Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет60/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   124
-Шы, -ші қосымшасы туынды түбірлерге де, біріккен 
сөздерге де, тіпті тіркесім сөздерге де жалғана береді. 
Осы жолмен жасалған терминдер тіпті көп. Өнеркəсіп-ші, 
құс өсіру-ші, үздік оқу-шы, заң шығару-шы, жер өлшеу-


174
ші, жылнама-шы, атқос-шы, негізін салу-шы, қолбас-шы, 
қолқабыс-шы, өндіру-ші, қолөнер-ші, фототіл-ші тəрізді 
терминдер қазір əдеби тіліміздің сөздік қорынан тұрақты 
орын тепкен.
Сонда байқап отырсақ, бұл қосымша жалғанған сөзіне 
екі түрлі мағына телиді екен. Бірі – белгілі бір мамандық не-
месе кəсіп иесі (тілші, жазушы, тəрбиеші) дегенді, сондай-
ақ оны жақтаушы (стахановшы, динамошы, мичуринші
дегенді меңзейді. 
О бастан өнімді жұрнақтың бірінен саналатын бұл 
қосымша тек байырғы қазақ сөздерінің түбірлеріне ғана 
жалғанып қоймай, көптеген кірме сөздерге де (скрипкашы, 
арматуршы, тракторшы) жалғанып, термин тудырудың 
аса бір өнімді көзіне айналды.
Төңкерістен бұрын жолаушы, қайыршы, темірші, 
өтірікші, үйші, емші, сатушы сияқты бірен-саран сөздер 
құрамында ғана кездесетін бұл қосымшаның сөзжасамдық 
қызметі, əсіресе Қазан төңкерісінен былайғы жерде тіпті 
күшейе бастайды. Мысалы, 20-жылдардағы баспасөз ма-
териалдары
69
мұны айқын аңғарта алады. Кітапханашы, 
тілші, нұсқаушы, бақылаушы, еңбекші, кəсіпші деген сөздер 
осыған дəлел.
30-жылдары -шы -ші қосымшасы кірме сөздерге жал-
ғанып, терминологиялық лексиканың қарасын көбейте түсті, 
дегенмен капиталшы (капиталист), оппортуншы (оппор-
тунист), пайдашы (отходник) сияқты мысалдар терминжа-
сам принциптерінің əлі де принципті негізде жолға қойыла 
алмағанын байқатады.
Ал 40–50-жылдары осы жұрнақ арқылы жасалған мон-
тажшы, сəулетші, сайлаушы, заводшы, басқыншы
егінші, нұсқаушы, зерттеуші, басшы, балташы (плотник), 
қырғыншы (погромник), тұтынушы тəрізді сөздер терминдік 
69
Исаев С. Язык периодической печати 1920-х годов. Автореф. дисс. канд.
филол. наук. Алма-Ата, 1966.


175
жүйе қатарын молайтты. 70–80-жылдары бұл қосымшаның 
өнімділігі тіпті күшейе түсті (жүргізуші– ведущий; хабар-
шы – вестник; вкладшы, өктемші – властелин; газетші, іс 
жүргізуші– делопроизводитель; жанршы, шапқыншы – за-
воеватель, басқыншы – захватчик; сайлаушы – избиратель; 
хабаршы – информатор; орманшы – лесник т.т.).
-Шы -ші жұрнағы көбіне-көп орыстың -ист, -ец, -ун, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет