"Қар" тақпағын айтқызу.
Мақсат-міндеттер. Бала тілін дамыту.
"Қар" (Тілеген Шопаев)
Жауды міне, қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Жасырыпты жолдарды:
Тегістепті орларды.
Үстін жауып көлдердің,
Бетін бүркеп белдердің.
Жастық етіп тауды асқақ
Жантайыпты жамбастап.
Жантайыпты жамбастап.
(көркем әдебиет)
|
Суреттер қарастыру.
Мақсат-міндеттер. "Қыс қысығы" тақырыбында сюжетті суреттер қарастыру. Сұрақтар қою және толық жауапты талап ету.
(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
|
Серуенге дайындық
|
Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)
|
Серуен
|
Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
|
Серуеннен оралу
|
Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)
|
Кешкі ас
|
Гигиеналық дағдылар
Мақсат-міндеттер: мәдени-гигиеналық дағдыларын жетілдіру.
Көркем сөз
Нан – ардақты адал ас,
Кәрі, жас одан аттамас.
Ақ дастархан үстінде,
Қол жумай оны ұстамас.
|
Достарыңызбен бөлісу: |