82
келеді. Мысалы:
қада (qada) – вбивать, моңғолша осы-
лай
(хаdа); аң (ən) – зверь; бұқа (buqa), моңғ.
виха –
бык; жүрек (jіrеk, zиrеk) тəрізді сөздер түркі-моңғол
тілдерінің көбіне ортақ. Түркі тілдерінің кез келгенін осы-
лайша салғастырып қарар болсақ, ортақ түбірлерді мо-
лынан кездестіреміз. Ендеше, мұндай ортақ түбірлер
ортақ терминологиялық қор
жасауға итермелейтінін көре-
міз. Көптеген тілдердің терминологиялық лексикасын
қарастырғанда, осындай мүмкіндіктің бар екенін жəне
олардың күнделікті өмірде осылайша пайдаланылып келе
жатқанын да байқауға болады.
Түркі тілдерінің сөздік құрамында көне дəуірде енген
кірме сөздер бар екенін ғалымдар (Н. Баскаков) əңгімелеп
келеді. Мұны қазақ тілінің фактілері де растайды (Н. Сау-
ранбаев, С. Аманжолов).
Санскрит, көне иран жəне қытай
тілдерінің байырғы замандарда тілімізге еніп, сіңіп кеткен
сөздерін қазір айырып алу, əрине, оңай емес. Өйткені олар
барлық жағынан өзгеріп, өзгеше өріс тапқан сөздер. Əсіресе
санскрит элементтерін қазақ тілінен табу өте қиын.
Бұлар
түркі тілдеріне, негізінен, көне ұйғыр тілі арқылы ерте за-
манда енген тəрізді. Тек
сегі – сеru, sеrі (воин, войско) тəрізді
сөздерді ғана атауға болады.
Ал көне иран
кірме сөздерінің қатарына арна (аrnа) –
жер суландыру үшін жасалған үлкен канал,
кент (kent) –
қала,
бөз (bos) – мақтадан жасалған материал тəрізді т.б.
бірнеше сөз жатқызылып жүр.
Сондай-ақ, қазіргі қазақ тілінің құрамындағы
заң, шай,
шанақ сөздерінің бір кезде қытай тілінен ауысқанын бұл
күнде ескере де бермейміз. Бұлар, яғни санскрит, ескі иран
жəне қытай тілінің элементтері, өте көне дəуірлер
жемісі
болып есептеледі, бір сөзбен айтқанда, бұлар – көне дəуірде
пайда болған кірме сөздер.
Сөз алмасу процесі мұнымен шектелмеген. XІ–XV ға-
сырлар арасында түркі тілдері төртінші бір арна – араб,
парсы сөздері ислам дінінің таралуымен бірге алдымен
83
өзбек, татар тілдеріне тарайды да, содан кейін сол тілдер
арқылы сатылап қазақ тіліне жетеді.Олардың
басым көп-
шілігі діни, ғылыми, қоғамдық-саяси жəне түрлі шаруа-
шылыққа, ұсақ өндіріске, қолөнеріне қатысты термин сөздер
болып келеді. Сонымен қатар дерексіз ұғымдарды білдіре-
тін сөздер де баршылық.
Достарыңызбен бөлісу: