Тәрбие негізі – ҚҰндылық



Pdf көрінісі
бет26/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

Жетекші сұрақтар 
-
Егер тұқым уақытында себілмесе, не болады деп ойлайсың? 
-
Ал егер уақытында егінді орып алмаса ше? 
-
Мол өнім алу үшін кімнің еңбегі маңызды?
-
Наубайшы нан пісірмесе, не болады деп ойлайсың? 
Рефлексия

Нанның дастарқанға келуіне кімдер үлес қосатынын атай аламын.


57 

Нанның дастарқанға қалай келетіні туралы қандай жаңа ақпарат 
білдім?

Диқаншыдан бастап, наубайшыға дейін кімнің еңбегінің маңызды 
екенін түсіндіре аламын ба?
Тұтас мәтінмен жұмыс. Түсініп оқу дағдысын қалыптастыру. Алдыңғы 
білімін қолданып, өлеңдегі түсіп қалған сөздерді анықтау. 
 
Қайдан келдің, бауырсақ? 
Дастарқанда шашылып
Жатты аппақ ... .
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап: 
– Қайдан келдің, бауырсақ? – 
Деп сұрады қуыршақ. 
– Дүкеннен келдім ... сатқан, – 
Деді оған бауырсақ. 
– Дүкенге келдің қай жақтан? 
– ... келдім нан жапқан. 
– Наубайға келдің қай жақтан? 
– ... келдім ұн тартқан. 
– Диірменге келдің қай жақтан? 
– ... келдім кең жатқан. 
Жер – анам менің көсілген
Диқандар мені өсірген. 
Өтебай Тұрманжанов 
 
 
Талқылау сұрақтары
- Өлеңнен не туралы білдің?
- Бауырсақты кім пісірді?
Саралау
- Бауырсақтың дастарқанға келу жолын сызбаға түсір. 
- Бауырсақтың түсі, пішіні қандай болады?
- Бауырсақ тағы қандай пішінді болуы мүмкін?
Рефлексия
- Түсіп қалған сөздерді анықтауда қате жібердің бе?
- Сызбаны қалай толықтырар едің? Идея жинақтау: өз ұсынысын 
толықтыру. 
 
2-кезең: зерттеу-жобалау жұмысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет