87
тəрізді орыс сөздері
32
қолданылған екен. Осыған қарағанда,
қазақтар орыс
сөздерін ежелден-ақ пайдаланып, əжетіне
жарата бастаған деп түйін жасауға əбден болатын тəрізді.
Ендеше, мұның өзі арнайы ізденісті керек ететін құбылыс
деп шамалаймыз. Ал төңкерістен бұрынғы бұл процесс
XІX ғасырдың екінші жартысында тіпті үдей түскен.
Қазіргі лексикадағы ең өнімді де өрісті сала орыс тілінен
енген кірме
сөздерді негізінен екі кезеңге, яғни Қазан
төңкерісінен бұрынғы жəне содан кейінгі кезеңге бөліп қа-
рауға зерттеушілер келісетін сияқты. Ал бұл кезең өз алдына
тармақталып қарастырылуға тиіс. Əрине, орыс тілінен енген
сөздерді нақты мына уақытта мұншасы, ана уақытта аншасы
келді деп ашып айту қиын. Сондықтан зерттеушілердің көбі
жоба, жорамалмен шамалайды.
Ғ. Мұсабаев өзінің 1959 жылы шыққан «Современный
казахский язык»
33
деп аталатын еңбегінде төңкеріске дейінгі
орыс тілінен енген сөздерді үш кезеңге бөліп қараған.
Бірінші кезең XVІІ ғасырға дейінгі дəуірді қамтиды. Бұл
орыстар мен қазақтардың əлі қоян-қолтық араласа қоймаған,
шаруашылық-экономикалық байланыстың барлау,
бақылау
түрінде жүре бастаған кезі. Міне, сондықтан бұл кезде əлі
орыс сөздері тілімізге ене қойған жоқ болатын. Тек орыс-
тармен іргелес отырған маңдарда ғана аздаған ауыс-түйіс
болып жататын. Бұлар елеулі сипат ала алған жоқ.
Екінші кезең XVІІ ғасыр мен XІX ғасырдың екінші
жартысындағы аралықты қамтиды.
Бұл тұста тіларалық
қатынас қоныс аударушылармен арадағы қатынасқа орай
дамыған тəрізді. Оның үстіне, Қазақстанның Ресейге
қосылуы қазақ өміріне түбірлі өзгерістер əкелгені мəлім.
Орыстар мен қазақтар енді бұрынғыдай емес, шаруашылық-
экономикалық жағынан да, тіпті саяси байланыстылық
жағынан да араласа бастайды.
32
Исаев С. О роли русского языка и формировании казахской терминологии //
Прогрессивное влияние русского языка на казахский. Алма-Ата, 1965. С.96.
33
Мусабаев Г. Современный казахский язык: Лексика. Алма-Ата, 1959. .
88
Бұл аралықта қазақ тіліне, əсіресе,
ауылшаруашылық
құрал-саймандарына, үй іші жабдықтарына, əскери-əкімші-
лікке байланысты көптеген сөздер еніп үлгерді:
соқа, хутор,
поднос, генерал, пристав, майор, адвокат, шəйнек т.б. сөздер
сол кездерде-ақ тілімізге енген. Əйтсе де сөз қабылдаудың
бұл түрі қазақ тілінің заңдылығына ыңғайланып еніп жатты.
Үшінші кезең XІX ғасырдың екінші жартысынан баста-
лып, Қазан төңкерісіне дейін созылады. Бұл тұста қазақ елі
түгелімен Ресейге қосылып біткен болатын. Капитализмнің
дамуы, орыстар мен қазақтардың
арасындағы ақша айна-
лымы, мəдени байланыс, сауда-саттық жұмысы екі ел ара-
сындағы қарым-қатынасты күшейтті. Соның нəтижесінде
бұл кезеңде қазақ ұғымына тосын жаңа сөздердің біразы ене
бастады. Осы тұста игерілген орыс сөздерінің біразын ұлы
Абай туындыларынан да кездестіруге болады. Мысалы,
ар-
Достарыңызбен бөлісу: