Педагогикалық зерттеудiң бақылау және әңгiмелесу әдiстерiн қолданған кезде оның мазмұны мiндеттi түрде күнделiкке жазылып отырылуы тиiс. Бұл әдiстерге қатысты тағы бiр ерекшелiк, оның мақсатын жарияламау, нысана анықталып, зерттелiп отырған педагогикалық мәселелер туралы беймәлiм болуын қажет етедi. Ондай болмаған жағдайда, зерттеушiнiң сұрақтарына жауап шын мағынасында берiлмеуi мүмкін, не болмаса ол, оған жауап беруден бас тартуы ғажап емес. - Педагогикалық зерттеудiң бақылау және әңгiмелесу әдiстерiн қолданған кезде оның мазмұны мiндеттi түрде күнделiкке жазылып отырылуы тиiс. Бұл әдiстерге қатысты тағы бiр ерекшелiк, оның мақсатын жарияламау, нысана анықталып, зерттелiп отырған педагогикалық мәселелер туралы беймәлiм болуын қажет етедi. Ондай болмаған жағдайда, зерттеушiнiң сұрақтарына жауап шын мағынасында берiлмеуi мүмкін, не болмаса ол, оған жауап беруден бас тартуы ғажап емес.
- Сауалнама (анкета) әдiсi зерттелiп отырған педагогикалық мәселеге, құбылысқа байланысты көпшiлiк пiкiрiн бiлу мақсатында алдын ала тыңғылықты дайындаған сұрақтарға жазбаша жауап беру жағдайында жүргізiледi. Ол көпшiлiктiң жауабын салыстырмалы түрде материалдарды анықтау негiзiнде атқарылады. Бұл әдiстi қолдану барысында ондағы сұрақтардың көлемi шағын, әрi анық болуын ескеру қажет.
- Сауалнама әдiсiнiң жазбаша пiкiр сұрау түрінен (анкета жүргізу) басқа сұхбаттасу (интервью алу) әдiсi де қолданылады. Әдiстiң бұл түрі әлеуметтік зерттеулерде көп қолданылады. Педагогика саласында да нақтылы жағдайға байланысты iшiнара қолданылып отырылады.
Сұхбаттасу (интервью) әдісі (латынша interview – әңгімелесу, кездесу – ауызша түрде әлеуметтік, психологиялық және т.б. тұрғысында қажетті мәліметтерді сұрақ-жауап арқылы алу тәсілі. Сұхбаттасу тәсілінің екі түрі болады: тақырып және формасы тұрғысынан әңгімелесу еркін жүргізіледі және стандартталған, яғни анкетаға ұқсас жабық сұрақ түрінде болады. - Сұхбаттасу (интервью) әдісі (латынша interview – әңгімелесу, кездесу – ауызша түрде әлеуметтік, психологиялық және т.б. тұрғысында қажетті мәліметтерді сұрақ-жауап арқылы алу тәсілі. Сұхбаттасу тәсілінің екі түрі болады: тақырып және формасы тұрғысынан әңгімелесу еркін жүргізіледі және стандартталған, яғни анкетаға ұқсас жабық сұрақ түрінде болады.
- Социометрия әдісі – бұл адамдардың өзара қарым-қатынасын өлшеу арқылы анықтауда, олардың бір-бірін таңдауы негізінде жүргізілетін зерттеу тәсілі. Бұл өлшем социометриялық критерияларды (өлшем) анықтау негізінде жүзеге асады, ал оның нәтижесін социометриялық матрица немесе социограмма түрінде белгілейді. Мұғалімдердің немесе сынып жетекшілерінің бұл әдісті оқушылар ұжымын қалыптастыруда пайдалануы ұжымға немесе жекелеген топқа нәтижелі ықпал етугдің ең тиімді тәсілдерін табуға мүмкіндік береді.
- Эксперимент әдісі (латынша experimentum – проба, опыт) – зерттеу жұмыстарында жалпы ғылыми әдіс болып саналады. Онда экспериметті жүргізушінің белгілі бір жағдайды қайта құруға бағытталған теориялық-практикалық сипатағы әрекеті орын алады, соның барысында зерттеліп отырған нысана табиғи немесе жасанды түрде алдын-ала қойылған мақсатқа сәйкес жүргізіледі. Эксперимет жұмысының ерекшелігі, зерттеу жұмыстарының өзгермеуі болмаса өзгермелігі жағдайына байланысты оның қайталануы да мүмкін. Эксперименттің түрлеріне жатады: табиғи, лабораториялық,қайта құру, қалыптастыру және т.б. Олар үш деңгейде жүргізіледі: анықтау, бақылау, қалыптастрыу эксперименті.
Достарыңызбен бөлісу: |