Сабақтан тыс жұмыс – мектептің оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі, оқушылардың қолы бос кез уақытын ұйымдастырудың бір формасы, бағыты. Сабақтан тыс жұмыс көптеген жағдайда балаларға қосымша білім берумен сәйкес келеді. Мәселен, мектептегі үйірмелер (ғылыми, көркемөнер, пәндік), көркемөнер студиялары, спорт секциялары және т.б. жұмыстары. - Сабақтан тыс жұмыс – мектептің оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі, оқушылардың қолы бос кез уақытын ұйымдастырудың бір формасы, бағыты. Сабақтан тыс жұмыс көптеген жағдайда балаларға қосымша білім берумен сәйкес келеді. Мәселен, мектептегі үйірмелер (ғылыми, көркемөнер, пәндік), көркемөнер студиялары, спорт секциялары және т.б. жұмыстары.
- “Тәрбие шарасы” топтық (ұжымдық) әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актысы (бөлігі) ретінде қарастырылады (Н. Е. Щуркова бойынша).
- Психология және педагогикалық әдебиеттерде тәрбие шарасы тәрбие жұмысының көптеген түрлері мен формаларын белгілеуде қолданылады. Тәрбие шарасы – бұл бірыңғай тәрбиелік мақсатқа бағындырылған әр түрлі тәрбиелік ықпалдың жыйынтығы. Жекелеген сабақтардан тұратын оқыту процесі секілді тәрбие процесі тәрбиелік шаралардың негізінде қалыптасады. Яғни, шара – бұл тәрбие процесінің бір актасы (бөлігі).
- “Тәрбие ісі” ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде (И. П. Иванов бойынша) үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар, жай қатысушылыр) және балалардың шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады.
Тәрбие ісі ұжымдық және шығармашылық сипатта болады. Сондықтан ол ұжымдық тәрбиелік іс немесе ұжымдық шығармашылық іс деп аталады. Профессор И.П.Иванов – бұл тәрбие шарасы емес, керісінше қамқорлық. Ұжымдық шығармашылық іс – бұл айқын, еңбек және ойынмен, шығармашылық және жолдастық қарым-қатынаспен, арман және қуанышпен толыққан ұйымдастыру тәсілі, сонымен бірге негізгі тәрбие құралы деген анықтама береді. - Тәрбие ісі ұжымдық және шығармашылық сипатта болады. Сондықтан ол ұжымдық тәрбиелік іс немесе ұжымдық шығармашылық іс деп аталады. Профессор И.П.Иванов – бұл тәрбие шарасы емес, керісінше қамқорлық. Ұжымдық шығармашылық іс – бұл айқын, еңбек және ойынмен, шығармашылық және жолдастық қарым-қатынаспен, арман және қуанышпен толыққан ұйымдастыру тәсілі, сонымен бірге негізгі тәрбие құралы деген анықтама береді.
- Тәрбие ісінде тәрбиешілердің оқушылармен өзара әрекеттесінің формалары, құралдары және тәсілдерін бірлікте қарастырады.
- Тәрбие ісінінің негізіне екі көзқарас жатады – іс-әрекеттік және кешенділік. Іс-әрекеттілік оқушылардың әр түрлі әрекетін ұйымдастыруды талап етеді: танымдық, еңбек, қоғамдық, көркемөнер, спорттық, құндылық-бағдарлық және еркін қарым-қатынас. Кешенділік (комплексный) – барлық іс-әрекеттің органикалық байланыста болуы, біртұтас процесте олардың бірыңғай ықпалдастығы. Мәселен, тәрбие ісі бірмезгілде өзінде тәрбие салаларының (адамгершілік, эстетикалық, интелектуалдық және т.б.) ықпалын қарастырады.
- Іс-әрекеттілік көзқарас тәрбиенің бағытын көрсетеді, ал кешенділік тәрбие мазмұнының сипатын анықтайды.
- Тәрбие ісін жүйелік тұрғыдан қарастырғанда, оның құрылымы төмендегідей болады.
- 1) мақсатқоюшылық (жағдайдарды талдау, басымдық танытатын тәрбие мақсатын белгілеу);
- 2) жоспарлау;
- 3) ұйымдастыру және дайындық;
- 4) тәрбие ісін тікелей жүзеге асыру;
- 5) қол жеткізілген нәтижені талдау, бағалау, қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |