Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет21/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   124
тожол, автоқатынас, авиашана т.б. деп алынсын делінген.
Осы күнге дейін қазақша аудармасы беріліп келген дик-
татура, революция, совет, теория, практика, контррево-


76
люция, милитаризм тəрізді т.б. терминдер бұдан былай қарай 
аударылмай, сол халықаралық қолданыстағы қалпынша 
алынуы тиіс.
Оныншы тармақта өте маңызды мəселеге мəн беріледі. 
Атап айтқанда, Қазан төңкерісінен бері, əсіресе, орыс тілінің 
сөз жасау тəжірибесінде қолданылып келе жатқан біріккен 
күрделі сөздер мəселесі əңгіме болады. Саяси экономия 
(политэкономия), ауатком (райисполком) т.б. тəрізді жаңа 
тіркесім терминдер қазақ тілі заңдылығына орай жасалып, 
Мемтерминком бекіткен соң қолданысқа ендірілсін. Міне, 
ең алғаш түзіліп, басшылыққа ұсынылған терминжасам 
принциптерінің өзіндік осындай жетістіктерімен қатар, 
біраз кемшіліктерінің болғанын да жасырудың қажеті жоқ. 
Мəселен, кейбір халықаралық терминдер мен советизмдерді 
сөз еткенде қайсыбір жүйесіздіктер көзге түседі. Оның 
бер жағында, терминжасам процесіндегі қазақ тілінің өз 
мүмкіндігі жан-жақты ашылып айтылмайды. Сондай-ақ 
аударылсын деген сөздердің біразын аударудың керегі 
жоқтығы, ал түпнұсқадағы күйінде берілсін дейтін сөздердің 
қайсыбірінің тамаша баламасы бар екені көрінеді. Қысқасы, 
күні кешеге дейін бұл істе орыста қалай болса, солай алу керек 
деген пиғыл үстем болып келді. Соған қарамастан осындағы 
көрсетілген принцип алдағы терминжасам процесіне қызмет 
еткен құжат еді. Бұл принциптер күні кешеге дейін қаймағы 
бұзылмай, емле ережелеріне де енгізілді, барлық сөзжасам 
мен терминжасам процесінде қолданылып келді.
Терминжасам принциптері туралы сөз қозғағанда, біз 
А.Н. Самойловичтің, Н. Сауранбаевтың, Қ. Шəріповтің, 
М. Балақаевтың, С. Бəйішевтің
26
есімдерін еске аламыз. 
26
Самойлович А.Н. Разработка научной терминологии на языках тюркской 
системы // В кн.: Революция и письменность. 1936. №2; Шəріпов Қ. Терми-
нология принциптері туралы // Соц. Қазақстан, 1939, 27 желтоқсан, №297; 
Балақаев М. Термин жасау принциптері жөнінде // Ғылым академиясының 
Хабарлары, 1947; Бəйішев С. Қазақ тілінің терминологиясын жасаудың негізгі 
принциптері мен міндеттері. Терминология сөздігі. 1-кітап. Алматы, 1948; 
Халық мұғалімі, 1948. №5. 


77
Бұлардың да терминжасам процесіндегі ұстанған негізгі 
бағыты интернационалдық терминдерді жəне орыс тілінің 
атау сөздерін өзгертпей, сол қалпында қабылдау дегенге 
саяды.
50-жылдардағы баспасөз материалдарын қарап отырсақ, 
терминжасау ісінде кезеңіне лайықты аздаған өзгешіліктер 
кездеседі. Көптеген интертерминдердің қазақша балама-
сын (І. Жарылғапов, Ə. Сатыбалдиев, Р. Бердібаев) тауып, 
қолданысқа енгізе бастаған жандар болған. Бірақ мұндай 
бірен-саран əрекеттер кең өріс ала алған жоқ. Қазақ сөзін 
осылайша терминдендіру əрекеті 70-жылдарға дейін со-
зылып келді. Терминдердің жалпыхалықтық сипат ала 
бастаған тұсы кейінгі он жыл шамасы. Əсіресе, қайта құру 
кезеңі көптеген сөздеріміздің терминдік қызметін жандан-
дырып, қамалы бұзылмай сіресіп тұрған кірме сөздерді тіл 
заңдылығына сəйкестендіріп қабылдау бағыты қайта жан-
данды. Терминжасам процесінде əр алуан үлгілер өріс ала 
бастады. Қазақ тілінің мемлекеттік мəртебені иеленіп, ол 
Тіл туралы Заң мен Конституцияда заңдастырылуына орай 
термин шаруашылығындағы көптеген кемшіліктерді түзеу 
мүмкіндігі туды. Əсіресе терминжасам принципінен осы 
уақытқа дейінгі орын алып келген қайсыбір қисынсыз шарт-
тарды қайта қарау қажеттігі көрінді. Кезеңнің сұранысын 
дəл аңғарған ғалымның бірі – академик Ə.Т. Қайдаров. 
Ол «Қазақ тілі терминологиясына жаңаша көзқарас» де-
ген мақаласында қазіргі жағдайды баяндай келе, өзіндік 
11 принципті ұсынады. Сонау 35-жылдан бергі аралықта 
терминжасам принциптеріне азды-көпті көңіл бөлген бірен-
саран авторлар болмаса, ауыз толтырып айтарлық еңбек 
кездесе бермейтін. Сондықтан Ə.Қайдаров ұсынып отырған 
бұл принциптерге көңіл бөліңкіреген жөн сияқты. Олардың 
қысқаша мазмұны мынадай:
1. Мемлекеттік тіл тірегі – терминологияға мемлекеттік 
қамқорлық.
2. Терминжасам ісінде көрініс беріп жатқан бұқаралық 
үрдістің жақсы үлгілерін орнықтыру.


78
3. Байырғы лексикалық байлығымызды сарқа пайдалану.
4. Туысқан түркі тілдері тəжірибесін іске қосу.
5. Интернационалдық терминдерді қазақ тілінің фоно-
морфологиялық ерекшеліктеріне икемдеп алу.
6. Орыс тілінен (жалпы славян тілдерінен) енген термин-
дік атауларды мүмкін болғанынша қазақшаға аударып 
қолдану, аударуға келмейтіндерін қазақ тілінің фоно-мор-
фологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау.
7. Салалық күрделі терминдер мен атауларды қазақ 
тілінің өз негізінде алғашқы əріптері мен буындары бойын-
ша қысқартып пайдалануды заңдастыру.
8. Көп жылғы тəжірибе арқылы қалыптасқан дəстүр мен 
шарттылық заңдылығын мойындау.
9. Лексикалық байлығымызды салалық жүйе бойынша 
жіктеп, саралап пайдалану.
10. Тіліміздегі ұлттық жəне интернационалдық термин 
атаулардың сандық, сапалық салмағын табиғи қалпында 
сақтаудың жолдарын іздестіру.
11. Терминдер мен атаулардың емлесін тіл заңына, жазу 
дəстүріне сəйкес реттеу.
Əрине, бұл көрсетіліп отырған принциптер ешбір пікір-
талас тудырмайтын қағидалық дүние емес деп ойлай-
мыз. Сондықтан біз де бұл принциптер туралы ойымызды 
түйіндемекпіз. Біздің ойымызша, ең негізгілері деп үшінші, 
төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, он бірінші 
принциптерді айтуға болатын сияқты. Басқалары күнделікті 
қажеттілікке орай қатар жүргізіліп отыруға тиісті шаралар. 
Солардың ішінде үнемі күнделікті назарда тұратыны – өз 
байлығымызды сарқа пайдалану, түркі тілдері тəжірибесін 
ескеру, интертерминдерді тіл заңдылығына сəйкестендіріп 
қабылдау, дəстүр мен шарттылықты мойындау, атауларды 
қысқартып алу жайы, жазу дəстүрімізді сақтау тəрізділері. 
Терминжасам процесінде болып жататын ала-құлалықтар-
дың көбі осы шарттардың ескерілмеуінен, тіл заңдылығы-
ның аяқасты етілуінен деп білеміз. Заман талабы ескерілген 


79
бұл принциптер, сөз жоқ, қазақ тілінде термин реттеуге себі 
тиер игі үлгі. Мұндай жаңа үрдіс қазақ тілінің қайта жасалу-
ға тиісті емле ережелеріне енгізгені жөн. Қысқасы, осы 
тараудан байқалатынындай, қазақ тілінде терминжасау ісін 
шартты түрде бірнеше кезеңге бөліп қарауға болатын сияқты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет