ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Наурыз - 2015» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.
Барысы:
1-жүргізуші: - Армысыздар, ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Р.Рымбаеваның «Наурыз» әні қосылады, балалар 2 жақтан билеп шығады.
2-жүргізуші: Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып, жадырасып бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар, мұнын ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрамды қарсы алайық Наурыз!
Көрісу. (Күй қосылады)
1-жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір!
2-жүргізуші: Қашанда құт-береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Шашу шашылады.
1-жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
2-жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1-жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.
2-жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
Сөз кезегі мектеп директоры Б. Түркпеналинаға беріледі.
1-жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Достарыңызбен бөлісу: |