Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет22/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   124
Бірінші кезең XX ғасырдың 10-жылдары мен 30-жыл-
дардың екінші жартысындағы аралықты қамтиды. Бұл – тер-
минжасам процесінің бастапқы кезеңі. Əуелгі қалыптасу 
тұсында түрлі талас-тартыстардың, неше алуан бағыт-
бағдарлардың болғаны мəлім. Соған қарамастан, термин-
жасауда, негізінен, тіліміздің бар байлығын сарқа пайдала-
ну бағыты, басқаша айтқанда, терминдерді қазақыландыру 
бағыты басым болды. Бұл жерде, сөз жоқ, А. Байтұрсынұлы, 
М. Дулатов, Х. Досмұхамедов тəрізді тұлғалардың ықпалы 
зор болғаны көрінеді.
Екінші кезең 30–40-жылдарды қамтыды. Бұл кезде араб-
шылдар мен латыншылдар айтыса келе, кейінгілер жеңген, 
сөйтіп барып латынды тастап, кириллицаға ұласқан жыл-
дар еді. Бұл кезеңнің басты белгісі – интернационалдық 
терминдер мен орыс атауларын тілімізге түпнұсқадағы 
пішінін бұзбай, сол қалпында қабылдау болатын. Осының 
нəтижесінде тіпті қайсыбір қазақ сөздерінің өзін орыс-
ша мақаммен айтатын дəрежеге жеттік. Алфавитімізге тіл 
табиғатына тəн емес дыбыстар енгізілді, бөтен префикс пен 
жалғаулар енді. Емле ережелері осы бағытта түзілді.
Үшінші кезең ретінде 40-50-жылдар аралығын əңгіме-
леуге болады. Мұның термин қолданыста алдыңғы кезеңнен 
айырмасы шамалы. Негізінен, сол терминологиялық лек-
сикамызды интернационалдандыру, орыстандыру бағыты 
жүріп жатты. Бұл жылдардың ұлттық лексиканы дамытуға 
қосқан үлесі шамалы.
Төртінші кезең 50–70-жылдар аралығының үлесіне тие-
сілі. Бұл – қазақ зиялыларының соғыстан кейінгі жылдары 
еңсе көтеріп, рухани дүниемізді зерделей бастаған дəуірі. 
Газет, журналдарда қазақ мəдениетінің мəселелері кө-


теріліп, жазу-сызуымызға көңіл бөліне бастайды. Сол 
кездегі баспасөз материалдарынан көптеген интертер-
миндердің қазақша баламалары жасалып, орыс сөздері-
нің қазақша сөйлей бастағанын байқаймыз. Тіпті асы-
ра сілтеп те жіберген кездеріміз болды. Соған қара-
мастан, бұл өз тіл байлығымыздың қадіріне жете бастаған 
сəт есебінде бағаланды.
Бесінші кезеңге 70 жəне 90-жылдардың екінші жарты-
сына дейінгі аралықты жатқызуға болады. Бұл жылдардың 
ішінде болған сан алуан қоғамдық өзгерістер ыңғайына 
қарап, мұның өзін үш бөлікке жіктеп қараймыз. 
Алғашқысы – тоқырау жылдары атанып, тарихқа енген 
Брежнев заманы, екіншісі – қайта құру, үшіншісі – Кеңес 
Одағының құлап, Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының 
пайда болған заманға сəйкес туындаған тіл қозғалысы. Бұл 
құбылыстың əрқайсының тілде қалдырған өзіндік ізі бар. 
Əсіресе қайта құру мен тəуелсіздік туы желбіреген соңғы 
бес-он жылдың мемлекеттік тілімізге, оның ішінде қазақ 
терминологиясының қалыптасуы мен дамуына жасаған 
ықпалы ұшан-теңіз. Болашақ зерттеулер біздіңше осы 
кезеңдік сипат негізінде жүргізілгені мақұл деп ойлай-
мыз. Сонда ғана ғылым тілінің қалыптасу жолдарын нақты 
саралауға болады.


81


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет