385
Атап айтсақ, іс-қағаз аталымдары мен түсініктерінің не-
гізгі құраушы көздері – ғылым, өндіріс, тұрмыс, əлеуметтік
сала аталымдарының өзі елеулі өгеріске ұшырап отыр жəне
іс-қағаз аталымдарының,
негізінен, əртүрлі сала аталымда-
рынан құралу жайы да, оның негізгі терминдері құрамын
дұрыс анықтап, көлемін шектей білуді жүктейді. Өйткені кез
келген арнайы сөздікте сол салаға қатысты деген терминдер
мейлінше толық іріктеліп қана қоймай, «аз керектіні көп
керексіздер арасынан іздеп», əуре болып, уақыт жоғалтпас
үшін онда басы артық бірде-бір термин болмауы шарт.
Екіншіден, о баста орыстық үлгіден көшіріліп алынған
іс-қағаз аталымдарының өзін жіктеп, жүйелемегелі де біраз
уақыт болды. Ал өмір өзгерістеріне аса сезімтал келетін, іс-
қағаз тілі үшін бұл өте маңызды болып табылады. Сондай-ақ,
қоғамдық қатынастардың күрт өзгеруі, іс-қағаз түсініктері
мен аталымдарының бір тобы – советизмдердің
тілдік
қолданыстан шығып, олардың орнын нарықтық қатынас
түсініктері басуын туғызды жəне бірқатар аталымдар табиғи
тұрғыда ескіріп, қолданылмайтын болып жүр. Бұл жайттар
да терминдік қатар құрамын қайта қарауды қажет етеді.
Үшіншіден, тілдік ахуалымыздағы жаңа жағдайға бай-
ланысты термин жасауға деген көзқарас, əдепкі даму
қажеттілігінен туындайтын, қатардағы ғана емес, түбегейлі
өзгеріске ұшырап отыр. Бұрын термин жасау ісі қалай
болса солай жəне орыстық нұсқасынан тікелей көшіріле
жүзеге асырылып, оның ғылыми негізді,
тіл ерекшіліктері
ескерілген жəне тірліктік дəйектелген тəсілдері жасалмай
келсе, енді ол – тілдік жəне тірліктік мүдделер үйлесімділігі
жан-жақты ойластырылған, өзіндік шешімді талап ететін,
дербес мəселеге айналды.
Əдетте, түстеп тізе берсе, əр саланың өзіне ғана
қатысты терминдер мен түсініктерінің өзі шексіз көп бо-
лады. Мəселен, немісше-орысша [1] жəне ағылшынша-
386
орысша [2] металлургиялық сөздіктерде 40 000 жəне 66 000
сөздер мен сөз тіркестері тіркелген екен. Əрине,
кез кел-
ген тілдің де, саланың да сөздік қоры түгелдей белсенді
тілдік айналыста болмайтыны сияқты, бұл сөздіктерде
келтірілген терминдердің бəрі де металлургияға тікелей
қатысты болғанымен, олардың қолданылу жиілігі жəне
сала ғылым-білімін дамыту,
таратудағы рөлі бірдей емес
екені анық. Аталмыш сөздіктер металлургия саласына
қатысты деген түсініктер мен атаулардың жалпы жиынының
«қоймасы» болып табылады, бірақ қолдануға тиімсіздігі
жəне сұраныссыздығы себепті, əрбір, арнайы мақсатты
сөздіктерде олардың бəрін бірдей келтіре беру міндетті
де, мүмкін де емес. Айталық, осы металлургияның негізгі
терминдері сөздігінде [3] 7 000-ға жуық қана терминдердің
түсіндірмесі берілген.
Ендеше, əр сала негізгі
терминдері қатарына сол
саланың өзіне ғана тəн, төл түсініктері мен аталымдарының
маңыздыларын, саланың түрлі, ғылым-білімдік, ресми
хаттарын жазуда өте-мөте жиі қолданылатын салааралық
жəне жалпықолданыстық (жалпығылымдық) аталымдар
жатқызылады. Термин түзу, сөздік жасау тірліктерінде, ең
əуелі, саланың негізгі терминдері құрамын дəл анықтау
қажет жəне оларды салаға қатысы жоқ деп айтуға болмай-
тын, мыңдаған терминдер дүрмегінен ажырата білу — аса
ыждахаттылықты талап етеді.
Ресми іс-қағаз тілін арнайы зерттеген Н.Ерғазиева
оның құраушы көздері ретінде кеңсе жəне
ресми хаттар,
əкімшілік-құқықтық, халықаралық қатынас, тауар өндірісі,
есеп-қисап, əскер түсініктерін, тұлғалар мен лауазым-
дар жəне мекеме, ұйым аттарын [4] көрсетеді. Біздің ойы-
мызша, бұл қатарды ə
леуметтік өмір, тарихи-саяси жəне
Достарыңызбен бөлісу: