Тәрбие сабағы Жаз мезгілінде төтенше жағдайларда өмір қауіпсіздікті сақтау жолдары



бет3/6
Дата23.05.2022
өлшемі55.16 Kb.
#458541
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
docx1546795036

7 мин



2) Топтық жұмыс

Топтық жұмыстың ережесімен таныстырады.



Әр топ басшысы, баяндаушы, уақыт бақылаушы, бағалаушы оқушыны анықтап алады. Бейнекөрсетілім бойынша және үлестірілген мәтіндер мен суреттерді пайдаланып өз ойларын өмір қауіпсіздігін сақтау және қорғану амалдарын талқылап өз ойларын постерге түсіреді.

формативті





3 плакат, мәтіндер, суреттер, түрлі-түсті қағаздар, желім, маркерлер, таймер, ноутбук

10 мин

3) Қорғау

Әр топқа сұрақ қояды

Баяндаушы оқушы өз тобының жобасын қорғайды

шапалақтау

магниттер

2 мин



4) Сергіту сәті

«Макарена» сергіту биі

Сергу қимылдарын орындайды.

формативті

"Макарена" MP4

5 мин

5) Сұрақ-жауап

Викториналық сұрақтар:



Әр топ сұраққа тез жауап береді. Жауабын білмесе, басқа топ жауап береді. Дұрыс жауапқа стикер алады.

формативті

стикерлер

7 мин

Қорытынды
6) Кері байланыс.

«Білем, білдім, білгім келеді» кестесін ұсынады.



Топтағы әр оқушы
«Білем, білдім, білгім келеді»
кестесі бойынша сабақтан алған әсерін жазады және оқиды.

формативті

«Білем, білдім, білгім келеді»
кестесі, стикерлер

Жаз мезгілінде төтенше жағдайларда өмір қауіпсіздікті сақтау ережелерімен танысқандығы туралы



р/с

Оқушының тегі, аты, әкесінің аты

Таныстым, күні

Оқушының қолы

Таныстым, күні

Ата-ананың қолы

1

Ақмергенқызы Мәдина













2

Аманжанова Гүлім













3

Бақытқалиева Айнара













4

Елдосов Елнұр













5

Ергалиева Томирис













6

Есполсынов Ерген













7

Жанболсынова Гульдана













8

Жасталапова Гүлназ













9

Жұмағұл Жангүл













10

Қадирова Жаннур













11

Мажитоллина Гүлназ













12

Сатымова Асылзада













13

Сырымова Аяжан













14

Тимурұлы Әділхан













Сынып жетекшісі: К.К.Еспентаева


Өрттен сақтану жолдары
Көптеген адамдар өртті өздеріне қатысы жоқ, немесе олардың кесірінен болмайтын нәрсе деп қарастырады. Алайда өрт жағдайларының жартысынан астамына адам факторы – отты пайдаланудағы бейқамдық пен абайсыздық себеп болып жатады. Сондықтан өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін барлығы білуі тиіс. 
Ең әуелі кез келген бейтаныс ғимаратқа кіріп бара жатқанда, жолыңызды есте сақтауға тырысыңыз, негізгі және қосалқы есіктердің орналасуына мән беріңіз. Егер де «Өрт!» деген айқайды естісеңіз немесе түтін иісін сезсеңіз, не болмаса жалын байқаған болсаңыз, өрт сөндіру қызметіне хабарлаңыз. 
Сабырлылық пен ұстамдылық сақтауға тырысыңыз, қасыңыздағы адамдарды тыныштандырыңыз. Жағдайға баға беріңіз, шын мәнінде қауіп төніп тұрғанына көз жеткізіңіз, оның қайдан пайда болғанын анықтаңыз, содан соң сабырмен, үрейге бой алдырмай қарама-қарсы бағытта есікке қарай жылжыңыз. Топ ішінде келе жатқанда, қартаң адамдарға жол беріңіз, байбалам салушыларды тоқтатыңыз. Қорқыныш салдарынан қозғала алмай қалғандарға көмектесіңіз, олармен байсалды, түсінікті түрде сөйлесіңіз. 
Тобыр ішінде қалсаңыз, шынтағыңызды бүккен күйде қолдарыңызды қос бүйіріңізге қойыңыз да, жұдырығыңызды түйіңіз. Кеудеңізді шалқайтып, аяғыңызды алға тіреп, тегеурінді арқаңызбен тоқтатуға тырысыңыз, сөйтіп алдыңызды босатып, асықпай жылжыңыз. 
Түтіні қалың жерлерге кірмеңіз! Заманауи ғимараттардың тұрғызылуында жанған кезде уытты заттар бөліп шығаратын пластик, синтетика көп пайдаланылады. Бірнеше рет тыныс алсаңыз-ақ болды, уланып өліп кетуіңіз мүмкін. 
Бөлмелердің, дәліздің түтінге толғанын көрген сәтте түтін жете қоймаған басқышқа немесе есікке қарай жүріңіз, тек лифтке кіруге болмайды. Өрт кезінде лифтті пайдалануға мүлде тыйым салынады. Қабырғалардан, тұтқалардан ұстаңыз, қол орамал немесе киім сыртынан дем алыңыз. Егер де түтін қоюлана бастайтын болса, еңкейіп немесе жер бауырлай жылжыңыз. Ал егер температураның жоғарылап бара жатқанын сезсеңіз, демек қауіпті аймаққа жақындап қалдыңыз деген сөз. Мұндайда ең дұрысы – кейін шегіну. 
Егер қалың түтіннің, жоғары температураның және өрттің кесірінен басқышқа немесе дәлізге шыға алмайтын болсаңыз, есікті мықтап жауып, тез арада кейін қайтқаныңыз жөн. Ал есіктің жарықтары мен желдету саңылауларын дымқыл шүберекпен бітеңіз. 
Түтіннің қалыңдығы қауіпті деңгейге жетіп, ғимараттағы температура тым артқан болса, есікті жақсылап жауып, балконға, лоджияға шығу керек. Суланған жапқыш немесе басқадай қалың матаны ала шығыңыз, өрт есік немесе терезе ойықтарынан өткен жағдайда сонымен қымтанасыз. Алайда бұл қорғаныш ұзаққа бармайды. Балкон болмаған жағдайдағы сіздің соңғы мүмкіндігіңіз – қабырғадан ұстап, терезе алдындағы тақтайға (ернеуге) шығу. 
Егер де төменде өрт болмаса, ал бөлмеде қалу қауіп туғызса, өрт сөндірушілер басқышы арқылы астыңғы қабатқа түсуге тырысыңыз. Өзіңізді қорғау үшін өрт сөндіру жеңін де пайдалануға болады. Бір-біріңізді сақтандыра отырып, жеке-жеке қорғануға кеңес етеміз. Әрине, бұл өмірге қауіп төндіреді, алайда басқадай амал қалмайтын жағдайлар бар. 
Егер де түтіні қалың дәліз арқылы шықпақ боп шешсеңіз, (ал ол өте қауіпті), суланған қалың матаны жамылып, еңкейе немесе еңбектей қозғалыңыз. Қалың мата сізді түтіннен қорғайды және от жалындап, қызуы артқан шағын телімдерден секіріп өтуге мүмкіндік береді. Ал егер от толқынының өзіңізге жақындап келе жатқанын көрсеңіз, матамен басыңызды қымтап, ойланбастан жерге жата кетіңіз, бұл сәтте ішкі ағзаларыңыздың күймеуі үшін тыныс алмағаныңыз жөн. 
Электр тогынан сақтану
Тұрғын үйлердің өртке қарсы жағдайын талдау олардың қауіпсіз қолданылуы негізінен электр жабдықтары, электрқондырғылары мен құралдарының техникалық жағдайына байланысты екендігін көрсетеді. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай жалпы әдісі, сонымен қатар электр жабдықтарының өрт қауіпсіздігінің жеке әдісі жану көзінің пайда болу қаупін, тез жанғыш ортаның, өрттің таралу жолдарының пайда болуын жоюды немесе шектеуді көздейді. Өрт қауіпсіздігі талаптарымен элетротехникалық және жылыту қондырғыларын құру мен пайдалану кезінде орындалатын ережелер белгіленген, оларды орындау өзіңді өрттің пайда болу қаупінен барынша қауіпсіздендіру мүмкіндігін береді. 
Электр құралдарын пайдаланған кезде: 
- электр қуатын қабылдағыштарды (электр құралдарын) оларды дайындаушы мекемелердің нұсқаулықтары талаптарына сәйкес келмейтін немесе ақаулығы бар болған жағдайларда қолдануға, сонымен қатар зақымданған немесе қорғағыш белгілерін жоғалтқан оқшаулаулары бар электр сымдары мен кабелдерін пайдалануға; 
- тежегіштердің балқығыш ендірмелері жанып кеткен жағдайда қолдан жасалған ендірмелерді қоюға болмайды, бұл барлық электр сымдарының қызып кетуіне, олардың қысқа тұйықталуына және өрттің пайда болуына әкеліп соғады
- ашық электр сымдарын бояуға немесе үстінен түс қағаз жапсыруға; 
- ақаулы ажыратқыштарды, розеткалар мен патрондарды қолдануға; 
- электр шамдарын жанғыш материалдардан жасалған абажурлармен жабуға; 
- жылу реттегіші жоқ немесе ақаулы электр жылытқыш құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
Электр сымдарына мөлшерден тыс салмақтың түсуін, олардың қатты қызып кетуі мен өтпелі қарсылығын болдырмау үшін жоғары қуатты бірнеше электр құралдарын бір розеткаға қосуға болмайды. 
Жиі түрде өрттің себептері - қосылып, қараусыз қалған электр жылытқыш құралдарының (электр плиталары, су қайнатқыштар, каминдер, үтіктер, грелкалар) жанында орналасқан жанғыш заттардың тұтануы болып табылады. 
Қосылған электр жылытқыш құралдары жылуды сақтайтын жанбайтын қойғыштарға орнатылуы қажет. 
Сымдардың оқшауларының кеуіп кетуі мен зақымдалуының алдын алу үшін оларды жылитын жерлердің (пештер, түтіндіктер, жылыту батареялары, т.б.) бетімен жүргізуге болмайды. 

Суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары


Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және дұшпаның». 
Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет