17
дай
жағдайда айтылатын ұғымның, мəліметке тірек бо-
латын термин сөздердің барынша қысқа,
тұжырымды
келуінің практикалық мəні айрықша болып отыр. Ал авто-
маттандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі (автоматическая
информационно-поисковая система) қолданысқа ендірілген
кезеңде осыған лайықталған мəтіндердің қысқалығы қажет-
ақ. Мұның үстіне көңілге жатталып, есте сақталуы үшін де,
сондай-ақ есептеу машинасына берілетін мəтінді бастыруға
кететін уақытты үнемдеу үшін де оның маңызы зор.
Қысқа əрі ыңғайлы термин жасау үшін түркологияда
мынадай əдістер қолданылып жүргенін байқаймыз: термин
құрауға қатыстырылатын кейбір элементтерді қысқартуға
болады; термин құрамының
қайсыбірін басқа элементтер-
мен
алмастыруға болады; термин құрамындағы жеке сөз-
дерді қосымшалармен алмастыруға болады; бір синтаксис-
тік құрылымды екіншісімен ауыстыруға болады;
кейбір
бөліктері мен элементтерін қысқартуға болады; аббревиату-
ра көмегін пайдалануға болады
8
.
Достарыңызбен бөлісу: