45
Жобалық жұмыстар ұйымдастыру
Білім берудің заманауи мәселелерін шешу шарттарының бірі –
оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту. Бастауыш сынып
оқушыларының зерттеу дағдыларын қалыптастыру нақты жобаларды
ұйымдастыру арқылы зерттеу ортасын құру барысында жүзеге асырылуы
керек. Бұл оқушылардың зерттеудің негізгі кезеңдерін сабақ уақытында,
сондай-ақ сабақтан тыс уақытта орындауын көздей отырып,
өзіне
жауапкершілік алуға, іс-әрекетін жоспарлауға және оны орындау
қабілетін дамытуға ықпал етеді. Жобалық жұмыстар оқушылардың
бойындағы қабілеттерін ашуға,
өзгелермен қарым-қатынас жасап, тіл
табысуға, ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін бірігіп әрекет етуге
төселдіреді. Жобалық жұмыс барысында оқушының бойында
сабырлылық, табандылық қасиеттерін дамытуға септігі тиеді. Бастауыш
мектепте
жобалық жұмыстарды ұйымдастыру оқушының түрлі пән
саласы бойынша дүниетанымын кеңейтіп,
ой-өрісін дамытуға ықпал
етеді. Ол – баланың бойындағы қабілеті мен бейінділігін дамытуға
оңтайлы үдеріс. Оқушы өз қызығушылығы бойынша оқу әрекетімен
айналысып, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік алады.
46
айналасында орын алған жағдайларға бей-жай қарамайтын,
өзінің
азаматтық көзқарасы бар белсенді тұлғаға айналуына қолайлы жағдай
жасалады. Жобалық жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі бағыттары:
өзіне және мектепке қамқорлық жасау;
қоғамға қамқорлық жасау;
ұлтқа қамқорлық жасау.
Жобалық жұмыстың мақсаты: оқушылардың танымдық,
шығармашылық және әлеуметтік дағдыларын дамыту, білім алуға
құштарлығын арттыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау іскерлігін, сыни
тұрғыдан ойлауын дамыту. Білім беру
құндылықтарын қалыптастыру
мақсатында ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫҢ маңызы зор. Себебі оқушы
жастайынан қоғамдық өмірге атсалысуға, қоғамға қызмет етуге,
азаматтық ұстанымы мен белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік
алады. Әлеуметтік жобаларды
сынып ұжымымен немесе шағын
топтармен ұйымдастыруға болады. Оқушылар топта бірлесе әрекет ету,
мәселені талқылау, өзгелердің пікірін тыңдау, өз пікірін білдіру, өзгенің
пікірін қабылдау, шешім табу, алдына қойған мақсатына қол жеткізуге
дағдыланады. Әлеуметтік жобалар негізінен қайырымдылық жасау,
қамқорлық көрсету, қоршаған ортаға зиян келтірмеу, экологиялық берік
ұстанымының қалыптасуына негіз болады.
Әлеуметтік жоба бағыттары:
1. Әлеуметтік жобаның қолданылу саласындағы технологияларды
әзірлеуді қамтитын
Достарыңызбен бөлісу: