Тәрбие негізі – ҚҰндылық



Pdf көрінісі
бет23/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

1-сынып. «Ана тілі» пәні 
 
Жоба тақырыбы: Хабарлама жазу 
Жоба мерзімі: 2 сабақ.
Мақсаты: 
-
бауырына қамқорлық көрсету және ата-анамен байланыс құралы 
арқылы қарым-қатынас жасау мәдениетін қалыптастыру, ойын 
барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.
Міндеттер: 
-
шағын хабарлама жазуды меңгерту;
-
сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау; 
-
сюжетке берілген суреттердің ретін анықтап, ат қою арқылы 
қарапайым жоспар құру;
-
жазған жұмысты (сөз, сөйлем, мәтін) мұғалім қолдауымен тексеру 
және қатесін түзету. 
Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру. 
Жоба баланың күнделікті тіршілігіне байланысты ұйымдастырылады. 
Талқылау сұрақтары: 
- Қыста қандай ойын ойнайсыңдар? 
- Саған қайсысы ұнайды? 
- Кіммен бірге ойнайсың? 
- Сырғанақ тепкенде қандай қауіп туындауы мүмкін? Одан қалай 
сақтанасың? 
- «Сақтансаң, сау боласың» дегенді қалай түсінесің? 
Қастек Баянбайдың «Сырғанақта» өлеңін оқып, сұрақтарға жауап 
табуға ынталандыру.


52 
Желдей жүйткіп шанамыз,
Сайға зырғып барамыз.
Қарсыдан жел соғады,
Аздап құлақ тоңады. 
Елемейміз оны біз,
Жылы өне бойымыз.
Тоқтағанда шанамыз,
Сәл өкініп қаламыз. 
 
-
Балалар неге өкініп қалуы мүмкін?
-
Ал өзің өкініп қалған кезің болды ма?
-
Неліктен қыстыгүні далада ұзақ уақыт ойнауға болмайды? 
-
Ойнап жүргенде бетің тоңса, не істейсің? Қолың тоңса ше? 
-
Адамның құлағы тоңып қалса, не болады? Аяғы тоңып қалса ше? 
 
Рефлексия 

Бұрын анам «үйге кір» дегенде ... едім. Бүгіннен бастап ... .

Қыстыгүні аяғым тоңып қалса, ... түсіндім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет