75
Аудару кезінде қазақ тілінің
грамматикалық ерекшеліктері
қатаң сақталуы тиіс.
Веrіlіs – передача,
kopkіl – много-
угольник,
toqьma – текстиль,
təqіrіjbe – практика тəрізді
терминдерді түсініксіз ететін жасанды сөзжасамға үйір
болмаған жөн.
Жетінші тармақта былай деп көрсетіледі. Есім жəне
есімденген етістік түріндегі халықаралық (интернационал)
терминдер сол түрінде алынсын. Ал
-изация, -ификация,
-ация жұрнақтарымен келетін
машинизация, электрифика-
ция, объективация сөздеріне
қазақ жұрнақтары жалғанып
алынсын (
машиналандыру, электрлендіру, объективтену).
Ал
-ский, -ный жалғаулары арқылы жасалған анықта-
уыш сын есімдер қазақшасында қысқартылып
популар кітап
(популярная книга),
абсолют шама (абсолютная величи-
на),
буржуаз идеология (буржуазная идеология),
эктсен-
сив шаруашылық (экстенсивное хозяйство),
дифференциал
теңгерме (дифференциальное уравнение) түрінде алынуға
тиіс. Сондай-ак, түбір сөздің
к дыбысы
ч-ға айналып
-ский
жұрнағымен келетін сын есімдер жалғауы қазақшасында
қысқартылып
электр шам (электрическая лампа),
физика
география (физическая география) т.б. түрінде берілсін.
«Изолировать», «машинизировать» тəрізді есімнен бол-
ған етістік формалар қазақ тілінің жұрнақтары арқылы
изо-
ляциялау, машиналандыру деп аталсын.
Сегізінші тармақта халықаралық терминология тəжіри-
бесінде қолданылып жүрген кейбір
-ист, -изм тəрізді суф-
фикстер мен
ре-, син-, де-, ант-, контр- тəрізді сөзалды
префикстерінің қазақ тілінде
баламасы жоқ болғандықтан,
термин сөздермен бірге бұлар да қабылдансын, басқа қо-
сымшалардың бəрінде қазақша түрінде алу керек.
Тоғызыншы тармақта қысқарған сөздер жайы əңгіме бо-
лады,
авто, аэро, авиа т.б. қазақ сөздерімен біріктіріп
, ав-
Достарыңызбен бөлісу: