Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің зерттеу әдістері - Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінде педагогикалық зерттеу әдістері қарастырылады. Педагогикалық зерттеу әдістері деп педагогикалық құбылыстарды байқап білу тәсілдерін айтады. Демек, зерттеу әдістері белгілі бір қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін зерттеу әрекеттерін орындау тәсілдері немесе операциялары ретінде танылады. Мәселен, тәрбие, білім беру, оқытудың заңдылықтары мен ерекшеліктерін объективті тануда төмендегідей зерттеу әдістерінің амал-тәсілдеріне сүйенеді.
- Іс-қағаздарды сараптау (құжаттарды талдау) әдісі – бұл білім беру мекемелері саласында атқарылған іс-әрекеттің нәтижесіне баға беруде педагогикалық зерттеудің бірден-бір тәсілі. Онда, мысалы білім беру мекемесінің оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік сипаттағы іс-қағаздар, аттестация нәтижелері және т.б. құжаттарды тадау жұмыстары атқарылады. Сонымен бірге, әрбiр оқушының, жеке басына қатысты iс-қағаздарымен жан-жақты танысу да көзделедi. Iс-қағаздарға: дәрiгерлiк құжат, сынып журналы, жиналыстар мен мәжiлiстердiң хаттамасын, үлгерiм қағазын, т.б. құжаттарды жатқызуға болады.
- Мұрағат материалдарын зерттеу, белгiлi бiр педагогикалық мәселеге байланысты теориялық еңбектермен танысу, оларға талдау жасауда қарастырылады.
Бақылау әдісі – бұл жалпы ғылыми зерттеу әдісі. Онда педагогикалық зерттеу жұмыстары қандай да бір педагогикалық құбылыстардың өту жағдайын мақсатты әрі жүйелі түрде тікелей табиғи немесе эксперименттік жағдайда анықтауды, белгілеуді қарастырады. - Бақылау әдісі – бұл жалпы ғылыми зерттеу әдісі. Онда педагогикалық зерттеу жұмыстары қандай да бір педагогикалық құбылыстардың өту жағдайын мақсатты әрі жүйелі түрде тікелей табиғи немесе эксперименттік жағдайда анықтауды, белгілеуді қарастырады.
- Бақылау iрiктелiп немесе жаппай жүргізiледi. Ол алдын ала құрған жоспар бойынша жүргізiледi. Iрiктеп бақылауда жекелеген педагогикалық мәселеге қатысты фактiлердi анықталса, жаппай бақылауда тұтас педагогикалық процеске қатысты педагогикалық құбылыстардың мәнiн ашу, деректi материалдар жинау барысында атқарылады. Бақылау – басқа зерттеу әдiстерiнiң белгiлi бiр кезеңiнде тоқталады. Бақылау әдiсiнде неғұрлым объективтi мәлiметтер алу үшін әр түрлі техникалық құралдарды да пайдалануға болады (суретке түсірiп алу, кино камерасын пайдалану, т.б.)
- Сұрақ-жауап әдісі – бұл, әдеттегідей, белгілі бір педагогикалық құбылыстарға қатысты алғашқы мәліметтерді жинау мақсатын көздеп, дәстүрлі сұрақтарды қою арқылы жүргізіледі.
- Әңгiмелесу әдiсi – бұл белгілі бір педагогикалық құбылыстарға бақылау деректерiн жинақтай келе, оған қосымша ақпарат, материалдар, дерек көздерін алу үшін қолданылады. Әңгiмелесу – алдын ала нақтылы мақсат қою, жоспар құру, солардың негізінде белгілі бір сұрақтарды әзiрлеудi қажет етедi. Мектеп жағдайындағы әңгiмелесу жекелеген оқушылармен, оқушылар тобымен, белсендiлермен, мұғалімдер және оқушылардың ата-аналарымен жүргізiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |