Ортақ тақырыптар негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру
Бастауыш сыныпта оқу-тәрбие үдерісін құндылық негізінде
ұйымдастыру барысында түрлі білім беру салаларын кіріктіру маңызды.
Оқу пәндері мазмұнын кіріктіре отырып оқыту қоршаған орта
нысандары мен табиғат құбылыстарының байланысын түсінуге, әлемді
тұтас қабылдауына ықпал етеді. Бұл – оқушының өзіндік көзқарасының
34
қалыптасуына, құбылыстар мен заңдылықтардың себеп-салдарын
бағалауға зор мүмкіндік.
Ортақ тақырыптар негізінде оқыту пәнаралық байланыс
мәселелерін шешу, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,
функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында әртүрлі білім
саласы пәндерінің мазмұнын кіріктіру мүмкіндігін береді.
Төменде 1 және 2-сыныптар бойынша ортақ тақырыптар негізінде
тәрбие жұмысын жүзеге асыру мысалдары келтірілген.
Ортақ
тақырыптар
Мазмұны
Өзім туралы
өзін таныстыру, туыстық қарым-қатынастағы орнын
білу; ата-анасы, ата-әжесі, бауырлары,
өзінің жақсы қасиеттерін тану, өзіне-өзі қызмет
көрсету, гигиеналық талаптарды сақтау; отбасы
мүшелеріне қамқорлық жасау, қарым-қатынас
әдебін сақтау, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуға
баулу
Менің
мектебім
жалпыға ортақ нормаларға сай мектепте, қоғамда
өзін ұстау қабілетін дамыту;
өз іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезіну, білім
алудың қажеттілігі туралы түсінігін қалыптастыру;
үлкенге құрмет көрсету, басқалардың еңбегін
сыйлау;
сыныптастарымен достық, қамқорлық,
ынтымақтастық қатынасты қалыптастыру;
әділ бағалау, ұқыптылық, кеңпейілділік
қасиеттерін дамыту; өзін-өзі реттеу
Отбасым
және
достарым
қоғамдағы және отбасындағы өзінің рөлін түсіну;
отбасына деген махаббат сезімдерін ұялату;
ағайын туыстары мен нағашыларымен қарым-
қатынас жасаудың маңыздылығын білу; өз
істерінің адамгершілік мәнін көре білуі; ешкімнің
намысына тимеу; өзара бірлесіп әрекет ету,
балалармен тіл табысып, достық қарым-қатынас
орнату, ойын ашық айту; көмек қолын созу;
әлсіздерді қорғауға, әлімжеттік жасамауға баулу
35
Қоршаған
орта
табиғат пен қоғамдағы құбылыстар мен
үдерістер туралы дүниетанымын кеңейту,
қоршаған ортаны аялай білуге үйрету, табиғатты
қорғау, жан-жануарларға қомқор болу,
адамдармен қарым-қатынас мәдениетін сақтау,
қоғам мүлкіне ұқыпты болу, адамның жасына,
жынысына, нәсілі мен діліне құрметпен қарау,
қоршаған ортаның әртүрлілігін қабылдау және
сыйлау
Саяхат
әсемдікті, әдемілікті түсіну, туған жердің табиғаты
мен тарихын құрметтеу, туған өлкенің, елдің
өткеніне және бүгініне қызығушылықты дамыту,
демалу мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялай
білуге дағдыландыру
Салт-дәстүр
және ауыз
әдебиеті
оқушылардың қазақ халқының рухани-мәдени
мұрасына қызығушылығын ояту, ұлттық өнерді
дәріптеу, халық ауыз әдебиетін білу, ұлттық әдет-
ғұрыптарды сақтау, салт-дәстүрлерді құрметтеу
Тағам және
сусындар
тағамды талғай білуге үйрету, пайдалы және зиян
тағамдарды ажырату, ұлттық тағамның пайдасын
білу, ас режімін сақтаудың маңызын түсіну
Дені саудың –
жаны сау
оқушыларды саламатты өмір салтын сақтауға
дағдыландыру, белсенді демалыс және оның
адамның көңіл күйіне және денсаулығына тигізер
әсерін білу; гигиеналық нормаларды сақтау және
тұрмыс мәдениетімен танысу; өзін-өзі дамытуға,
денсаулығын нығайтуға, білімін жетілдіруге еңбек
етуге баулу; өз ағзасының ерекшеліктеріне сай өз
өмірі мен қызметін тиімді ұйымдастыра білуді
түсіндіру
3-сынып
Жанды
табиғат
табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру,
өлкенің сұлулығын көре білу қабілетін дамыту;
табиғатқа, адамға, өсімдіктерге, жануарларға,
жер мен суға, туған өлкеге, қоршаған әлемге
36
қамқор
қарым-қатынас
қалыптастыру;
қоршаған ортаның қорғаушысы ретінде
белсенділік танытуға баулу; табиғат сұлулығын
көре білу, жанашырлық сезімдерін ояту
Жақсы деген
немене,
жаман деген
немене?
ұлттық және адамзаттық құндылықтарды білу,
адам өміріндегі жақсы қарым-қатынастың
маңызын түсіну, сөйлеу әдебін сақтау, жақсы
мен жаманды ажырату, жақсыны дәріптеу,
жақсылыққа
ұмтылу
дағдыларын
қалыптастыру; әрқашан жақсылық жасауға,
адамгершілік нормаларын сақтауға (өзара
көмек, шынайылық, жауапкершілік) дайын
болу;
өз іс-әрекеттерін адамгершілік тұрғысынан бағалау;
өз әрекетінің салдарын бағалай білу (кінә, ар-
ұждан, ұят); қоғамға қызмет етудің маңыздылығын
түсіну;
Уақыт
уақыттың маңызын түсіну, күн режімін сақтау, жыл
мезгілдерінің адам өмірі мен табиғатқа әсерін білу,
шаруашылықтың уақытқа қатысын анықтау,
уақытты дұрыс және үнемді пайдалану
Сәулет
халқымыздың өткен тарихын білуге, өнері мен
мәдениетіне қызығушылығын ояту; жаңаны танып-
білуге құмарлығын дамыту, мәдени мұрамыз –
көне заманның сәулет ескерткіштерін қорғаудың
маңызын түсіндіру; заманауи сәулет
құрылыстарында ұлттық нақыштың көрініс
табуының маңыздылығын түсіндіру
Өнер
ұлттық өнер түрлеріне қызығушылығын ояту,
сұлулықты байқау, бәрін әдемі жасауға
ұмтылысын, қоршаған ортаны сақтауға және оны
одан әрі әрлеуге деген талпынысын, әртүрлі өнер
түрлеріне қызығушылығын дамыту
Атақты
тұлғалар
еліміздің танымал тұлғаларының еңбегін бағалау,
еңбек пен өнердің елге тигізген пайдасы мен
37
әсерін анықтау; оқуға, білімге, ғылымға эмоциялық
оң қарым-қатынас қалыптастыру
Су – тіршілік
көзі
судың тіршілік үшін маңызы мен ағзаға пайдасын
түсіндіру, суды үнемдеу жолдарын білу; еліміздегі
өзен-көлдерді, олардың атауларының шығу
тарихын білу; өзендердің ауыл
шаруашылығындағы пайдасын және ысырап
жасаудың салдарын түсіндіру
Демалыс
мәдениеті
саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу;
белсенді демалыс мәнін түсіндіру және оның
адамның көңіл күйіне және денсаулығына тигізер
әсерімен танысу; гигиеналық нормалар және
тұрмыс мәдениетімен танысу; өз ағзасының
ерекшеліктеріне сай өз өмірі мен қызметін тиімді
ұйымдастыра білуді қалыптастыру
4-сынып
Менің Отаным –
Қазақстан
Отан алдындағы жауапкершілігі мен міндетін
түсіну және қабылдау, Қазақстанның азаматы
ретінде құқықтарын білу, өз Отанын сүю және
оған риясыз қызмет етуге даяр болу, Қазақстан
туралы жағымды пікір қалыптастыру
Адами
құндылықтар
қоғамдағы және отбасындағы өзінің рөлін түсіну;
адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру, өзара
бірлесіп әрекет ету, өзара көмектесу
ережелерімен танысу, әділдік, жауапкершілік,
айналасына сүйіспеншілік пен мейірім сезімдерін
ұялату
Мәдени мұра
оқушылардың өз халқының мәдени мұрасына
қызығушылығын ояту, өз халқының рухани-
адамгершілік құндылықтарын бойына сіңіру,
қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін білу
және оны құрметтеу, ұлттық мәдени мұраларды
дәріптеу, қарым-қатынас жасауда халықтық әдеп
негіздерін сақтауға тәрбиелеу
38
Мамандықтар
әлемі
өз кәсібін сүю, мамандық түрлерін және олардың
басымдықтарын ұғындыру, шығармашылықпен,
шабытпен еңбек етудің маңызы мен мәнін
түсіндіру, өзінің және өзгенің еңбегін бағалай
білуді үйрету
Табиғи
құбылыстар
Табиғат құбылыстарының адам өміріне әсерін
білу, табиғат құбылыстарына бейімделу, табиғи
қауіп-қатерден сақтану және қорғану жолдарын
білу, күн райын қадағалап дағдылану
Қоршаған
ортаны қорғау
қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау, айналасын
таза ұстау, үй жануарларына мейірімді болу,
жабайы аңдар мен құстарға қастандық жасамау,
қамқор болу, жыртқыш аңдардан сақтану
Ғарышқа саяхат
аспан әлеміне қызығушылығын ояту, ғылыми
зерттеу қабілеттерін дамыту, ғылыми
шындықтарды өзі ашу арқылы қоршаған әлем
туралы түсініктерін кеңейту, сындарлы ойлау,
өмір-уақыт-кеңістік туралы түсініктерін кеңейту,
ғалам мүмкіндіктерінің шексіздігін түсіну және
өмірге құштарлығын арттыру
Болашаққа
саяхат
болашақ туралы ойлауға, қиялдауға
дағдыландыру, өз болашағын болжау және құру,
болашақтың ықтимал нұсқаларын білу,
болашақтың бүгіннен басталатынын және оған
дайындалудың маңыздылығын түсіну,
жақсылыққа ұмтылу
Түпкі көздеген мақсатымыз – әр оқушының бойына адамгершілік
қасиеттерді сіңіріп, қоршаған ортаны құрметтейтін, еліне адал қызмет
ететін азамат тәрбиелеу. Бұл мақсатымызға қол жеткізудің алғышарты:
оқушының жауапкершілік сезімін дамыту. Ол өзі қабылдаған
шешімдерінің теріс/нашар және оң/жақсы салдары болатынын және әр
әрекетінің басқа адамдарға әсер ететінін түсінуі маңызды. Оқу-тәрбие
жұмысындағы басымдықтардың бірі – баланы физикалық тұрғыдан
дамытумен қатар, өз эмоциясын басқара білуді , әдептілікті үйрете
отырып, бауырмалдық сезімін қалыптастыру, отансүйгіштік рухты
39
тәрбиелеу.Әрбір мұғалім сыныпта оқушылар арасында жағымсыз
қарым-қатынас нышанын немесе жаман әдетке, зиянды заттарға
әуестігін байқап қалған жағдайда, байқамағансып, назардан тыс
қалдырмауы қажет. Оқушылардың көңіл-күйі мен қажеттіліктерін
ескеріп, сыныптағы, мектептегі моральдық климатты үнемі бақылап,
зерттеп жүрмей тәрбиені жүзеге асыру мүмкін емес. Оқушылар
арасында әлімжеттік, әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды шеттету,
мінезі тұйық балаларға қысым не қорлық көрсетудің алдын алу - бүгінгі
күннің басты талабы. Өзіне сенімсіз, аталған топтың өкілдеріне үнемі
қолдау көрсету, сынып алдында олардың беделін арттыруды үнемі
назарда ұстау керек. Әр мұғалім сыныпта буллингтің алдын алуы,
оқушының жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аса назар
аударуы керек.
Мектептегі тәртіп пен қауіпсіздік деңгейі оқушылардың
жетістіктеріне әсер етеді. Оқушыға мейлінше қауіпсіз және
психологиялық жағымды орта құруды қамтамасыз ету маңызды. TIMSS-
2019 халықаралық зерттеуіне қатысқан 4-сынып оқушыларының үштен
екісі ешқашан буллингке ұшырамағанын, ал оқушылардың 6%-ы апта
сайын буллингке ұшырайтынын атап өткен. «Қазақстан мектептерінде
буллингтің ең көп таралған түрлері – сөзбен кемсіту және әлеуметтік
қарым-қатынастан шеттету. Орташа есеппен алғанда, 4-сынып
оқушыларының
17%-ы
апта
сайын
осындай
әрекеттерге
ұшырайтындығын көрсетті. Төртінші сынып оқушыларының 17%-ы апта
сайын немесе ай сайын физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын
ашып айтты» [6, 7-б].
Әр мұғалім оқу үдерісінде оқушыларға кері байланыс беру
барысында жеке тұлғасына құрметпен қарауды өзінің кәсіби борышы
санап, қарым-қатынас әдебін сақтауы керек. Себебі бейсауат айтылған
сөз келесі оқушылардың әрекетіне «ілмек» болып кетуі ықтимал.
Оқушылар арасында кикілжің туындамауын қатаң бақылап, сынып
ұжымы ретінде өзара сыйластық қарым-қатынас орнауына аса көңіл
бөлінуі маңызды. Сынып оқушыларының әрекетін адамгершілік
тұрғысынан бағалап, жеке сұхбаттасу барысында бойындағы жақсы
қасиеттерінің көзін ашуға талпындырып, мотивация беруді үздіксіз
қолданып отыру қажет. Оқушымен жеке сөйлескенде:
40
қарапайым тілде, баланың жасына лайықты тілмен түсіндіру;
себебін бірге талқылау;
пайдасы мен зиянын түсіндіру;
дұрыс әрекетін атап көрсету, мадақтау;
бұрыс әрекетін түзету жолын көрсету маңызды.
Әр оқушының өзін-өзі ұстау және реттеу дағдыларын жетілдіре
отырып, сынып ұжымында, мектеп қауымдастығында, әлеуметтік ортада
өзінің орнын табуына, қарым-қатынас жасауына қолдау көрсетіп, демеп
отыру арқылы бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруіне жағдай жасау
керек. «Баланың ойыны қайсы, «жұмысы» қайсы, айыруға болмайды.
Ойыны да – ойын, «жұмысы да» – ойын, бəрін де ойын үстінде, ойын
үшін істейтінін» ескеріп, бала бойына жақсы әдет қалыптастыруға
бағытталған түрлі жағдаяттық ойындарды сабақта кеңінен қолданып,
оқушыларды белсенді қатысуға тарту қажет [3, 17-б].
Шәкәрім Құдайбердіұлы:
Сөзіңді түзе – әдетіңе айналады,
Әдетің – мінезіңе айналады.
Мінезің – сенің тағдырың, – демекші , баланы жастайынан ойната
отырып ойланту, жақсы мен жаманды айыру, өзіндік пікірі мен
көзқарасын қалыптастыру, жақсы әдетке баулу аса маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |