Тәрбие негізі – ҚҰндылық


Пән мазмұны арқылы құндылықтардың қамтылуы



Pdf көрінісі
бет9/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

Пән мазмұны арқылы құндылықтардың қамтылуы 
«Тіл және әдебиет» білім беру саласы бойынша 
«Әліппе», «Ана 
тілі», «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің оқу мақсаттарын жүзеге 
асырып, қол жеткізу үшін таңдалатын ресурстардың (мәтін, аудио-
визуалды материалдар, сюжетті суреттер) мазмұны толығымен білім 
беру құндылықтарына сәйкес іріктелуі тиіс. Оқу бағдарламасында 
белгіленген дағдылар: 

тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну; 

шығарманы мазмұндау; 

мәтіннің мазмұнын болжау; 

түрлі жағдаяттарда сөйлеу мәдениетін сақтау; 

берілген тақырып бойынша әңгіме құрау; 

тыңдалған материал бойынша пікірін білдіру; 

тыңдарманның назарын аудару; 

мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау; 

мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру;

мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау; 

кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау; 

түрлі дереккөздерден ақпараттар алу; 

мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау; 

мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу; 

түрлі жанр бойынша шығармашылық жұмыс жазу; 

түрлі стильде мәтін жазу; 

оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша 
жазба жұмыстарын жазу; 

жазба жұмыстарын түрлі формада ұсыну 
бөлімшелерінің оқу мақсаттарына қол жеткізу мәтінмен жұмысты егжей-
тегжейлі жүргізіп, құндылық тұрғысынан бағалауға және ғибрат алуға 
толық мүмкіндік береді [5, 220-б, 248-б]. Мәтінмен жұмыстың ең басты 
формасы: тақырыбы мен негізгі ойын анықтау, кейіпкерлердің іс-
әрекетіне баға беру, пайымдау және пікір білдіру болса, мәтін негізінде 
түрлі шығармашылық жұмыс жазу алған әсерін, сезімін білдіруге


22 
көтерілген мәселеге өзінің қатысын, ұстанымын көрсетуге мүмкіндік 
береді. Мәтінмен жүйелі жұмыс ұйымдастыру арқылы баланың жақсы 
мінез-құлқының қалыптасуына, бойындағы адамгершілік қасиеттерін 
көрсетіп, әрі қарай дамытуына қолдау көрсету маңызды. Нәтижесінде 
оқушы өмірде дұрыс шешім қабылдауға, өмірде кездескен кез келген 
қиын жағдайларды жеңуге, өзінің сезімі мен эмоциясын басқарып
саналы әрі берік ұстанымын қалыптастыруға қадам жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет