1598-1628 жылдар — Есім хан билік құрған жылдар.
1680—1715 жж. — Тәуке ханның ел билеуі.
1723 ж. — “Ақтабан шұбырындының” басталуы.
1837—1847 жж. — Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.
1916 ж. шілде — Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуы.
1941—1945 жж. — Ұлы Отан соғысы.
1947 ж. — Семей полигонының салынуы.
1986 ж. 17—18 желтоқсан — Алматыдағы желтоқсан оқиғасы. Республика басшылығының ауысуы.
Қасым ханның қасқа жолы ,Есім ханның ескі жолы
Қасым ханның қасқа жолы — қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы. Қасым ханның қасқа жолы — қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы. Қасым хандық құрған кезде (1511 — 23) ел басқару ісінде қолданылған. Негізі орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған «ярғу» заңынан (қазақша «жарғы» — хақиқат деген ұғымды білдіреді) алынған. Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді. Бұл заңға енген ережелер:
мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы);
қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу); әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат);
Бұл жарғы халық арасында ілтипатпен «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталып кетті. «Қасқа жолдың» қағидалары өзгерусіз XVII ғасырға жетіп, Есім хандық құрған тұста (1598 — 1645) «Есім ханның ескі жолы» деген жаңа атқа ие болды.
Тапсырма: 1) Қандай хандарды білесің?
2) Үш биді ата
3) Батырларды ата
ӀӀ. Ұлы Отан соғысына – 70 жыл
Ұлы Отан соғысы жылдары (видео)
1) Ұлы Отан соғысы кезінде өзінің Отаны үшін күрескен қаһарман батырларымызда ата:
2) Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
ӀӀӀ. Желтоқсан желі ызғарлы
Қазақстанда 1986-шы жылы желтоқсан айында болған жастардың жаппай наразылық шараларын зерттеуге арналған ғалымдар мен қоғамдық ұйым өкілдерінен тұратын арнайы зерттеу тобы құрылатын болды. Бұл туралы желтоқчсанның 1-күні Алматыда өткен «1986-шы жылғы желтоқсан оқиғасы: оның Қазақстанның ұлттық-қоғамдық және демократиялық дамуына әсері» атты қоғамдық ұйымдардың басқосуында мәлім болды.
ӀV. Тәуелсіздік елім – тірегім.
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл — күні!
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары
2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті».
Достарыңызбен бөлісу: |