Тәрбие негізі – ҚҰндылық



Pdf көрінісі
бет2/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

Қымбатты әріптестер! 
Бастауыш сыныпқа келген әрбір баланың көңілі пәк, ниеті адал! 
Баланың табиғи болмысын түсініп, көңілінің сарайын ашу, бала жанының 
қалауына қарсы келмей, оның дамуына мүмкіндік жасау сіз бен біздің 
күнделікті әрекетімізді құрайды. Білім негізі қаланатын бастауыш 
сыныпта оқу-тәрбие жұмысын жауапкершілікпен жүзеге асыру 
әрбіріміздің қолымыздан келеді. Білім беру жолында сіздерге сәттілік 
тілейміз! 



«Білім беру құндылықтарының» маңызы неде? 
Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол 
келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі. 
Әл-Фараби
Құндылық адамның мінез-құлқы арқылы көрініс табады. Адамның 
жағымды не жағымсыз әрекетке бейімділігі табиғатынан берілмейді. Ол 
адамның айналасында орын алған әлеуметтік үдерістің нәтижесі болып 
табылады. Адам бойындағы сенім мен құндылық ерік-жігердің, сананың 
нәтижесі. Ата-аналар мен педагогтер қауымы бала бойына жастайынан 
жақсы қасиеттерді сіңіріп, моральдық тұрғыдан саламатты болып өсуін 
көздейді. Себебі әрбіріміздің көзқарасымыз, сеніміміз бен 
ұстанымымыз, әрекетіміз тек өз өмірімізге ғана емес, еліміздің 
болашағына да әсер етеді. Сондықтан қоғамымызда көркем мінездің 
қалыптасуына қызмет ету – парыз.
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында 
(бұдан әрі – Стандарт) «Білім беру құндылықтары» белгіленген. Білім 
беру құндылықтары оқу үдерісінің мазмұнын жоспарлауға, оқу 
мақсаттарының жүйесін құруға бағдар болып табылады. Бұл 
құндылыққа бағдарланған тәсіл негізінде тәрбие мен оқытуды 
біртұтастықта жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды.
Білім беру құндылықтарын ұлттық құндылықтардан айырып 
қарастыруға болмайды.
Білім құндылықтары ұлттық рухани құндылықтарға негізделгенде 
ғана біз еліне риясыз қызмет ететін азамат тәрбиелей аламыз. 
Балалардың рухани қажеттіліктері физикалық және материалдық 
қажеттіліктерге қарағанда ауқымды. Көптеген ата-ана баланың тек 
материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етумен ғана шектеледі. Бұл 
үрдіс жас ұрпақтың моральдық, рухани, эстетикалық және 
интеллектуалдық дамуының тоқырауына әкеліп соқтыратыны кәміл. Бұл 
ретте баланың рухани дамуы үдерісіндегі негізгі рөл педагогтерге тиесілі 
болып қала бермек. Баланың рухани қажеттіліктерін қадағалап отыру 



оның әрекеттері мен мінез-құлқын терең түсініп, тәрбие бағытын 
анықтауға мүмкіндік береді.
Баланың рухани қажеттілігін қамтамасыз етудің бірден бір жолы – 
ұлттық тәрбие, бұл сөздің мәніне терең үңілсек, білдей бір ұлтты 
тәрбиелеп шығарудың жауапкершілігін, міндетін және мақсатын 
көреміз. Ұлттық тәрбие ұлттық өнер, ұлттық киім немесе ұлттық 
ойындармен шектеліп қоймайды, оның тамыры тереңде жатыр. Ол – 
күнделікті сәлемдесуден бастап, қарым-қатынас жасау, тұрмыс-тіршілік 
барысындағы кез келген жағдаятта көрініс алатын ауқымды үдеріс.
Ұлттық құндылықтарымыз бала бойына рухани-адамгершілік 
қасиеттерді сіңіруге, жақсы мінез-құлық қалыптастыруға, жақсы мен 
жаманды, дұрыс пен бұрысты ажыратуына бағытталады.
Мектеп оқушысының бойында ұлттық құндылықтарды дамыту – 
тіршілік үшін Күннің шуағындай маңызды үдеріс. Көз алдыңызға 
елестетіп көріңізші, егер Күн шықпаса, не болар еді? Ал баланың бойына 
құндылықтар дарытылмаса ше? Тіпті бұл сұраққа жауап берудің өзі 
қорқыныш тудырады. Сондықтан да мектеп қабырғасында бала бойына 
құндылықты дарыту ертеңгі күні жақсы азамат болып шығуына, өзінің 
өмірлік ұстанымы мен мақсатын айқындауына ықпал етеді. 
Оқушылардың барлығы бірдей пән мазмұнын жоғары деңгейде 
меңгермеуі мүмкін, бірақ жақсы азамат болып шығуына толық 
мүмкіндігі бар. Балалық шақта қалыптасқан мінез өмір бойы адам 
бойында қалады. Сондықтан оқушыларға жаттанды білім бергеннен гөрі 
білімді игертуде талқылау мен талдаулар, пайымдау және бағалау 
арқылы құндылықтар мен кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына 
фокус жасау бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Аспаздың 
еңбегінің нәтижесін бірер сағатта, тігіншінің еңбегінің нәтижесін бірер 
күнде, құрылысшының еңбегінің нәтижесін бірер айда көретін болсақ, 
мұғалімнің бала тәрбиелеудегі еңбегі бірден көріне қоймайды, тек 
оқушының өзін дамыта түскенде ғана нәтиже береді. 
Ы. Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесі есіңізде ме? 
Атасының: «Сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате 
істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып
орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің. Бағусыз бетіңмен 



кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің», – дегені. 
Шынында да бала жас шыбық секілді. Шыбық өркен алып, жайқалып өсуі 
үшін алдымен ТАМЫРЫ мықты болу керек. Тамыры мықты болса, 
бұтақтарын жайып, жапырақтары да жайқалып шыға келеді.
Сондықтан 
болашақ 
ұрпағымыздың 
рухани-адамгершілік 
тәрбиесінің бағдары болатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет