Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


"Көрнекі үйшік" құрылыс ойыны



бет6/8
Дата22.08.2023
өлшемі18.36 Kb.
#476174
1   2   3   4   5   6   7   8
"Көрнекі үйшік" құрылыс ойыны.
Текшелерден көрнекі ғимарат құрастыру.
(құрастыру)

"Қыс белгілерін ажыратамыз" дидактикалық ойын.
Мақсат-міндеттер: балаларды тез ойлауға тәрбиелеу.
Барысы:
- Балалар, сендермен ойын ойнайтын боламыз. Мына жерде жыл мезгілдеріне тән белгілерін білдіретін суреттер тұр.Осы белгілердің ішінен қыс мезгілінің белгісін ажыратып алуымыз керек.
Балалар суреттерді тез қойып шығады.
(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

"Аққаланы құрастыр" үстел ойыны.
Мақсат-міндеттер. Балаларды аққаланың денесін үстел бетіне салып құрастыруға ынталандыру; көлемі әртүрлі дөңгелектерді ажыратуға жаттықтыру; жасалған жұмыстың нәтижесіне қуана білу қабілетін дамыту.
Педагог әрбір балаға көлемі үш түрлі ақ түсті дөңгелектерді, көздер, сәбізден мұрын, шелек пішіндерін жинақтап табақшаға салып ұсынады.
Жұмыс жасалғаннан кейін балалар педагогке ілесіп көркем сөзді айтады, қимылдар жасайды.
Аққала денесі дөп-дөңгелек, (қос қолдың сұқ саусақтарымен ауада үлкен шеңберлер сызу)
Дөңгелек басына киген көк шелек, (алақандармен бастың төбесін жабу)
Басады қос аяқтарын маймаңдап, (алақан ұштарымен үстел басын кезекпен соққылау)
Іздері де содан оның дөңгелек. (қос қолдың сұқ саусақтарымен ауада кішкентай шеңберлер сызу)
(сөйлеуді дамыту)

Балалармен жеке жұмыс







Суреттер қарастыру.
Мақсат-міндеттер. "Қыс" мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген сюжетті суреттерді қарастыру.
(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет