Тәрбие сағаты Тәуелсіз елім Қазақстаным! Тәрбие сағатының мақсаты



бет6/6
Дата02.01.2022
өлшемі1.02 Mb.
#454149
1   2   3   4   5   6
tawelsizdigshim (1)

Мұғалімнің сөзі:

Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні байрағынан таныған

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған, - деп - Әнұран?!



І- жүргізуші

Кез – келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған


Мұғалімнің сөзі:

Балалар, өткенге шолу жасайықшы? Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ.



11 – оқушы:

1991 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.

12- оқушы:

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының жоғарғы сесиясы « Тәуелсіз демократиялық және құқылы» мемлекет деп жарияланды.

13 – оқушы:

1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы. Қазақстан республикасының заңдарына қол қойды.

14 – оқушы:

1992 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды

15- оқушы:

1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

І – жүргізуші

Қазақ биі.



І- жүргізуші:

Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді,

Тәтті үміті халқымның сан ғасыры

Көк байрақты , кемеңгер кемел ойлы

Келбетіңнен көремін жалғасымды.

ІІ – жүргізуші:

Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,

Жүректерге үміт боп жағылғансың

Аяулысың білмеген алақаннан –

Суып барып қайтадан табылғансың.
Қорытынды:

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды

қорытындылаймыз!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет