Тәрбие негізі – ҚҰндылық



Pdf көрінісі
бет31/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

1-сынып. «Астана – болашақтың қаласы» сабағы. Оқу мақсаты: 
Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмысын таныстыру. Туған 
жерге деген мақтаныш сезімін ояту. Жоба барысында оқушылар 
елорданың көрікті жерлері туралы ақпарат алып, шығармашылық жұмыс 
арқылы таныстырады. Мысалы, суретін салу, түрлі материалдардан 
модельдеу, постер жасау, өлеңді мәнерлеп оқу немесе Астанаға 
саяхатының фотосуреттері негізінде таныстыра алады. Туризм және 
оның мақсаты жайлы білімін пысықтауға мүмкіндік жасалады.
2-сынып. «Қазақ даласының ұлы ғалымы» сабағы. Оқу мақсаты: 
Әл Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелеу. 
Оқушылар Әл-Фарабидің балалық шағымен, қысқаша өмірбаянымен 
танысады. Табандылықпен ізденіп, қиындыққа мойымай, үздіксіз білім 
алып, дағдыларды дамыту арқылы қоғамға қызмет етіп, жетістікке 
жетуге болатыны ғалымның өмір жолының мысалы арқылы көрсетіледі. 
Әл-Фарабидің түрлі ғылым саласын дамытумен қатар көптеген тілді 
меңгеруі оқушыларға жақсы өнеге болады. Оқушылар түрлі 
дереккөздермен жұмыс істеп, үлкендерден сұхбат алу дағдыларын 
жетілдіреді. Жоба соңында оқушылар Әл-Фараби туралы альбом немесе 
постер әзірлеп, таныстырады. 


68 
3-сынып. «Табиғи ортадағы қауіпсіздік ережелерін сақтаймын» 
сабағы. Оқу мақсаты: табиғи ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлау. 
Оқушылар табиғи ортада қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы білетін 
болады. Қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін сақтаудың маңыздылығын 
түсінеді. Ақпарат көздерімен жұмыс істеу, алған білімдерін қолдану 
дағдылары дамытылады. Нәтижесінде оқушылар табиғи ортада қауіпсіз 
жүріп-тұру ережесі туралы жадынама жасайды.
4-сынып. «Біздің мұражай» жобасы, орындау мерзімі – 1 апта. Оқу 
мақсаты: мұражайдың өзіндік жобасын ұсыну. Оқушылар өлкетану-
тарихи мұражайының жұмысы туралы түсінік алады. 
Тарихи-мәдени мұра – бізге ата-бабаларымыздың өмірі туралы білуге
олардың тұрмыс-тіршілігімен, кәсібі, өнерімен танысуға мүмкіндік 
беретін баға жетпес қазына. Ұйымдастырылған оқу әрекеттері 
оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттің қалыптасуына ықпал 
етеді. Жоба бойы оқушылар ақпаратты жинау, талдау, қорытынды жасау 
дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады. 
Мектеп мұражайын ашу мақсатында жәдігерлер жинақтап, оларды 
рәсімдеуді үйренеді. Жұмыс нәтижесін презентация түрінде көрсетуге 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет