284
өнерімен өмір бойы шұғылданғанын көреміз. Жəне нəтижелі
еңбек еткен. Қараңыз: «Көп тілден түйіп ой-сезім, Төл тілдің
аршып көл-көзін, Төлдетіп ана тілімді, Бес мың сөз қостым
мен өзім» деуіне қарағанда І.Жарылғапов қалдырған мұраны
біз əлі игере қоймаған сияқтымыз. Əрине олардың бəрі
бірдей сөзжасам принциптеріне сай қатар түзей
қоймаған
шығар. Алайда ол ана тіліміздің ішкі əлеміне тереңдеп, оның
өріс ашар мүмкіндігін үнемі қадағалаумен болған. Содан да
оның сөз мəнін дөп танитын түйсік-түсінігіне тəнті болып
отырамыз.
Іслəм Жарылғаповтың термин туындату еңбегімен
түбегейлі таныса келе, оның
бұл шығармашылық салада
ұстанған тірегі Ахмет Байтұрсынұлы болғанын аңғарамыз.
Қазақ тілінің сөздік қорын дамытуда ол əуелі əлемдік
тəжірибеге Ахаңша сүйене отырып, ана тілінің өзіндік
ерекшеліктерін сақтауда мына төмендегідей бағыт-бағдар
ұстанады. Қараңыз:
Біріншіден, ана тілінің сөз қорын сарқа пайдалану, тірі
сөзді өлтірмеу, өлімші сөзді тірілту.
Екіншіден, ұлттың өзіне ғана тəн сөйлеу үлгілерін бұзбау,
өсіру, өркендету.
Үшіншіден,
басқа тілдің ойлау, сөйлеу үлгілерін ана
тілінің заңына, ойына бағындырып үйрену.
Төртіншіден, қажет болған жерлерде ұлттық тілдің
үлгісімен жаңа сөздер (неологизмдер) жасап ала білу.
Бесіншіден, өз тіліңнің мүмкіндігі болмағанда ғана басқа
тілдерден қажет сөздерді алу.
Алтыншыдан, басқа тілдерден келген сөздерді ана тілінің
салт-санасына, үлгісіне, рухына бағындырып алу, қажетінше
жымдастыру керек. Жат сөзге ұқсамай, төл сөзге ұқсату.
Жетіншіден, қажетсіз, орынсыз алынған шетел сөздерінен
ана тілін тазарту керек. «Тіл интервенциясына» жол бермеу
керек.
І. Жарылғапов қалдырған жаңадан туындатылған тер-
мин сөздердің бəрі дерлік осы үлгімен жасалған. Ол бұл
285
үлгіні
қайдан алды, кімге, неге сүйенді? Жоғарыда
аңдатқанымыздай, ол əуелі əлемдік тəжірибеге сүйенді, жан-
жақты ізденді, ана тілінің болмыс-бітімін түбегейлі тексерді.
Қазақ ғұламалары мен жазушыларының еңбектерін шарла-
ды. Бір таңқаларлығы, Ахаңды (Ахмет Байтұрсынұлы) оқу,
білу түгіл, есімін ауызға ала алмайтын кезеңнің өзінде
Іслəм оның бүкіл еңбегін түбегейлі зерттегені байқалады.
Жоғарыдағы айтылған үлгілер түгелімен Байтұрсынұлының
ұстанымдары. Жарылғапов терминдері деп аталып жүрген
атау сөздердің бəрі дерлік осы негізде жасалған.
Жалпы жаңа сөз жасау деген ұғым негізінде шартты нəрсе.
Тірек етер негіз бар жерде ғана жаңа сөздер қатарын тізуге
болады. Ахаң да, Іслəм да осыны қатты ұстанған. Яғни жаңа
сөз, жаңа қолданыс тілде бұрыннан бар түпнегізге сүйенеді.
Іслəм аға қазақ тілінің сөзжасам заңдылығын терең білген.
Ахаңа көп сүйенген. Жаңа
жасалған термин сөздердің
қайсыбірін саралап көрелік. Мысалы, қазақ тілінде
зейнет
деген сөз бар, тіпті «Бейнет, бейнет түбі – зейнет» деп жа-
тамыз. Сондай-ақ біреудің
ақысын жеуге болмайды
деген
ұғымды əйгілеп тұрған «ақы» сөзін алыңыз. Міне, осы «зей-
нет» пен «ақы» сөзін біріктіру арқылы «зейнетақы» деген
керемет термин сөз жасалды. «Қаламақы» да дəл осы прин-
циппен жасалған.
Саябақ, тұсқағаз, орынтақ, жағажай,
Достарыңызбен бөлісу: