тығылып қалады. Құстар топтала ұшып, лек-легімен жылы жаққа кете бастайды.
Көктемде олардың қайта оралу себебі – ол жақ өте ыстық болғандықтан, жұмыртқалары шіріп кетеді де, ұрпақ өрбіте алмайды. Аз күнде біздің «қанатты достарымыз» туған жерге қайта оралады. Сол достарымызға арналған тәрбие сағатын бастайық.


Сұрақ-жауап:

  1. Құстардың қандай пайдасы бар?

  2. Ағаштың қандай пайдасы бар?

  3. Құстар болмаса ағаш, бақ іші қандай болар еді?

  4. Құстар болмаса бақ сәні бола ма?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет