Түскі ас
|
Гигиеналық дағдылар
Мақсат-міндеттер: мәдени-гигиеналық дағдыларын жетілдіру.
Көркем сөз
Нан – ардақты адал ас,
Кәрі, жас одан аттамас.
Ақ дастархан үстінде,
Қол жумай оны ұстамас.
(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)
|
Күндізгі ұйқы
|
Балалардың тыныш ұйықтауына жайлы жағдай жасау. (мәдени-гигиеналық дағдылар)
|
Бірте-бірте тұрғызу, сауықтыру шаралары
|
Ауыр тастар көтеру. Алақанды жұмып, қолды жартылай көтеріп-түсіру.
Жалпақтабандықтың алдын алу мақсатында денсаулық жолдарымен жүру.
Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау.
(мәдени-гигиеналық дағдылар, дене шынықтыру)
|
Бесін ас
|
Алдына қойған асқа назар аударту; дастархан басында отыру мәдениеті, тамақтану мәдениетіне баулуға бағытталған жеке-дара жұмыс; этикет ережелері. (мәдени-гигиеналық дағдылар)
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)
|
|
|
Вариативті компонент/Шығармашылық
"Аңдарға қысқы үйшік".
Мақсат-міндеттер. Балалардың жабайы аңдардың қысқы тіршілігі жөнінде білімдерін кеңейту; аңдарға арналған қысқы үйшік бөлшектері туралы түсінік беру; ормандағы аңдардың тіршілік ерекшеліктерімен таныстыру.
"Қоян түріп құлағын "саусақ жаттығуы.
|