Серуен
|
|
|
Қардың тереңдігін бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Жұмбақ.
Көктен түсіп көбейді,
Ұқсайды өзі шекерге,
Бірақ ешкім жемейді,
Жерде жатыр бекерге. Ол не? (Қар).
Бақылау: балалардың көңілін ауланың қай жерлерінде қалың қар жатқанына аудару, қардың қаншалықты терең екенін білуді ұсыну. Балаларға өлшеуішті көрсету және әр жердегі қар қалыңдығын өлшеу; қалың қарды күрекпен қазып, қардың қалыңдығына назар аудару.
Қимылды ойын: «Ақшақарды ізде». (дене шынықтыру)
Ептілікті, шапшандықты дамытатын, кеңістікті бағдарлауды қажет ететін, қимыл түрлерін өзгертіп отыратын ойындарға қызықтыру.
Еңбек. (еңбек дағдылары)
Гүлзарды жинастыруды ұйымдастыру.
Қар тоқтату жөніндегі пікірді қалыптастыру (қарды тоқтатады, жел соққанда), қардан кедергілер жасау, тәрбиешіге көмектесу. Тапсырманы орындау, бірлесіп атқаруда кішігірім тәсілдерін қалыптастыру.
Өз бетімен ойындар.
Өз құрдастарымен 2-3 рольден тұратын ойын ойнағанда, бірлесуге талаптандыру, рөлді бөлу, ойын тәртібін орындау, жалпы ойын шартына сәйкес әрекет ету.
|
Ауа райына қарай қардың өзгеруін байқау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Болжау.
Аязды күні қар жауса – күн жылынады. Суықтан қорықпа – суық сумен жуын.
Мақал-мәтел.
Қыс қандай болса, жаз да осындай.
Байқау: жылы күндері жауған қар жабысқақ болады, қар жабысқақ, аққала жасауға ыңғайлы болатынын балаларға түсіндіру, ал аязды күндері қар үгітіліп, құрғап тұрғанда ештеңе жасауға болмайды. Ауа қысымының өзгеруіне байланысты қардың өзгеретінін бақылатып отыру, қардың өзгеру себептерін тереңдете түсіндіру.
|