9
көрсету өзгелердің
пікірі мен көзқарасын сыйлау, оны баз қалпында
қабылдау, әл-ауқаты мен әлеуметтік статусына қатысты кемсітпеу
арқылы көрінеді. Н. Құлжанованың
бала тәрбиесіне қатысты. «Баланың
бетін жасынан түзеп,
дұрыс білім,
ЖАҚСЫ ӘДЕТ, КӨРКЕМ МІНЕЗ,
тазалық үйрету» деген ұстанымын
басшылыққа алсақ,
бала бойында
моральдық
құндылықтарды,
адамгершілік
қасиеттерін
қалыптастыру мүмкіндігіміз артады
[3,
18-б]. Құрмет ұғымын терең әрі жан-
жақты қарастыруға болады.
Ынтымақтастық – ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін өзгелермен тіл
табысып, бірге әрекет ету. Әр адам жеке жұмыс істеуге қабілетті. Бірақ
ауқымды жетістіктерге тек басқа адамдармен ынтымақтастықта ғана қол
жеткізуге болады. Адамдар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып,
ауыр істі бірлесіп істейді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», ендеше
баланың бойына жастайынан өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүру
дағдысын қалыптастыру өте маңызды.
Бастауыш сынып оқу үдерісінде
оқушылардың әлеуметтік
дағдыларын дамыту әр сабақта жүйелі жүзеге асырылғанда ғана өз
нәтижесін береді. Оқушы қарапайым оқу міндеттерін шешу,
берілген
тапсырманы топпен ақылдасып орындауы үшін ортақ іске өз үлесін
қосуы, жауапкершілік алуы, өзгелерді тыңдап, олардың көзқарасы мен
пікірімен санасуы және бағалауы қажет. Түрлі жобаларды, зерттеулерді
ұйымдастырып, оқушыларды белсенді қатыстыру арқылы бала бойында
ынтымақтастық қабілеттерін дамытуға жағдай жасай аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: