176
Термин жасауда
-лық, -лік жалғауының қызметі де ерек-
ше. Ол да терминдік мəнге икемделіп тұрған таза қазақы
сөздерге қоса, кірме сөздерге де еркін жалғанып, термин
жасаудың өнімді бір түріне айналды. Алайда бұл жұрнақтың
термин жасауға қатысы үнемі біркелкі болған емес.
30-жылдары бұл жұрнақтың жалғануы арқылы жасалған
сөздердің біразы қазір
уақыт сынына жауап бере алмай,
термин ретіндегі мəнінен айырылып, қолданыстан шығып
қалды.
Затшылдық (материализм),
төтелік (последователь-
ность),
тегістік, жеңістік (победа),
құралық (календарь),
кеңсешілдік (бюрократизм),
екпінділік (ударничество) т.т.
сөздер сол алғашқы əрекеттер белгісі болып қалды.
Терминжасам процесінің үнемі сұрыпталып, жетілдіріліп
отыруының нəтижесінде, бұл сияқты термин сөздер не сол
халықаралық мəнін сақтап,
сол қалпы, не дəл терминдік
мəнін айқындайтын қазақ сөздерімен алмастырылып (
ма-
териализм, коллективизм, бюрократизм, календарь, жеңіс,
бірізділік, кеңістік т.т.) беріліп отырды.
Ол жылдары осы жұрнақ арқылы қатыстық сын есімнен
де термин көп жасалған,
əскерлік қызмет (воинская служба),
техникалық оқымысты (технический кадр),
саясаттық сек-
тор (политический сектор),
социалдық қоғам (социалисти-
ческое общество). Осыдан кейін бұл қосымшаға құмарлық
сəл саябырлай бастайды да 50–70-жылдары бұған шамадан
тыс əуестік қайта қозғаны көрінеді.
Дəндік жүгері – кукуруз-
ное зерно, ақындық есім – имя поэта, шопандық тіршілік –
жизнь чабана, паспорттық бланкі – паспортный бланк т.т.
мысалдар осындай құмарлық сарынның салқыны. Алайда
бұл жалғаудың сөзжасамдық сипатын, оның ішінде, əсіресе
терминжасам процесінде (əрине ретімен пайдалана білсе) сөз
түрлендіргіш өнімді көмекші
бола алатынын көптеген мы-
салдар нақты дəлелдейді. Мысалы,
заңдылық (законность),
заңсыздық (беззаконие), оқулық (учебник), мамандық (спе-
циальность), бесжылдық (пятилетка), сенбілік (суббот-
177
ник), орталық (центр), республикалық (республиканский),
философиялық (философический), адамгершілік (гуманизм)
т.т. қазіргі қазақ əдеби тілінің сөздік құрамынан мықтап орын
тепкен, бұларсыз ғылыми ой-пікірді өрбітуге болмайтын тер-
миндер жүйесін атап айтуға болады. Сөйтіп, бұл жұрнақтың
да сөзжасамдық, оның ішінде, əсіресе термин жасамдық
мүмкіншілігі
сарқылып біткен жоқ, қайта, қаншама ұғым,
түсініктің айқындала, нақтылана түсуіне сеп болды, оның
нəтижесінде тамаша терминдер келді өмірге. Тек əңгіме
мұның көзін тауып, сауаттылықпен қолдана білуде.
Қазақ тілінің сөз тудырғыш
қосымшаларын зерттеу-
шілердің біразы
71
өнімді қосымша деп осы сөз болған
-шы
Достарыңызбен бөлісу: