20
Егер сөз,
термин жəне
номенклатураны қатар қойып,
салыстыра қарайтын болсақ, бұлардың өзді-өзіне тəн
ерекшелігі, тілдегі қызметі жəне
жасалу жолдары мен
мағыналық өрісі айқын аңғарылады. Əсіресе, бұларды
қашықтық туралы хабар беретін есту жəне көру сигналда-
рымен салыстырсаңыз, бір жағында сигналдар тұрса, екінші
жағында сөздер тұрады. Жол жүру тəртібін сақтау үшін
жасалған сигналдар – қатынас құралының қарапайым ғана
түрі. Мұндай сигналдар белгілі бір ойды, оның мағыналық
өрісін, неше алуан құбылысын бере алмайды,
олар өзімен-
өзі шектеулі шартты белгілер болып табылады. Ал сөздер
грамматикалық құрылысы жағынан ғана емес, мағыналық
өрісі жағынан да өзара тіркесіп,
байланысып, біріне-бірі
əсер ете, дамып жатады. Міне, сол себепті де ол ойдың бүкіл
динамикалық қуатын бере алады. Егер осылардың бəрін
бір қатарға жайғастырсақ, мұның екі шетінде сигналдар
мен сөздер тұрады. Мысалы, сигналдар, номенклатуралық
белгілер, терминдер, сөздер. Осы қарапайым салғастырудан
басталады, бұлардың ішінде іргелес тұрған номенклатуралық
белгі мен термин сигналдар мен сөздерден əлдеқайда
жақын. Ал,
екінші жағынан, сигналдарға ең таяу тұрған
номенклатуралық белгілер де сөздерге таяу терминдер.
Осының өзінен-ақ біраз жайды аңғаруға болады.
Сөзқолданыс тəжірибесінде номенклатуралық белгі-
лердің терминге ауысып жататын кезі де болған. Мысалы,
ғылыми əдебиеттерден мынадай деректерді көреміз. Бір
кезде «каучук» саласы бойынша терминдерді реттеуде 1909
жылы пайда болған «бутодиеновые каучуки» деген сөз тіркесі
номенклатуралық атау қатарына жатқызылған. Мұның
1932 жылы «бутодиеновые каучуки стеорорегулярные»
дейтін нұсқасы пайда болғаны (Т.Л. Канделаки) туралы
13
13
Канделаки Т.Л. Работа по упорядочению
научно-технической термино-
логии и некоторые лингвистические проблемы, возникающие при этом
(лингвистические проблемы научно-технической терминологии). М., 1970.
21
фактілер бар. Нəтижеде каучуктың белгілі сортын білдіре-
тін бұл номенклатуралық атау сол каучуктың бір топ түрін
танытатын терминге айналды.
Номенклатуралық белгілер жүре келе қалыптаса бастайды,
өйткені ғылым мен техниканың дамуына орай олар білдіретін
заттар тіл қолданушылар дағдысына еніп, күнделікті тұрмыс
қажетін өтеуге араласады. Мəселен, витамин «А», витамин
«В», витамин «С» тəрізді неше алуан медициналық препарат
пен дəрі-дəрмектер атаулары күнделікті тұрмысқа еніп отыр.
Сол сияқты мысалдарды басқа да ғылым салаларының кез
келгенінен келтіруге болады.
Осыған қарағанда, номенклатуралық атаулар, терминдер
жəне сөздер қоғам дамуы, соған орай тіл дамуына байланы-
сты бірінен-біріне көшіп, ауысып отырмақ. Олардың арасын
əлдебір тас қорғанмен шектеуге болмайды.
Ғылым салала-
рын саралап қарасақ, бұлардың қайсыбірінде терминдер ба-
сым да, екіншісінде номенклатуралық атаулар көп. Мəселен,
гуманитарлық ғылым салаларында номенклатуралық атау-
лар азырақ та, негізгі теориялық терминдер басымырақ, ал
ботаника, зоология,
география, медицина т.б. салалардың
терминологиялық жүйесінің көбі дерлік номенклатуралық
терминдерден тұрады. Мұның мəнісі мынада. Гуманитарлық
ғылымдар көбінесе абстракт ұғымдарды, жиынтық
қорытынды жасайтын категорияларды пайдаланады да,
екінші топтағылар неше алуан заттық нысандарға сүйенеді.
Ғылыми терминдерді тексергенде олардың қай сөз тап-
тарынан жасалатынын қатты қадағалау қажет. Термин
жасауға тек зат есімді қатыстыру қажет пе, жоқ, əлде өзге
де сөз таптарынан термин жасауға бола ма деген мəселеге
назар аударған жөн. Бұл жайында неше алуан пікірлер бар.
Мысалы, Г.О. Винокур
14
терминдер тек зат есім болуға тиіс
деп түйеді. Яғни термин болу үшін сол сөз заттануы тиіс.
14
Достарыңызбен бөлісу: