«ТӘрбие жұмысы бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы) 2016 жыл


Ән: «Құтты болсын әз Наурыз» 3 «А» класс



бет22/31
Дата10.01.2024
өлшемі2.91 Mb.
#488784
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Тәрбие жұмысы жинағы

Ән: «Құтты болсын әз Наурыз» 3 «А» класс
2-жүргізуші: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
1-жүргізуші: Қош келіпсің, Наурыз! Арман тойы халықтың, қуанышы халықтың
Құтты болсын қадамын!
Сені тойлап қарсы алып бар әлемге жар салып
Сәлем бердік біз сізге.

2-жүргізуші: Халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша Наурыздың 22-сі түнде сағат 3-те даланы Қыдыр ата аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп, қос шырақ жағылып қойылады. Ыдыс атаулының барлығын «ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды. Жыл бойы дән тасқын-тасқын, ақ мол, жауын-шашын көп болсын деп тілейді.
Ортаға Қыдыр ата мен Наурыз қыз келеді.
1-жүргізуші: Қыдыр ата ортамызға келіп тұр
Бізге ақ батасын, ақ тілегін беріп тұр
Сәлем беріп, алақанымызды жаяйық
Атамыздың ақ батасын алайық.

Қыдыр ата: Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейін
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін
Көйлектерін көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын
Қуаныштарың көп болсын
Аумин!
Наурыз қыз:
Ашық болсын күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай - тұлғалы өмірде айтылады жырымыз.
Жайнатады гүл - гүлді
Сайратамын бұлбұлды
Мерейлі жұрт тойласын
Мейрам етіп бұл күнді
Балалар, атаға көрсетер қандай өнерлерін бар?

2-жүргізуші: Ата, Наурыз қыз, біздің мерекеміздің қадірменді қонағы болыңыздар (төрге отырғызады).
Би: «Аққу» 1 «А» класс
1-жүргізуші:
«Наурыз» біздің Қазақстанда тұратын көп ұлттар өкілдері үшін ортақ. Биылғы жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы. Елімізде мәңгіге бірлік, береке, ынтымақ, достық орнасын.

2-жүргізуші: Жиналдық Наурыз тойға бәріміз де
Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де
Әр кластың жиналған өреңдері
Өнерлерін көрсетуге келді міне
Енді ортаны баршаңызға ашайық
Көрермендерге жырдан шашу шашайық
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып
Өнерменен інжу - маржан шашайық

1-жүргізуші: «Жеңгелер сайысын» бастаймыз.
Әділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерлі, кім мықты? - дегендей әділ-қазылар алқасымен танысып алайық.

2-жүргізуші:
І кезең: «Таныстыру»
ІІ кезең: «Өз өнерін көрсету»
ІІІ кезең: «Салт-дәстүр»
ІҮ кезең: «Ұлттық тағам»
1-жүргізуші: Деген екен қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы»,
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп «Таныстыру» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет