Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері



бет4/14
Дата14.09.2023
өлшемі97.61 Kb.
#477499
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
410180.pptx

Тәрбие жұмысының ең көлемді категориясы болып «тәрбие процессі» табылады. Тәрбие процесі - қоғамның талап-тiлектерiне сай әрбiр жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана-сезiмiн, ерiк-жiгерiн, мiнез-құлық ерекшелiктерiн жүйелi түрде қалыптастырып, дамытуға бағытталған тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң өзара бірлескен әрекетi.

  • Тәрбие жұмысының ең көлемді категориясы болып «тәрбие процессі» табылады. Тәрбие процесі - қоғамның талап-тiлектерiне сай әрбiр жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана-сезiмiн, ерiк-жiгерiн, мiнез-құлық ерекшелiктерiн жүйелi түрде қалыптастырып, дамытуға бағытталған тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң өзара бірлескен әрекетi.
  • Оның мәнісі негізінен әртүрлі тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру барысында оқушы тұлғасын қалыптастыруда мақсатты түрде ықпал ету жағдайымен анықталады және өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамыту мәселелерін де ұйымдастыруды қарастырады.
  • Бұндай әрекетте баланың оған қатынасуы (шығармашылығы, белсенділігі, дербестігі т.с.с.) мен қарым-қатынасының (қызығушылығы, қажеттілігі т.с.с.) сипаты ерекше маңызға ие болады. Сондықтан да тәрбие процесінде мұғалімге, ұстаздарға, тәрбиешілерге тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыруда белгілі бір талаптар қойылады. Олар баланың қызығушылығын, ықыласын тәрбиелеп, қажеттілігі мен талабын ынталандыруы және тәрбиелік іс-шараларға жағымды қарым-қатынас орнықтыруы тиіс.
  • Тәрбие процесі тәрбиенің мақсаты мен оны ұйымдастыру сипатын анықтайды. Сондықтан да ол мақсатты және саналы процес болып табылады.

Тәрбие жүйесі - мақсаттар, ұжымдық қатынастар, шығармашылық істер, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың әр түрлі формалары мен тәсілдерінің бір-бірімен өзара тығыз байланысты жиынтығы ретінде қарастырылады.

  • Тәрбие жүйесі - мақсаттар, ұжымдық қатынастар, шығармашылық істер, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың әр түрлі формалары мен тәсілдерінің бір-бірімен өзара тығыз байланысты жиынтығы ретінде қарастырылады.
  • Тәрбие жұмысы - тұлғаның толыққанды дамуына жағдай жасауға бағытталған үлкендер мен балалардың өмір сүру әрекетін ұйымдастыру процессі.
  • Тәрбиелік қарым-қатынас – тәрбие жұмысында пайда болатын және рухани-адамгершілікке бағытталған адамдардың әртүрлі сипаттағы өзара әрекеттесуі.
  • Тәрбие жұмысының формасы - оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын (жолдарын), олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайтын тәрбие процесінің негізгі буыны.
  • Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – бала тұлғасының әлеуметтенуін қажетті жағдаймен қамтамасыз ететуде педагогтардың сабақтан тыс кезде тәлімгерлердің әртүрлі әрекеттерін ұйымдастыру жұмыстары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет